Жаңа сабақтар

«Поэзия –жүрек тілі»

БЕКБОСЫН АЙНҰР 11 сынып оқушысы
Жетекшісі: Сарсенбаева Айжан
Алматы облысы, Кеген ауданы, А.Нүсіпбеков атындағы орта мектебі

Мұқағали Мақатаев — тарих тұрлауына айналған жиырмасыншы ғасырдың рухани кеңістігімізге тарту еткен осы бір ұлы есім халықтың жүрегіне өлшеусіз терең бойлап, елінің шексіз махаббатына бөленген, асқары биік алып жырлары ұлан-ғайыр кеңістігі сана төрінде жаңғыруы даусыз. Өйткені бұл есім бүгінде жан мен жүрекке азық болып және халықпен біте қайнасып кетті.

Қайда барсақ та Мұқағали жырының алдан шығары хақ. Қалаға да, далаға да ортақ, ханға да, қараға да бірдей, кәріге де, жасқа да тән дүниелік құбылыстарды дөп басып айтқан дәл Мұқағалидай жеңіске жеткен армансыз ақын кемде-кем шығар. Өйткені,оның жырлары жүрек тілінен шыққаның белгісі.

«Поэзия!
Менімен егізбедің
“Мұқағали поэзия сарайының есігін ашып еркін төрледі, жыл асқан сайын өрледі” деп айтқандай ақын өлеңдерін оқыған сайын рухтанамыз. Өмірді жаңа қырынан тани түсеміз.
Ақын өлеңдері жыл өткен сайын қараңғы түн қойнауынан жарық жұлдыз сәулесін шашқандай жарқылдап,айшықтала түсуде. Ол өзінің әрбір өлеңімен бізді ұлтты сүюді, тілді сүюді үйретті.
Айналайын!
Атамекен
Ақ мекен!
Қандай қазақ
Іздеп сені тапты екен?!
Туған өлке тәтті екен ғой!
Тәтті екен!, деп қарапайым Қарасаз деген ауылдан шыққан Мұқағали сол аймақтың ғана емес, исі қазақ жұртының перзетіне айналды.
Қазақ поэзиясының ішіндегі ең жарығы. Мұқағали өлеңдері әрдайым көңіл пернелерін дөп басып жатады. Өлеңдері арқылы бірде құрдасыңа, бірде сырласыңа айналып кете береді. Бір байқағаным, ақын қаламынан бірде-бір тақырып тыс қалмағандай. Мысалы: Отан, туған жер, отбасы, достық, адамгершілік, имандылық туралы өлеңдері ақ парақтың бетіне інжу-маржан секілді сап түзеп тұра қалғандай.
Мұқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы ұлттық мектептеріміз бен ұлы дәстүрлерімізіді жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен қазақтың өлең — сөзін жоғары көтерген жиырмасыншы ғасырдың санаулы ақыны.
Әбділда Тәжібаевтың сөзімен айтқанына “Қазақ поэзиясының асыл қазынасын өз жырымен молықтырған” өз сөзімен айтқанда, күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарған ерен жырдың жаратушысы, ұлы тұлға, ұлы ақын.
Ақынның арыны қатты, тамыры терең өлеңдерін оқи отырып, еріксіз тебіренеміз. Ақын рухымен тілдескендей боламыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.