Жаңа сабақтар, Жаңалықтар

«Нұр-Сұлтан — Елдік пен мемлекеттіліктің жаңа бренді»

«Нұр-Сұлтан — Елдік пен мемлекеттіліктің жаңа бренді»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ

Мемлекетіміздің іргетасын қалаушысы, еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев өзінің салиқалы басшылығымен тәуелсіздік туын биікке көтерді. Ата заңымызды, рәміздерімізді, шекарамызды және рухани құндылықтарымызды қастерлей отырып мемлекетіміздің абыройын асқақтату жолында тарихи бастамаларды жүзеге асырды.

Егемендігіміздің негізін қалаушы біздің Тұңғыш Президентіміз — барша қазақстандықтар мойындаған және халықаралық қоғамдастық тарапынан құрметке ие болған ұлы тұлға.

Қазіргі Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп қайта өзгерту туралы ұсынысты қазақ елі бірауыздан қолдады. Елбасымыздың есімін осылай ұлықтау біз үшін асқан мәртебе және қуаныш. Тәуелсіз мемлекеттің құрылысын салып, шаңырағын көтеріп, әлемге танытып берген Нұрсұлтан Әбішұлына келер ұрпақтың қай толқындары да алғыс айтары анық.

Қазақстан – Нұрсұлтан – Астана есімдері бір тұтас әлемге айналған. Алыс – жақын шет елдер де бұл ұғымдарды бір –бірінен бөле жарып қарамайды, бұлар бірін-бірі толықтырып тұрады.

Астанамыздың Нұрсұлтан аталуы – тарихи шешім, халық ықыласының марапаты.

Ұйымдастырушы: «BILIMNUR» республикалық басылым редакциясы

Мақсаты: «Нұр-Сұлтан — Елдік пен мемлекеттіліктің жаңа бренді» тақырыбында шығармашылық жұмыстарды жариялау

Байқауға қатысушылар: Білім беру мекемелері, орта білім беру мекемелері, бастауыш, орта және кәсіби білім беру мекемелері, балаларға арналған қосымша білім беру мекемелерінің педагогтері, мектепке дейінгі және балабақша тәрбиешілері мен тәлімгерлері қатысуына болады.

Байқау шарты:
1.«Нұр-Сұлтан — Елдік пен мемлекеттіліктің жаңа бренді» тақырыбында шығармашылық эссе немесе мақала немесе сабақ материалын жазу.
2. Байқау тақырыбына байланысты оқушы шығармашылығы. Оқушы саны шектелмеген.
Шығармашылық жұмыс дегеніміз: Көркем сөз оқу, жазу, сурет салу, арнайы тақырыптық фото коллаж, презентация т.б жұмыстары.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 28.03.2019 ж — 19.04.2019 ж.

Байқаудың қорытынды құжаттары: 
1. Қатысушы сертификаты.
2. Қатысушы дипломы.
3. "ULAGATTY USTAZ" төсбелгісі және куәлігі
4. «Нұр-Сұлтан Елдік пен мемлекеттіліктің жаңа бренді» топтама жинақ
5. Материалдың сайтта жарияланым сертификаты
6. Оқушы шығармалары сайтта жарияланады. Алғыс хат, диплом беріледі.

«Нұр-Сұлтан
Елдік пен мемлекеттіліктің жаңа бренді»

ТОПТАМА ЖИНАҚ

  • Республикалық байқау  қатысушыларына «ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ — ULAǴATTY USTAZ» төсбелгісі беріледі.

«ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ — ULAǴATTY USTAZ» төсбелгісі нәтижелі жұмысқа ынталандыру, ұстаздардың, авторлардың жемісті қызметіне, шығармашылық еңбегіне редакция тарапынан ілтипат сезімін білдіру болып табылады. Марапаттау ұжым мен көпшіліктің ризашылығынан туындаған алғыс білдірудің нышаны және қызметкердің кәсіби шеберлігіне тәнті болудың белгісі.
Әрине көпшілік марапатына ие болу мен сол марапатқа лайық деп танылудың өзі марапатталушыға ерекше шабыт сыйлайды. Атқарылған қызметінің рухани бағасын сезініп, кәсіби деңгейін биіктетеді.
Әрбір мекеменің өз дәрежесі мен қызмет саласына сай марапаттау жүргізуі өмір талабы. Республикалық 45minut.kz, BILIMNUR басылымдары ұстаздарға қызмет ететін редакция және ұстаздарды БАҚ бағытындағы шығармашылық еңбектерін бағалай алады.
Ұстаздардың кәсіби және ұстаздық қызметін бағалау ҚР БҒМ және білім бөлімдерінің еншісінде.

Қатысу жарнасы: 10 000 (Он мың) тенге. Байланыс үшін: 8 777 055 0590 Whatsapp

Шығармашылық жұмыстар  bilimnur@bk.ru  электронды почтаcына қабылданады.

Төлем реквизиті:   ИП Нагиев      ИИН: 7505053000 20
Назначение платежа: За конкурс. БИК: HSBKKZKX Кбе 19, КНП 851
KZ 9160 1000 2108 6210 63 АО «Народный Банк Казахстан»

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.