Жаңа сабақтар

Тәрбиеші — балабақшаның жүрегі

Балабақшада тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі. Тәрбиеші – балабақшаны бақша деп алып, келген бала гүл болса, онда ол сол гүлді баптап, күтіп, барлық жәндіктер мен құстардан қорғайтын бағбан.Гүліміз бала, бағбанымыз тәрбиеші. Балаға бағыт- бағдар, тәлім-тәрбие беретін отбасынан кейінгі екінші анасы. Балаларға әрқашан қамқор болып, ешқашан жұмыс істеуден шаршамайтын жандардың бірі Алтын Айшықова балабақшада ұзақ жылдардан бері қызмет жасайды. Тәрбиеленуші бойына білім нәрін меңгеруіне, жан-жақты дамуына, өскелең ұрпақ тәрбиелеуде, өрелі жұмысы мен өлшеусіз еңбектері үшін жүлделі дипломдар мен алғыс хаттарымен марапатталып келеді.

Тәрбиешілер елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеуші. Өйткені, жас ұрпаққа қазыналы да бай ана тілі – қазақ тілін анасынан кейінгі сіңірушісі, үйретушісі. Тіл арқылы бала бойына ұлттық құндылықтарды, дәстүр мен салтты, ұлтымызға тән ізгіліктерді, жалпы адамзатқа ортақ өркениеттік ұстанымдарды дариды.
«Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы» деген ұлы Аб
ай.

Қазағымның болашағы, келешек келбеті мен тәрбиелеген бүлдіршіндердің тәрбиесінде. Рухани адамдығымның өнегесі шексіз, тұлғаң асқақ, өн бойын тазалыққа тұнып тұрса, өмірден алар орның ерекше деп түсінемін.
Бүлдіршінді күлімдеп қарсы алып, бар өнеріңді үйретіп бақытты етсең өз ұлтыңды, адамзат баласын бақытты ету жолында тер төккенің. Тәрбиенің тал бесігі балабақшадағы тәрбиеленушімен өткізген әрбір сәтің қызықты. Бала-көз қуанышың. Бала-ел байлығы, қоғам бақыты. Баланың балабақшадан жақсы тәлім-тәрбие алғанын қалаймын, аянбай сол үшін де еңбек етемін. Еркіндікке жол беремін. Баланың еркін сезінуі оның бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы.

Бұл сөздің астарында тәрбиеші мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігі айқындап тұр.Бала тәрбиесі,оның ішіндегі балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе.Ақын М.Жұмабаев айтқандай. «Тәрбие-адам баласын кәміл жасқа толып,өзіне-өзі қожа болғанша азық беріп өсіру» -деген екен.Сондықтан біз балаларымыздың болашағына,тәрбиесіне жауапты жандармыз.

Жаңақорған кенті №163 орта мектеп жанындағы

шағын орталықтың тәрбиешісі:

Каюпова Медиана Рахматуллақызы

Тәрбиеші — балабақшаның жүрегі: 1 комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.