Жаңа сабақтар

Нан қайдан келеді? (ертегі)

Мухамбеткереева Маншук Хибатоллаевна

Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы

Қараөзен мектеп-лицейінің мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі

Тақырыбы: Нан қайдан келеді? (ертегі)
Мақсаты: Сюжеттік суреттер сериясы бойынша баяндай әңгімесін құрастыру арқылы ауызша байланыстыра сөйлеуді дамыту.
Білімділік: Балалардың «нан» деген не, оның алуан түрлері және оны өндіру сатылары туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Балалардың «Нан» тақырыбындағы сөздігін белсендіру мен кеңейту, сөздерді жекеше-көпше, септік жалғауларымен байланыстыру арқылы сөздің лексика-грамматикалық құрылымын дамыту. Оқиғалардың реттілігін анықтау және проблемалық жағдайда шешу арқылы логикалық ойлауды дамыту.

Тәрбиелік: Егіншілердің еңбегін көрсету арқылы нанға деген ұқыпты қатынасқа тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: еңбек, нан туралы жұмбақтарды еске түсіру және жауабын табу,нан туралы мақал-мәтелдерді жаттау, көркем мәтіндерді оқу.

Сөздік жұмыс: нан, бидай, комбайндар, дән сепкіш, элеватор, ұн, бөлке нан, кесек нан, егінші.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ — жауап, сурет бойынша жұмыс.
Көрнекілігі: Бауырсақ ертегісінің желісі.
Сөздік жұмыс: гүл, кесте, өрлеу, сабақ,.
Қостілділік компонент: нан-хлеб, еңбек-труд,

Іс әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивация лық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Балаларды айнала отырып, жұмбақтарды шешуге шақырады.

— Нан,бөлке өнімдерін атаңыз.

— Сіз бәрінен бұрын нені жақсы көресіз? Неліктен?

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетіне қызығушылық танытады, жұмбақтың жауабын айтады, сұрақтарға жауап береді.
Ұйымдастырушылық–ізденушілік Әйгерім әжесімен бірге егін даласына барды. Ол жерде масақтардан көз тұнады екен. Масақтардың мұрттары қиылып тұр. Әйгерім сұрайды:

— Әже, бұл жерде не өседі?

— Нан өседі, қызым.

— Нан? Бөлке нандар қайда онда?

— Бөлке нандар да осында, қызым.

— Күлше де ме?

— Күлше де осында.

— Тәтті нандар да ма?

Тәтті нандар да осында.

Әгерім мұрты қиылған масақтарға қарап, нан қайда, бөлке нан қайда, тәтті нан қайда екенін тапқысы келеді.

— Сіз қалай ойлайсыз, неге Әйгерім егін даласынан бөлке нан мен тәтті нанды көрмеді? Әжесі, мүмкін, әзілдеген шығар?

Бүгін Әйгеріммен бірге нан үстелге қалай келетінін білесіздер. Бұл үшін бізге суреттер көмектеседі.

2. (Тақтада ерікті тәртіпте сюжеттік суреттер орналасқан).

– Суреттерге зейін аударып қараңдар. Нан өсіру үшін не істеу керек? Жерге дән себу керек.

Тәрбиешіні тыңдайды, сұрақтарға жауап береді, себебін түсіндіреді.

Сұрақтарға жауап береді, толық жауаптар береді, сөйлемдерді қайталайды, сюжеттік суреттерді ретімен орналастырады.

Сюжеттік суреттер сериясы бойынша әңгіме құрастырады.

— Бидайдан не істейді? — Наубайханада не жасайды?

— Наубайханадан нанды қайда апарады?

— «Нан» сөзіне арналған сөздерді (сын есімдерді) іріктеп алайық

(дәмді, жақсы, тойымды, витаминді, пайдалы, «еңбектік» және т.б.).

Сергіту сәті:

Нан қоқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар.

-Бидайдан ұн істейді

-Наубайханада ұннан нан пісіреді.

— Дүкенге.

Жаттығуларды орындайды

Рефлексивті-

түзетушілік

Сабақты қорытындылау:

— Біз сабақта нені үйрендік?

— Қандай жаңа нәрсені білдік?

Тәрбиеші жемісті еңбек еткені үшін балаларға алғыс айтады.

Жады бойынша қайта әңгімелеп айтады, сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже

· Нені біледі: «нан» дегеніміз не, оның алуан түрлері, «Нан үстелге қалай келеді».

· Нені игерді: нан туралы, оны өндіру сатылары туралы, егіншілердің қиын еңбегі туралы түсініктерді

· Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сюжеттік картиналардың сериясы бойынша баяндау әңгімесін құрастыра білуді, олардың тиісті реттілікте орналастыра білуді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.