Жаңа сабақтар

Жаңартылған білім мазмұны — жаңашылдық бастауы

Тұрабаева Майра Кеңесбекқызы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Тарих пәнінің мұғалімі

Оқушы: 10- сынып Қасымов Абзал

Тәуелсіз мемлекетіміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылу бағытындағы түбегейлі мақсаты-қоғамымыздың барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа міндеттерді жүктейді.Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына сәйкес білім мазмұнын жаңарту-бүгінгі күнгі өзекті мәселенің бірі.Заман талабына сәйкес өскелең ұрпақты әлемдік жаһандану үрдісіне сай оқыту мен тәрбиелеу — ұстаз қауымының басты міндеті.Жаңартылған білім мазмұнының басты ұстанымы — бәсекелестікке қабілеті мол,шығармашылық бағытта еңбектенетін,ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.

Жас ұрпақты сапалы біліммен қаруландыру-ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады.Бүгінгі мектеп партасында тәлім алған бүлдіршін-ертеңгі елдің тірегі,болашағы.Олардың сапалы білім алуын қамтамасыз ететін басты тұлға-білімді де білікті маман.Оқушы өзі ізденуші,бір-біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы. Жаңартылған білім мазмұнының басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы жүзеге асады.

Әр ұстаз-өз сабағының үйлестірушісі, көшбасшысы. Сабақ үдерісінде оқушының сыни пікірлерін жүзеге асырып,өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға ықпал етіп,бір-біріне тиімді кері байланыстар беруге дағдыландыру арқылы оқушы белсенділігін арттыруға ықпал етеді.Әр сабақты жүйелі мақсатпен жүргізу-сабақ тиімділігін арттырады.Жаңаша білім мазмұны арқылы өтілген сабақтарда баланың жас ерекшелігін ескеру-басты қағидаттардың бірі.Сабақта оқушылардың тақырып бойнынша өз ойларын білдіруі,пікір алмасуы диалог арқылы жүзеге асады.Топтық әдістерді қолданғанда оқушылардың бір-бірімен ақылдасуы,бір-бірінің пікірлерін тыңдай отырып интерпретация жасауы,-оқушы белсенділігін арттыруға оң ықпалын тигізеді.Оқушыларға ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдана отырып,сабақ өткізу және интербелсенді тақтамен жұмыс жүргізу баланың сабаққа қызығушылығын арттыра түседі.Тәжірибе барысында білім алушыларға оқу үшін бағалау меноқытуды бағалауды үйрету өте маңызды қадам болды.Оқушылар жаңаша бағалауға қызыға қарайды.Оқушылар бір-бірінің жұмыстарына талдау жасай отырып,сыни пікір айтуға дағдыланады.Бағалауда оқушылар өз-өздерін,бір-бірін бағалауды,топтық,жұптық бағалау түрлерін меңгереді.Нәтижесінде оқушылар топпен жұмысты меңгереді,бір-бірінің пікірлерінің құнды екенін сезініп,сыйласымдыққа,ынтымақтастыққа үйренді.Өз ойларын еркін жеткізіп,бағалау критерийлерін қолдану арқылы үлгерім деңгейлерін шынайы,ашық айқындай алды.

Осы қағидалар негізінде сабақты қазіргі заман талабына сай жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу-оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып,өз сұрағына өзі жауап іздеп жан-жақты білім алуына көмектеседі.

Әр уақыта бала білімін алға қоюшы жаңашыл ұстаз қауымы үлкен көрсеткішке қол жеткізу үшін талмай талаптанып,шаршамай еңбектенеді. Жаңартылған білім беру мазмұны-ізденімпаз ұстазды жаңашылдыққа ,шығармашылыққа жетелейтін жарқын жол.Инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та,олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады.Сондықтан оқушылардыңынтасын арттыруға арналған стратегиялар мен әдістемелік құралдардың жүйесі әр мұғалімнен оларды терең игеруін,іске асыруын және соған сай іскерлікті талап етеді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.