Жаңа сабақтар

Натюрморт өнері

Сабақтың тақырыбы:

Натюрморт өнері

Мұғалімнің аты-жөні:Буйенбаева Акбота Адилкызы
СЫНЫП: 4 Қатысқан оқушылар саны: 8 Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары Натюрморт жөнінде мағлұмат беру арқылы оқушылардың ойлау,елестету қабілеттерін қалыптастыру
Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар Оқулық, суреттер, және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер «Алдын-ала берілген атаулар» әдісі, «Борт журналы»әдісі, «Жалғасын тап» әдісі, «Мұғалімге жеделхат» әдісі
Пәнаралық байланыс әдебиет, тарих,биология,көркем еңбек
Алдыңғы оқу Өткен тапсырмаларды тексеру
Сабақтың жоспары
Жоспарланған уақыт Сабақ барысы: Бағалау түрлері
Басталуы

3 минут

5 минут

Үй тапсырмасы

Ортасы

Ой тастау

2минут

https://i1.wp.com/arhivurokov.ru/kopilka/up/html/2018/05/03/k_5aeaaa58c6d96/468298_1.png?w=825&ssl=1Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу/ тексеріс жүргізу/ оқушылардың зейінін шоғырландыру.

  • Сабақ барысында керекті құрал жабдықтарын тексеру.

Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Гүлмен тілек» . Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет қол шапалақтаймыз!

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Көңіл – күйлерін білдіру үшін смайликтерді көрсетеді.

«Алдын-ала берілген атаулар» әдісі арқылы орындаймыз.

Бұл Тапсырманы дәптерге орындап келу.
1. Қандай ұлттық ою-өрнектерді білесіңдер?

2.Жан жануарлар тектес ою — өрнектер.
3.Қошқармүйіз,геометриялық оюларды қимылмен көрсет.

4.Ою-өрнектің шығу тарихы туралы айтып бер.

5.Симметрия дегеніміз не?

Қ.Б :бесбұрыш арқылы бағалау.

Түрлі-түсті гүлдер және смаликтер
«Натюрморт» туралы үзінді көрсету.

Балалар, мына видео роликке назар аударайықшы, нені көріп тұрсыңдар?

Оқушылар үзіндіден не туралы көргендерін айтады.

Мұғалім:Балалар, ондай болса бүгінгі біздің сабағымыз «Натюрморт өнері» болмақ және түрлі жұмыс түрлерін жасаймыз.

Видеоролик
Жаңа білім

10 минут

Білу және түсіну

Тапсырма№1. «Борт журналы» әдісі арқылы /Топтық жұмыс/

Ассоцация әдісі.Талқыланып қорғайды.

Жемістер

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Натюрморт өнері.

Натюрморт (француз. – өлі табиғат).Натюрморт – жансыз заттар мен әр түрлі бейнеленген көркем сурет құралымен орындалған көркем шығарма болып табылады.Натюрморт алғаш рет ХVІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болады. Голландиядағы суретшілердің натюрморттары ерекше мазмұнға ие. Алғашында оларда адамдар бірге бейнеленетін, бірақ көрерменнің назары негізінен адамдарға емес, жансыз заттарға ауысты. Натюрморттың жемістер мен гүлдерді, тұрмыстық керек-жарақтар, музыкалық аспаптар түрлері өркендей бастайды.

Оқулық,

мәтіндер.

Ассоцация құрады,

қорғайды

15 минут Қолдану

Тапсырма №2 Сурет салу. / жеке жұмыс/

Практикалық жұмыстарға кіріспес бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

Натюрмортты салмас бұрын суретші орналастыру жағын қарастырады.

Салынатын натюрморттың нұсқасы қойылады.
• Қағазға орналастыру заңдылықтары түсіндіріледі.
• Әр заттың түсіне сәйкістендіріп жарық көлеңкесін ажыратып бояймыз.

Әр топқа әртүрлі заттың суреті (боялмған,әртүрлі пішінді суреттер)бейнеленген суреттер және А3 форматты қағаз таратылады.

Берілген суреттерді қиып қағазға дұрыс орналастырып желімдеу және бояу талап етіледі.

Қағаз бетіне заттарды дұрыс орналастырып болғаннан кейінбір-біріне өз идеяларын айтып, топпен қорғайды.

Қ.Б: «Екі жұлдыз,бір тілек » арқылы бағалайды.

А3 формат қағаз және қарындаш
Сергіту сәті

1 минут

Оқушылар жаттығу жасайды.
Аяқталуы

Сабақты бекіту

2 минут

Тапсырма №3 «Жалғасын тап…….» әдісі арқылы /жеке жұмыс/

1.Қандай ақпарат сендерге пайдалы болды? Маған осы сабақта………….

2. Тақырыпты зерделеу барысында алған білімдерің болашақта қажет бола ма? Ия,әрине,себебі………………….

  • Дескриптор:
    1. Пайдалы ақпараттарын айтады
    2. Зерделеу жұмыс жасайды
    3. Ойларын айтып жеткізеді

Қ.Б: «Отшашу» арқылы бағалайды.

Кері байланыс

2 минут

«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.

  • Бүгін мен____________ білдім.
  • Мен үшін ____________ қызықты болды.
  • Маған __________ тапсырма орындау оңай болды.
  • ……қиындық тудырды.
  • менің түсінгенім…..
Үйге тапсырма: Өздеріне ұнаған жемістің суретін салып келу
Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?

Оқушылар үлгермей немесе түсінбей жатқан жағдайда көмек қолын созамын.

Бағалау — Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Бесбұрыш ,қошемет,екіжұлдыз-бір тілек,отшашу арқылы бағалаймын.

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Сергіту сәтін өткіземін.

Еңбек қауіпсіздігін сақтау ережелерін қайталаймыз.

Оқушыларға үйге тапсырма беріледі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.