Жаңа сабақтар

Асыл анашым!

Манғыстау облысы, Ақтау қаласы «№ 39 балабақша» ММ
Балабақша тəрбиешісі
Узбекбаева Кундуз Нурниязовна

Тақырыбы: Асыл анашым!
Балалар әуен жегінде келіп билеп кетеді.
Жүргізуші: Армысыздар, ақ жаулықты әжелер, ардақты да аяулы аналар, сымбатты қыздар! Балабақша қызметкерлері! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті.

Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғанған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.
Армысың ару қыздар, абзал ана,
Анаға тең келетін барма дана.
Мерекеңіз бүгінгі құтты болсын,
Қуанышпен құшағың гүлге толсын.
Балаға ең жақын жан сіздер ана!
Сіздерді ең әдемі, ең көңілді, ең қуанышты күн – 8 наурызбен
Бәрі: Құттықтаймыз!
Жүргізуші: Құрметті аналар! Балаларыңыздың ән – сәлемін қабыл алыңыздар.
Ән: “Cыйлайыншы гүлімді”
Жеке тақпақтар
Жүргізуші: Қар, мұз, еріп,
Су көбейіп
Сай салада ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашты,
Жер гүл шашақ тағады.
Айтыңдаршы бөбектерім,
Бұл қай кезде болады? /көктем/
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар көктемде.
-Балалар олай болса көктем мезгілінің айларын атап беріңдерші.
Балалар: наурыз, сәуір, мамыр.
-Өте дұрыс айтасыңдар.
Әуен жетегімен көктем келеді.
Көктем: Наурыз айы көктеммін,
Күлімдеп күмбез көкте күн.
Жайқалған жасыл жанға,
Жылулық нұрын төккен күн.
-Сәлеметсіздер ме, балалар, апайлар, аналар! Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Жүргізуші: Рахмет Көктем! Қош келдіңіз, төрден орын алыңыз.
Алақай, балалар,
Қандай жақсы көктемгі ай!
Келді ауылға көп торғай.
Ән: «Көктем»
Би: Қуыршақпен би
Көктем: Рахмет балалар, өнерлерің үстем болсын. Тақпақтардың, әндерің қандай тамашы, маған ұнады.
Әуен жетегімен Қызыл телпек келеді.
-Балалар, мен балабақшадан жақсы әуендер естідім де кіре кетуді жөн көрдім, мені анам әжеме жұмсаған болатын. Мен оны сүйіп, құшақтап, мерекелік сыйлық беріп қайтуым керек./өзінің себетін көрсетеді/.
Жүргізуші: Әжеңді міндетті түрде мерекесімен құттықтауың керек.
Бірақ ұзақ жолдан шаршайсың, кішкене деміңді басып ал.
Қызыл телпек: Балалар, сендер тақпақ айта аласыңдар ма? Мен әжеме тақпақ жаттап үлгере алмадым.
Жүргізуші: Қызыл телпек онда мұқият тыңда. Мүмкін есіңде сақтап қаларасың, әжеңе де айтып берерсің.
Жеке тақпақтар
Би: «Күлімде»
Осы кезде қасқыр кіріп келеді де, Қызыл телпекке тап береді.
Қасқыр: Оны құлағынан бұрап
-Ах, сені қайда десем, мында екенсің ғой? Сенің әжең екі көзі төрт болып сені әздеп, алаңдап жатыр және өзімде сені аңдимын деп қарным ашып кетті.
Қызыл телпек: Балалар, құтқарыңдар, қасқыр менің әжемді де, мені де жеп қояды.
Жүргізуші: Қызыл телпек,ештеңеден қорықпа. Біз сені ренжітпейміз,әрине құтқарып аламыз.
Жүргізуші: қасқырға қарап. Тыңдашы қасқыр достым, саған осындай күнде орманнан түскі ас іздеп неге керек? Бізбен бірге қал, біз сенің көңіл күйіңді көтереміз, тамақтандырамыз, біздің тамағымыз дәмді де, тәтті де өкінбейсің.
Қасқыр: Әрине неге қонақ болмасқа. Ал сендер не істей аласыңдар?
Сендер кішкентайсыңдар, өмірді әлі түсінбейсіңдерғой. Мен қәзір сендермен бірге ойын ойнасам ба деп тұрмын.
Жүргізуші: Әрине Қасеке, ойнасақ ойнайық. Біздің балалар дайын. Балалар ойын ойнаймыз ба?
Балалар: Ойнаймыз.
Ойын: «Қасқыр мен балалар»
Қасқыр: Ойынның шарты мынадай. Мен әдемі музыка ырғағымен ұйқыға кетемін. Сол уақытта сендер аяқтарың ұшымен ақырын шеңбер бойымен жүгіресіңдер. Мен оянып қалсам, бәріңді қуамын. Кім орнына жетіп үлгермесе соны жеп қоямын. Ойын шарты түсінікті ме?
Балалар: Түсінікті.
Қасқыр: Мәссаған, өздері кіп-кішкентай, бірақ тез қимылдайды. Сендер маған ұнадыңдар.
-Ойын ұнады ма балалар? /ойын қайталанады/
Қасқыр: міне тамаша, мен енді ешкімді ренжітпеймін.
Жүргізуші: Әрине, олар өздерін ренжітпеймін ұнатпайды, бірақ олар өздерінің аналары сияқты сүйкімді нәзік.
Ән: «Әжеме»
Би: «Кір жуу»
Қызыл телпек: Қасеке білесің бе, біздің қыздар аналарына қол ұшын беріп, ылғи көмектеседі.
Қасқыр: Әй қайдан. Енді бұл сөзіңе сенбеймін.
Қызыл телпек: Қандай тамаша балалар, қазір өзің қара ойыншықтарды қалай жинайды.
Ойын: «Ойыншықтарды жинау»
Ойынның шарты: Балалар екіге бөлінеді. Ойыншықтар араластырылып қойылады.
Музыка ойнағанда бірінші топ қуыршақтарды, екінші топ машиналарды т.б. ойыншықтарды жинау керек.
Қасқыр: Міне керемет! Мынадай кішкентай көмекшісі бар аналарға өмір сүру жеңіл шығар.
Жүргізуші: Көріп тұрмын, татуласқан секілдісіңдер. Сен Қасқыр сондай үлкен әрі мықтысың Қызыл телпекті қорғап жүруің керек.
Қасқыр: Мен аналар мен әжелердің көңіл күйін бұзудың, кішкентайларды ренжітудің ешбір қажет еместігін түсінген секілдім.
Жүргізуші: Қасеке сен орманда ештеңеден қорықпайсың. Әрі мықтысың. Барлығы сенен қорқады. Келістікпе Қасеке.
Қасқыр: Мерекелерізбен аналар! Көңіл- күйлеріңіз көтеріңкі болсын, ренжімеңіздер,уайымдамаңыздар.
Қызыл телпек: Баршаңызды мерекемен тағы да құттықтаймын, әрқашан жүздеріңізден күлкі кетпесін! Аяулы да ардақты болып жүре беріңіздер!
Екеуі: Біз орманға кеттік.
Жүргізуші: Аналар, қалқып бақыт аралына,
Лайың мұң қонбасын жанарыңа.
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа, — дей отырып, бүгінгі «Асыл анашым» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сау болыңыздар.

Кейіпкерлер: Жүргізуші- Топ тәрбиешісі
Көктем- Жапырақ.
Қызыл телпек- Янсұлу.
Қасқыр- Бағира

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.