Жаңа сабақтар

Қатынас ыдыстар

СЕЙДАХМЕТОВА МАНАТ БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

І санатты физика пәнінің мұғалімі

Нағи Ильясов атындағы № 9 мектеп- гимназиясы, Қызылорда қаласы

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қысым Мектеп: Н.Ильясов атындағы №9 мектеп- г имназиясы
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сейдахметова М.Б.
Сынып: 7 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Қатынас ыдыстар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 7.3.1.6 – қатынас ыдыстарды қолдануға мысалдар келтіру

  • Қатынас ыдыстардағы қысымның таралуын білу және түсіну.
Сабақ мақсаттары
  • Қатынас ыдыстардың не екенін білу;
  • Қатынас ыдыстарғақұйылған бір түрлі сұйықтың деңгейі не үшін бірдей болатынын түсіну;
  • Қатынас ыдыстарғақұйылған әртүрлі сұйықтың деңгейі не үшін әртүрлі болатынын түсіну;
  • Су құбырының жұмыс істеу принципін түсіну.
Жетістік критерийлері
  • Қатынас ыдыстардың не екенін біледі;;
  • Қатынас ыдыстарғақұйылған бір түрлі сұйықтың деңгейі не үшін бірдей болатынын түсінеді;
  • Қатынас ыдыстарғақұйылған әртүрлі сұйықтың деңгейі не үшін әртүрлі болатынын түсінеді;
  • Су құбырының жұмыс істеу принципін түсінеді.
Тілдік

мақсаттар

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек.

Олар терминдерді түсіну және қолдану керек.

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Сөздік

Қазақша Орысша Ағылшынша
Қысым Давление Pressure
Беттің ауданы площадь поверхности the area of the surface
Қатынас ыдыстар сообщающиеся сосуды communicating vessels
Су құбыры водопровод water pipes
Атмосфералық қысым атмосферное давление Atmosphere pressure
Торичелли тәжірибесі опыт Торричелли experience Torricelli
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды адамгершілікке, патриоттық сезімді бойларына сіңдіру.
Пәнаралық байланыстар Математикамен байланыс арқылы математикалық есептеулерді дұрыс жүргізуді, график салуда масштаб сақтауды жүзеге асыру
АКТ қолдану дағдылары Презентация және http://www.bilimland.kz/index.php/kz/ сілтемесін

АКТ көмегімен ұсыну

Бастапқы білім Қысым. Паскаль заңы. Сұйықтың қысымы
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

0-5 мин

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»

Бірнеше қағаз қиындыларын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға бөліп, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді. Оқушыларды топ ережесімен таныстырып, әр топқа «Жұлдызды баспалдақ» таратып беремін. Әрбір жауаптан кейін сол баспалдаққа қою арқылы көтеріледі.

1-топ:

Қатты

2-топ: Сұйық

3-топ: Газ

Сабақтың ортасы

18 минут

Топтық жұмыс

15 минут

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын өткен тақырыпты «Сұрақтар қобдишасы» арқылы сұрақ қоямын. Әр топтағы оқушылар қобдишадан сұрақ алып өз жауаптарын береді.

  1. Паскаль заңы қалай тұжырымдалады?
  2. Сұйықтар мен газдардың қабаттарының түсіретін қысымы қандай формуламен өрнектеледі?
  3. Қатты денелердің қысымы қандай формуламен өрнектеледі?
  4. Зат қандай бөлшектерден тұрады?
  5. Зат құрылымының молекулалық теориясының үш қағидасы қалай тұжырымдалады?
  6. Заттың үш агрегаттық күйі қалай аталады?
  7. Заттың қатты күйіне тән қасиеттері қандай?
  8. Диффузия деп қандай құбылысты атаймыз?
  9. Заттың сұйық күйіне тән қасиеттері қандай?
  10. Заттың газ күйіне тән қасиеттері қандай?
  11. Қысым деп нені айтады?
  12. Қысымның қандай бірліктерін білесіңдер?
  13. Қысымның белгіленуі және өлшем бірлігі қандай?

Өткен тақырыпты қалыптастырушы «Бес бармақ» арқылы бағалаймын

Оқушыларды топқа бөлу барысында таратылған қағаз қиындыларының артында қатынас ыдыстары бейнеленген. Оқушылар суреттерде нені көріп тұр сол туралы баяндап береді.

Мұғалім: Қатынас ыдыстар деп екі ұшы ашық орталары жалғасқан ыдыстарды айтады.

Мұғалім: Қатынас ыдыстардың қасиеттері

Кез келген пішінді қатынас ыдыстардағы тыныш тұрған біртекті сұйықтың еркін беттері бірдей деңгейде болады.

Оқушы: Осы ыдыстарға құйылған ыдыстағы судың деңгейлері бірдей биіктікте болатынын айтады.

Мұғалім:

Қысымдары тең болғанда, тығыздығы үлкен сұйық бағанының биіктігі тығыздығы аз сұйық бағанының биіктігінен кем болады.

Мұғалім: Сұйықтардың тепе-теңдік шарты:
p1 = p2 = p3 = …= pn

Қатынас ыдыстардағы әртекті сұйық бағандарының биіктігі олардың тығыздықтарына кері пропорционал.

Топтық жұмыс

Тапсырма 1: «Теориядан, тәжірибеге» әдісі топтық жұмыс

1-топ: Су мен күнбағыс майының қатынас ыдыстардағы бағанының айырмашылығын анықтау, түсіндіру;

2- топ: Қатынас ыдыстардағы су мен глецириннің бағанының айырмашылығын анықтау, түсіндіру.

3- топ:. Қатынас ыдыстардағы су мен керосин бағанының айырмашылығын анықтау, түсіндіру

4- топ:Сұйықтың деңгейін анықтау

Топ оқушыларының жауаптарын қалыптастырушы бағалау «смайликтер» арқылы бағалаймын. Алған смайликтері арқылы «Жұлдызды баспалдақпен көтеріледі»

Бағалау дискриптор
Қатынас ыдыстардағы әр текті сұйық бағандарының биіктігі олардың тығыздықтарына кері пропорционалдығын біледі білім алушы

— тәжірибе жасай алады

-сұйықтардың тығыздықтарын біледі

— сұйық бағанының айырмашылығын анықтайды

— формуласын біледі

Тапсырма 2: «Кім жылдам» эстафеталық есептер шығару.

№1. есеп:Адам суда 9 м тереңдікке дейін жүзіп бара алады. Осы тереңдіктегі адамға әрекет ететін су қысымын есептеп табыңдар? Теңіз суының тығыздығы:1030 кг/м3 .

Берілгені : Һ=9 м

Талдау: р = ρ g Һ

Шешуі: р = ρ g Һ р =1030кг/м3*10м/с2*9м=92,7кПаρ=1030 кг/м3g= 10Н/м3

2 есеп. Теңіздің 10200 м болатын ең терең жеріндегі су қысымын табыңдар. Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3 ;

Берілгені: Формуласы:

Һ=10200 м

ρ=1030 кг/м3 ;

g= 10 м/с 2 ;

т/к: р =

Жауабы: р= 105060 кПа;

№3 есеп. Егер су бағанының биіктігі 8 см болса, керосин бағанының биіктігі неге тең? Судың тығыздығы 1000 кг/м3, керосиннің тығыздығы 800 кг/м3

№4 есеп: Егер су бағанының биіктігі 10 см болса, ацетон бағанының биіктігі неге тең? Судың тығыздығы 1000 кг/м3, ацетон тығыздығы 790 кг/м3

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

  1. Қатынас ыдыстардың тармағына әртүрлі сұйық құйсақ…?
  2. Қатынас ыдыстарды қозғалысқа келтіретін қандай заттар…?
  3. Қатынас ыдыстардағы сұйық бағанының биіктігі қандай физикалық шамаға тәуелді…?
  4. Қатынас ыдыстар қайда қолданылады?

Үй тапсырмасы: Эксперименттік тапсырма

Кері байланыс:

Рефлексия «Бағдаршам»

Қызыл түс- Түсіндім

Сары түс- Түсінбедім

Жасыл түс- Сұрағым бар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеті жоғарыоқушыларға қандайміндет қоюдыжоспарлап отырсыз? Бағалау –оқушылардыңматериалды меңгерудеңгейін қалайтексерудіжоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Барлық оқушылар: Бүгінгі игерген материалдар келесі сабақтардың негізі болатындықтан, тақырып бойынша теориялық білімдерін барлық оқушыда қалыптастыру.

Оқушылардың басым бөлігі: үйкеліс және оның түрлерін біледі және ажырата алады. алады. Үйкеліс күшіннің формуласын пайдаланып есеп шығара алады.

(1) Алдағы тақырыптың түсінуін.

(2) Үй жұмысының орындалуын.

(3) Жаңа тақырыпты меңгеруде пікірталастарға қатысып отыруын.

(5) Сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағыттал,ан есептерде ойлау операцияларын қолдануы.

Оқушы құрал-жабдықтар мен жұмыс жасағанда өздерінің және басқалардың денсаулығына, мектеп мүлкіне жауапкершілікпен қарау.

Алынған нәтижені талқылау барысында креативті, сыни тұрғыдан талқылау. Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс жасауы, мұғаліммен біріге отырып жаңа білім алуға әрекет етуі олардың өзара , және мұғаліммен қарым қатынасын нығайтады,Олар өз пікірін айтуға дағдыланады.Тілдік дағдылары қалыптасады.

Сабақ бойыншарефлексия

2 минут

1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылар белсенді сұрақтарға жауап беріп отырды.

2: Тақырыпты оқушылар белсенді түрде ойларын айтып, аша білді.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылардың қызығушылығын оятатындай жұмыстардың жасалуы.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1: Жұптық тапсырма кезінде оқушылардың деңгейлеріне байланысты бөлу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.