Жаңа сабақтар

Көшедегі қауіпсіздік

Мухамбеткереева Маншук Хибатоллаевна

Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы

Қараөзен мектеп-лицейінің мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі

Тақырыбы: «Көшедегі қауіпсіздік»

Мақсаты: Көшедегі қауіпсіздік ережелерін қайталау, Балалардың өмірлік қауіпсіздік

ережелеріне үйретуді жалғастыру. Қоғамдық және жеке көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары

туралы түсініктерін дамыту. Жолда жүру ережелерін орындауға, тәртіпке үйрету.

Алдын – ала жүргізілетін жұмыс: «Көшеде жүру білесің бе», «Бағдаршам неге керек?» әңгіме.

Әдіс – тәсілдер: Көрсету,түсіндіру, сұрақ – жауап, сергіту сәті, әңгімелесу.

Қажетті көрнекі құралдар: Суреттер, жол белгілері түрлі түсті карандаштар,

Үлестірмелі материалдар.

Қостілділік компонент /билингвальный/: Қауіпсіздік – безопасность, бағдаршам – светофор, тыйым- салатын белгілер – запрещающие знаки, жаяу жүргіншілер өтпесі – пешеходный переход.

Іс — әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс — әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі «Қатарды есіңе сақта!»

Қатардағы балалардың атын дұрыс атаған баланы мадақтау қажет.

Ойынға 5 -6 бала қатысады. 1- ші бала паровоз, «жүргізуші» қалғандары жүргізуші артында паровоздар болып тұрады.Жүргізуші артындағы вагондарға 1 –минут қарауға рұқсат береді. Содан соң ол теріс қарап, артында «вагон» болып тұрған балалардың аттарын ретімен атап шығуы тиіс.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі «Көжек» туралы мәтінді оқып беру.

Бір ұзын құлақ сұр Көжек жолдың ар жағындағы досы Қонжыққа бармақ болды. Ол Қонжықтың үйіне тезірек жеткісі келеді. Сөйтіп, ол бағдаршам тұрған жерден өтпей, жолды кесіп өтті. Ал жолда машиналар ағылып жатқан болатын. Бір машиналар көжекті қағып кете жаздады. Қоян дір- дір етіп, сөйлей алмай қалды. Жол реттеуші келіп, Қоянға көше тәртібін бұзбау керектігін айтты.

Билингвальды компонент:

Қауіпсіздік – безопасность, бағдаршам – светофор, тыйым- салатын белгілер – запрещающие знаки, жаяу жүргіншілер өтпесі – пешеходный переход.

«Асықсаң – күлкігк қаларсың» деген мәтелді қалай түсінесің?

Осы оқиғадан кейін Қоян – білгіш ноян асықпай, көше тәртібін үйренгісі келіпті .Ол көшенің арғы жағына өтуді ойлапты.Көшеде машина ағылып жатыр.

— Сендер қоянға қандай ақыл бересіңдер?

— Көшеде бағдаршам да, жаяу жүргіншілер өтпесі де жоқ болып шықты. Қоян жүгіріп өтіп кетпек еді, бұрылыстан машина шыға келді, қатты сигнал беріп, қоянның жанына келіп, әрең тоқтады. Осы кезде қоянды жол бағдарлаушы көріп, көшенің арғы бетіне өтуге көмектеседі де, жол белгілерін көрсетеді. Сақтандырушы белгілер, тыйым белгілерінің суреттерін көрсетіп солар туралы білімдерін естеріне түсірді. Бағдарлаушы қоянға «Сенің өмірің және жаныңдағы адамдардыңң өмірінің қауіпсіз болуы үшін сен жол белгілерін білуге тиіссің», — деді.

— Көшедегілердің барлығының өздерінің тиісті жолдары бар, жаяулар жаяу жолмен жүріп, жаяу жүргіншілер жолынан өтеді.Машиналар жүру бөлігімен жүреді, велосипед жолдың шетінде, трамвай рельспен жүреді.

— Мына суреттен не көріп отырсыңдар? Балалар қандай көлікпен келе жатыр?

— Неге балаларға белбеу тағылған?

— Балалар неге артқы отырғышта отыр?

Темір жолдан өту үшін арнайы көпірді пайдалану керек.Қоян метроға түсіп электричкеге отырды.Ол қауіпсіздік ережесін сақтап тұр ма?

— Метро да, пойызда және электричкаларда есік автоматты түрде ашылып, жабылады сондытан ешқашан есікке сүйенбе !

— Қоғамдық көліктердегі тәртіп ережесін естеріңе түсіріңдер. Көрнекі суреттер арқылы.

Сергіту сәті:

Бұзба көше тәртібін,

Ұрынарсың апатқа.

Қызықты өтсін әр күнің,

Жақын болма шаттаққа.

«Көшедегі жағдаяттар» ойыны:

3-4 баланы ортаға шақырады. Өзі «Бөтен адам» болып киінеді. (қалпақ, көзілдірік т.б.) Тәрбиеші балаларға жақын келіп, оларды мақтап,телефон,кәмпит көрсетіп, басқа жаққа алып кететін сыңай танытады. Ойынды аяқтап тәрбиеші қалпағын, көзілдірігін шешіп, жағдаяттарды талқылайды, дұрыс және қате іс — әрекеттерді қорытындылайды.

Тәрбиешімен бірге сөздерді қайталайды.

-Асыққан адамның ісі – шала, ол жан- жағына қарауға мұршасы болмй, бір нәрсені бүлдіруі мүмкін.

Балалар қоянға бағдаршам, жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өтуге кеңес берді.

Балалар ережелерді естеріне түсіріп оларды ретімен айтады.

Тәрбиеші әңгімесін мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.

Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Балалар серуендеп жүргендей болады. Балалардың бөтен адамға берген жауабы, іс -әрекетін бақылайды.

Іс- әрекеттің бағалау кезеңі Сұрақ – жауап әдісі арқылы оқу іс -әрекетінде алған білімдерін пысықтайды. Сұрақтарға жауап береді, бір – бірінің жауаптарының толықтырады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Көше қауіпсіздік ережелерін үнемі есте сақтауды.

Қандай түсініктерді игерді: Көшеде қауіпсіздік ережелерін сақтап, оларды дұрыс орындалу дағдыларын.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қоғамдық жерлерде өзін -өзі ұстау дағдыларын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.