Жаңа сабақтар

Негізгі және туынды етістік

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

№10 жалпы білім беру орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Серикова Саттигул Кошахановна

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды етістік

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Атақты тұлғалар»Күні:

Сынып:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: .

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Негізгі және туынды етістік
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.1.1 тыңдалған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/ етістікті анықтау.

Сабақтыңмақсаттары Оқушылардың барлығы:

-мұғалімнің қолдауымен тыңдалған материал бойынша тірек сөздерді белгілеп, ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;

— мұғалімнің көмегімен түрлі дереккөздерден берілген тақырып бойынша ақпаратты табады және ақпаратта кездескен жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашады;

-үлгі бойынша негізгі және туынды етістікті ажырата алады.

Оқушылардың көпшілігі:

— тыңдалған материал бойынша тірек сөздерді белгілеп, мұғалімнің қолдауымен ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;

— түрлі дереккөздерден берілген тақырып бойынша ақпаратты табады және ақпаратта кездескен жаңа сөздердің мағынасын мұғалімнің көмегімен сөздіктерді пайдаланып ашады;

— ережеге сүйеніп негізгі және туынды етістікті ажырата алады.

Оқушылардың кейбірі:

— тыңдалған материал бойынша тірек сөздерді белгілеп, ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;

-түрлі дереккөздерден берілген тақырып бойынша ақпаратты табады және ақпаратта кездескен жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашады;

— негізгі және туынды етістікті ажырата алады.

Бағалаукритерийлері – тірексөздердібелгілейалады, сұрақтарғажауапбереді;

– cөздердіңмағынасынашады;

– негізгіжәнетуындыетістіктердіанықтайды.

Сөздік қор Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Геолог, кен байлығы, пайдалы қазбалар.

Құндылықтар Бір-бірінің жауаптарын тыңдау мәдениетіне көңіл бөлінеді.

Өзара көмектесуге, бірлесіп жұмыс жасай білуге баулу

Пәнаралық байланыстар «Дүниетану» пәні.
АКТ қолданудағдылары
Бастапқыбілім Туынды етістіктің жасалу жолдарын біледі.
Сабақтың барысы
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

  1. мин
(Ж)Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың «Шоқан Уәлихановтың естелігі» мәтініндегі Шоқанның барған аймақтарын ретімен жазғандары, етістіктердің теріліп жазылғаны берілген үлгі бойынша өзара тексеріліп, «Өте жақсы!», «Жақсы!», «Талпын!» сияқты қысқа комментарий сөздерімен бағаланады.

Үлгі:

  1. Жонғария, Құлжа, Алакөлден Тянь-Шаньға дейін.
  2. Болдым, бастаған, қатыстым, тұрдым, болып, көріп үлгердім.

«Өте жақсы!» — толық жазылған.

«Жақсы!» — кем дегенде екі аймақ және төрт етістік жазылған.

«Талпын!» — бір ғана аймақ және үш етістік жазылған.

Сабақтың мақсатын хабарлау.

Сабақтың ортасы

8 мин

1мин

12 мин

  1. мин

4 мин

3.2.5.1 (Ө; Т) Жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу.

Оқушылар алдымен Қаныш Сәтбаевтың сөзі берілген мәтінді (қосымшада) өздігінен іштей оқиды. Артынан бір балаға оқытып, не түсінгендері сұралады.

  • Бұлсөздікімайтқан?
  • Сәтбаевтуралыестігендерің бар ма?
  • Не білесіңдер?
  • Мәтінде қарамен берілген сөздердің мағынасын кім біледі?
  • «Геолог»дегенсөз не білдіруімүмкін?
  • Қазақтілініңсөзіме?
  • Неге олайойлайсыңдар?
  • Дәлелдеңдер.
  • «Борыш» деген сөз нені білдіреді?
  • Синонимдерінатайаласыңдарма?
  • «Қор»дегенсөзініңмағынасы не?
  • Кен байлыққа не жатады?
  • Олқайдаболады?
  • Оқушылар ойларын айтқан соң, түсіндірме сөздік таратылып, қарамен берілген сөздердің мағынасын анықтап, алдында айтылған ойларының қаншалықты дұрыс екендігіне көз жеткізеді.

(Ө) Көркем жазу: ф ф портфель фильм светофор

  • (Ө;Ж;Ұ;Қ) Мәтінмен жұмыс.

Оқушылар мәтінді тыңдайды. Мұғалім алдын ала мәтінді өз даусымен жазып қойған аудиотаспадан тыңдатады немесе мәтінді оқып береді (қажет болған жағдайда мәтін екі рет тыңдатылады/оқып беріледі). Мәтінді тыңдатпас/оқымас бұрын нұсқаулық беріледі:

  • мәтінді тыңдап болған соң қойылатын сұрақтарға жауап беру үшін мәтінді мұқият тыңдау;
  • тыңдау барысында 2 тірек сөзді жазып алу.

Алдын ала тірек сөздер жазылған сөздер қатары оқушыларға көрсетіледі. Оқушылар жазып алған тірек сөздері тақтағымен салыстырылады, қажет болғанда, тізімде жоқ сөздер толықтырылып жазылады. Содан соң әр жұпқа алдын ала қағазға басылған ашық және жабық сұрақтар беріледі (қима қағаздар теріс жағымен партаға қойылады). Тыңдалым аяқталған соң әр жұп өзінің сұрағын ашып, жауап береді (кеңесіп алуға уақыт беріледі). Жауап бере алмаған жағдайда басқа жұпқа жауап беруге мүмкіндік беріледі. Ешбір жұп дұрыс жауап бермегенде, ол сұрақ тақтаға ілінеді де. Жұмыс аяқталған соң мәтін қайта тыңдалып, жауап алынады.

  • Ербол «Дүниетану» пәнін неліктен ұнатады деп ойлайсыңдар?
  • Ерболға әсіресе не туралы оқыған ұнайды?
  • Қандай жағдайдан кейін Ерболдың картаға деген қызығушылығы арта түсті?
  • Ербол Қазақстандағы қай қаланың атауына назарын аударды?
  • Ербол кітап оқып отырып, есіне нені түсірді?
  • Ерболдың ойында қандай сұрақ пайда болды?
  • Ербол сұрағына жауапты қайдан іздеді?
  • Ерболды қандай бала деуге болады?
  • Геолог мамандығы болмағанда не болар еді?
  • Неліктен адамдарға ескерткіш орнатылады?

3.2.5.1 (Т) Дереккөздермен жұмыс.

Оқушыларды топтастырып, ресурспен (қосымшада) жұмыс жасауға мүмкіндік беріледі. Алдымен жеке топтардағы оқушыларға мәліметті ортаға салу ұсынылады. Әр суретте бейнеленген зат жан-жақты қарастырылып, талдап алғаннан кейін әр топ ойларын сыныпта айтады. Алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздер тақтаға жазылады.

Минерал тас, қыстау, мұғалімдер семинариясы, геологиялық-барлау, минералдар.

Әр топқа бір сөздің мағынасын түсіндірме сөздіктер арқылы ашу тапсырылады.

Сергіту сәті. Іс-қымылдар жасату арқылы «Негізгі және туынды» етістіктер қайталанады.

Негізгі етістік аталса – екі қолды жоғары көтеріп, созылу.

Туынды етістік аталса – отыру.

(Иіскеу, тұру, елестеу, жазу, ішті, армандау т.с.с.)

(Ө;Ж;Қ)Туынды етістіктің жасалу жолдарын қайталау.

Оқушылар іштерінен мәтінді бір оқып алады. Тақтаға «көз», «жария», «арман», «дос», «көмек», «қол» деген сөздері алдын ала жазылып қойылады, оқушылар тапсырманы орындауға қиналған жағдайда алдымен тақтада сөз етістік тудырушы жұрнақтарды жалғап туынды етістіктер жасап алады. Ауызша жұмыс жасалып болғаннан кейін тапсырманы өздігінен орындайды. Жұмысты тексеріп, қателер болса, өздеріне түзетуге мүмкіндік жасалады.

Дифференциация: жекелеген оқушылардан туынды етістіктер қандай сөз таптарынан жасалғанын сұрап, басқа да мысалдар келтіру тапсырмасы беріледі.

Сабақтыңсоңы

3 мин

Сабақтың мақсатына оралып, қорытынды жасалады.

(Ө; Қ)

Үйге тапсырма: Дереккөздерді пайдаланып, Қазақстан жерінде Қаныш Сәтбаев есімімен аталған жер, мекемелер туралы ақпарат іздестіру. Сынаптастарыңмен бөлісу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сабақ бойында сөйлем құруға, айтылымға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету. Жекелеген оқушылардан туынды етістіктер қандай сөз таптарынан жасалғанын сұрап, басқа да мысалдар келтіру тапсырмасы беріледі. «Өте жақсы!», «Жақсы!», «Талпын!» сияқты қысқа комментарий сөздерімен өзара бағалау. Оқушылардың жұмыстарын бақылау арқылы бағалау. Комментарий арқылы ауызша кері байланыс беріп бағалау. Сергіту сәті мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушыныңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.