Жаңа сабақтар

Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмас ы

Қостанай облысы Науырзым ауданы Қарамеңді селосы

Жамбыл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Ташмагамбетова Гулбану Жумабековна

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ:

Сынып: 8

Пәні: қазақ әдебиеті

Мектеп: Жамбыл орта мектебі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Ташмагамбетова Гүлбану Жумабековна
Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 8.Т/Ж 1. әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау;

8.А/И 2. шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау;

8.Б/С 3. шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу

Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады:
Көркем шығарманың жанрын табады, мазмұнын баяндайды
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Поэмадағы автор қолданысындағы көркемдегіш құралдардарды талдап көрсетеді. Сюжеттік құрылымын анықтайды
Кейбір оқушылар орындай алады:
Поэмадағы сын-пікірлерді талдай отыра, өзіндік сыни пікір құрастырып жазады.
Ойлау деңгейлері Білу, түсіну, қолдану,талдау, жинақтау, бағалау
Бағалау критерийі
  1. Көркем шығарманың жанрын анықтап, мазмұнын түсінеді,сюжеттік құрылымын анықтайды;
  2. Көркемдегіш құралдарды жіктеп, талдап көрсетеді;
  3. Әдеби сын-пікірлерге сүйене өз пікірін құрастырып жазады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады:

Шығарма жанрын сұрақтар арқылы аша алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

психологиялық паралеллизм, гротеск, перифраз.

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Киелі құс, ауру бала, ана махаббаты, Жетімкөл табиғаты

Талқылауға арналған сұрақтар:

Ананың балаға деген махаббаты шексіз ?

Аққуға кезенерде, ырым жасап,
Тым құрса саусағыңды қанаттың ба?-деген қарт пікірін қалай түсінесің?
Аққудың киелігі неде ?

Сабақта қамтылатын

құндылықтар

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау.

Дұрыс шешім қабылдау.

Қарым-қатынас жасау қабілеті, жауапкершілік.

Айналадағыларға қамқорлық.

Пәнаралық байланыс Музыка, география
Алдыңғы оқу Өткен тақырыппен байланыс
Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер бағалау ресурстар
Сабақтың басы

7 минут

Сабақтың ортасы

10 минут

7 минут

10 минут

Қызығушылықты ояту. Сынып ахуалын «Комплименттер бұрқасыны» атты ширатумен бастаймыз.

3 топқа берілген пазлдарды жинақтау арқылы бөлінеміз.

1 топ- ана;

2 топ- бала;

3 топ- аққу.

ҰЖ.Ой қозғау. «Миға шабуыл». Мынау кім, бұл кісі жайлы не білесіңдер?

Қандай өлең және поэмаларын білесің?

Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін тыңдайық. Тақтада берілген сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттарымен таныстырып кету

1 тапсырма. ТЖ. Мәтінмен жұмыс.

«Аялдамадағы бекет» әдісінің орындау алгоритмі түсіндіріледі.

1 топ.

Шығарманы мұқият оқып, жанрын,оқиғаның (эпилогын) басын, байланысын постер негізінде түсіндіруі керек. Әр топ тапсырма орындалған постер мазмұнын келесі топқа түсіндіреді.

ІІ топ.Шығарманы мұқият оқып, жанрын, оқиғаның дамуын, шиленісуін постер негізінде түсіндіруі керек. Әр топ тапсырма орындалған постер мазмұнын келесі топқа түсіндіреді.

ІІІ топ. Шығарманы мұқият оқып, жанрын, оқиғаның шарықтау шегін, шешімін постер негізінде түсіндіруі керек. Әр топ тапсырма орындалған постер мазмұнын келесі топқа түсіндіреді.

2 тапсырма. ЖЖ.ТЖ.

«Ойлан, жұптас, бөліс» стратегиясының орындау алгоритмі түсіндіріледі.

Оқулықпен жұмыс, дәптерге орныдау. Поэмада ақын тілімен берілген көркемдегіш құралдарға анықтамасын сәікестендіру және поэма үзіндісінен тауып жаз.

Көркемдегіш құралдар Анықтамасы Поэмадан үзінді
1. Психологиялық паралеллизм Адам бойындағы ішкі күйініш, сүйінішін, табиғатпен, жан-жануарлар дүниесімен салыстыра суреттеу.Екі құбылысты салыстыру.
2. перифраз Құбылыс пен заттың атын атамай, айрықша белгі қасиеттеріне негіздей отыра ауыстыру тәсілі
3 Теңеу Заттың, құбылыстың ерекше белгілерін белгілерін көрсетпей –ақ , басқа затпен, салыстыра суреттеу.
4 ирония Адамға сырттай жақсы баға берсе де, ішкі мағынасы қарсы келіп, келекеге айналдыратын құбылту.

М. Қара кісі-аппақ

5 гротеск Оқиғалармен кейіпкерлердің тоғысуынан тұратын,жақсымен жаманды, қайғымен күлкіні шендестіруге құрылған көркемдік бейнелеу тәсілі

3 тапсырма.ТЖ.ЖЖ. «STOP-KADR» әдісінің орындау алгоритмі түсіндіріледі.

Тақтада поэмадан алынған үзінділерден автордың көзқарасын жеке, жұппен, топпен берілген сұрақтар негізінде талқылайды. Ананың балаға деген махаббаты шексіз ?

Аққуға кезенерде, ырым жасап,
Тым құрса саусағыңды қанаттың ба?-деген қарт пікірін қалай түсінесің?
Аққудың киелігі неде ?

Осы сыни көзқарастарын жинақтай отыра өзіндік сын пікір жазады.

Тәуіп шал:

«Мана, күндіз, тәуіп шал не деп кетті?!
Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті…
-Аққуменен баланы аластаңдар,
Деді-дағы жәйімен жөнеп кетті…»

Әке:

-Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?!
Атармын аққу құсты қалай ғана?!
Айдынның аққулары ұйықтағанда,
Өрген мал, өскен шырша абайлаған,
Барлығы қасиетке қарайлаған
Оқ атам қасиетке қалай ғана?..
Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!

Ана:
— Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі’!
Балам өлсе, бақыттың керегі не?!
Топан су басып кетсін қалғандарын.
Перзент сұрап несіне армандадың?!
Құрысын онсыз сенің жанған бағың!Мылтықты әкел!
Атты ертте!
Жалған бәрі!

Қарт:
…Білмеймін, cop аттың ба, бақ аттың ба?!
Аққуға кезенерде, ырым жасап,
Тым құрса саусағыңды қанаттың ба?

Критериалды бағалау.

ҚБ.

ҚБ. «бес саусақ»

ҚБ. Жапон әдісі

«О» таңдану;

«М» орташа;

Үнсіздік- үнамады.

Бағалау критерийі:

1.Көркем шығарманың жанрын анықтайды, мазмұнын түсінеді;

2.Сюжеттік құрылымын анықтайды;

Көркемдегіш құралдарды жіктеп, талдап көрсетеді;

3.Әдеби сын-пікірлерге сүйене өз пікірін құрастырып жазады.

Дескриптор

— поэманы оқиды;

-мазмұнын түсінеді;;

— поэмадан оқиғаның басын, дамуын, шарықтау щегін, шиленісуін, шешімін анықтайды,;

-тапқан дәлелдерді талдап, саралайды;

— поэмадан психлолгиялық параллелизм, перифраз, эллипсис түрлерін табады;

— нақты өлең жолдарын дәлел ете зерттеп көрсетеді;

— автор пікірін түрлі болмысы жағынан синтездейді, саралайды;;

— құнды пікірлерді анықтайды, зерттейді;

-зерттеу негізінде өзіндік шығармашылық жұмыс жазады.

Интербелсенді тақта

Презентация

Музыка

Постер

Маркелер

Кестемен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

Сабақтың соңы

6 минут

Рефлексия. «Плюс, минус, қызықты» әдісі орындау алгоритмі. Ауызша не жазбаша орындауға болады. Үлестірме түрінде не тақтадан қарап қолдануға болады.

Плюс Минус Қызықты
Сабақта барлығы ұнады. Сабақта ұнатқан барлық кезеңдері. Мақсатқа жетудегі ақпарат, мәлімет, жұмыс түрлері. Ұнамада, түсініксіз болып қалды. Оқушының пікірінше керек емес не түсініксіз ақпарат. Барлық қызықты болған деректер мен әдістерді атап көрсетеді. Не жайлы көбірек білгісі келетіні жайлы айтады.

Үйге тапсырма: Поэманың композициялық құрылысына жоспр құру

Кері байланыс
Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Сабақтағы тапсырмаларым оқушылардың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отыра дайындалған. Сабақ барысында саралау әдістері топтық, жұптық, ұжымдық жұмыстар арқылы жүзеге асырылды. Саралау тапсырмалары оқушының көздеген мақсатына жетуіне ықпал етті. Қабілетті оқушының танымдық деңгейін шығармашылық және зерттеушілік жұмыс түрлерін қолдану арқылы шыңдауға болады. Сабақтың басы, ортасы, соңында саралау әдістері қолданылды. Қолданылған дереккөздер қолжетімді және сабақ барысында қолдау көрсететін деңгейде болды. Оқу үдеріснде критериалды бағалаудың қалыптастырушы бағалау түрін жүргіздім. Сабақ барысында оқушының сабақты қаншалықты меңгергендігін, қандай деңгейде екенін білу үшін, түзету енгізіп, кері байланыс орнату үшін бағалау критерийлеріне жасалған дескрипторлар арқылы бағаладым. Дескрипторлар анық және қолжетімді деңгейде болды. Кері байланыс «бес саусақ», «жапон» әдісі, «бағдаршам» әдістері арқылы жүзеге асты. Пәнаралық байланыс -АКТ-мен байланыс және музыкамен байланыс.

Сабақтың тиімді өтуіне АКТ пайдаланудың ықпалы зор: бейнеролик, презентация, компьютер.т.б.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақ барысында қойылған оқу мақсаттарына жеттім. Сабақ мақсатына жетуімнің негізі тиімді әдістерді таңдап, үйлесімділік табуымда болды. Оқушылар нақты мақсатқа құрылған критерийлер мен дескрипторлар арқылы өз білімдерін толықтырды. Топтық, жұптық жұмыстардағы тапсырмалар негізінде саралау жүргізілді. Уақытты белгіленген өлшемде қолдана білдім. Оқу мақсаттарына сай оқушылар поэма мазмұнын түсініп, сюжеттік желісін, көркемдегіш құралдарды тауып, анықтап, талдап, қолданып, зерттеу жүргізді. Поэма негізіндегі автордың түрлі пікірін синтездеп, саралап, зерттеп өзіндік шешім тауып, шығармашылық жұмыс жүргізді.
Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:топпен жұмыс, «аялдамадағы бекет» әдісі оқушылардың бойында ашықтық, ынтымақтастық, жауапкершілік, бір-біріне деген құрмет сынды құндылықтарды қалыптастыруға көмегін тигізді.

2: шығармашылық жұмыс оқушылардың өз ойын анық нақты жеткізуге, синтездеуге, зерттеп өзіндік қорытынды шығаруға,сөздік қорын молайтуға тиімді болды.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: егер оқушыларға слайдттан емес, бейнежазбадан үзінді көрсетсем сабақ бұдан да жақсы өтер еді

2: ақын пікірін талдап, шығармащылық жұмысты орындау кезінде тақырыпқа сай әуен ойнаса, оқушы шабыты одан сайын оянар ма еді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.