Жаңа сабақтар

«Көжекті жасыр»

ШҚО, Аягөз қаласы «№ 1 бөбекжай-балабақша» КМҚК

Балабақша тәрбиешісі Сайдрахметова Гульбахыт Кабидоллаевна

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Сенсорика.

Тақырыбы: «Көжекті жасыр»

Мақсаты: 1. Суреттердің ішінен екі берілген нысанды таңдауға үйрету; түстері бойынша нысандарды топтастыру дағдысын бекіту;

  1. қызыл, сары, көк, жасыл, түстермен балаларды таныстыруды жалғастыру; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
  2. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: ойыншықтар: түлкі, қоян; қорап; ортасынан екі түске бөлінген карточкалар («алаңқайлар»): қызыл — көк, көк —сары, сары — жасыл, жасыл — қызыл (бір-бірден әр балаға, оқу іс-әрекеті барысында карточкалармен ауысуы мүмкін); көжектер: әp балаға 12 данадан (әр түстен 3 дана).

Сөздік жұмыс: ұзын құлақ.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық- қозғаушылық

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ойындық жағдаят.

Есік қағылады, есіктің алдында қораптұр.

-Балалар, қораптың ішінде бір

нәрсе тықырлататын сияқты, кәне

қарайықшы.

  • Ой, бұл не?
  • Қараңдар, оның үсті су, көжекті иесі жаңбыр астында ұмытып кетіпті.

  • Ал ойыншықты жаңбыр астына калдыруға бола ма? Кәне, көжегімізді еркелетіп, оған ол туралы тақпақ айтып берейік.

  • Тыңдаңдар:

    Мен кішкентай көжекпін,

    Қорқақ емес — өжетпін.

    Маған зорға тигені-ай,

    Үлкендерден кезектің.

    -Көжекке сәбилер тобында қонақта болғаны ұнағаны соншалық, ол тіпті өзінің достары — кішкентай көжектерді шақырады.

    -Балалар, сендердің көжектеріңнің түсі қандай?

    Көжектің айтуы бойынша, осы маңда қу түлкі жүрген сияқты.

    Ол көжектерді ұстап алғысы келеді. — Кәнеки, біз оларды алаңкайға тығып кояйық (түрлі түсті қатты қағаз беттерін көрсетеді).

    -Қараңдаршы, қандай алаңқайда түлкі қызыл көжегімізді байқамай қалады?

    • Қызыл алаңқайда ма, жасыл алаңқайда ма?

    -Демек, бізге көжекті дәл оның түсіндей алаңқайға жасырып қою керек.

    Тезірек өз көжектеріңді тығып қойыңдар, ал түлкі оларды іздейтін болады.

    -Міне, қалай жақсы етіп көжектеріңді тығып қойғансыңдар, тіпті түлкі оларды таба алмай қалды. Ал қалған көжектер орманға қашып үлгереді, түлкі оларды таба алмай қалатын болды.

    Сөздік жұмыс: ұзын құлақ.

    Жеке жұмыс жүргізеді

    Қызығушылықтары туады.

    Бұл — көжек.

    Балалар аяушылық

    білдіреді.

    Тақпақты мұқият тыңдайды.

    • Сары, жасыл, қызыл, көк.
  • Қызылда.

  • Балалар төрт түстін, ішінен тек керек екеуін таңдай отырып, көжектерді тығып қояды.

    Қайталайды: ұзын құлақ.

    Рефлексиялық-түзетушілік

    Түлкі және көжектер» дидактикалық ойыны.

    -Ал енді ойын ойнайық, мен түлкі боламын, ал сендер көжек боласыңдар. Түлкі сендерді қуу керек, ал сендер

    -көжектер, менен қашып, тығылып қалуларың керек.

    Балалардың барлығы «көжек» болып түлкіден тығылады.

    Күтілетін нәтижелер:

    • төрт мүмкіндіктің ішінен екі берілген түсті нысанды топтастыруды және салыстыруды біледі;

    • орман аңдары туралы түсінікті: түлкі, қоян туралы игереді;

    • негізгі түстерді: қызыл, көк, сары, жасыл түстерді; педагогтің көрсетуі бойынша әрекет етудімеңгереді.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.