Жаңа сабақтар

БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

2019 жылғы 13 ақпанда «Ғылым қоры» АҚ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі Комитетінің «Ғылым қоры» АҚ гранттық қаржыландыру шеңберінде өз әзірлемелерін коммерцияландыруды жүзеге асыратын кәсіпкерлермен және ғалымдармен таныстыру кездесуі өтеді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заңын іске асыру нәтижелері талқыланады.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары, «Ғылым қоры» АҚ өкілдері, сондай-ақ ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру бойынша жобаларды іске асыратын ғалымдар мен кәсіпкерлер қатысады.

Өтетін орны мен уақыты: 13 ақпан 2019 жыл, сағат 11.00, «Silk Way» бизнес-орталығының конференц-залы, 4-қабат

Журналистерді аккредиттеу үшін: 8 701 338 90 04, Шевченко Елена Валериевна, «Ғылым қоры» АҚ, yelenashevchenko

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.