Жаңа сабақтар

Алақай, жаз келді!

Тәрбиеші:Нақшораева Б.Ж.
Білім беру саласы:Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы:“Алақай,жаз келді!”
Мақсаты:Жаз мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту.Сурет бойынша әңгіме құрауға және сөздерді байланыстырып айтуға дағдыландыру. Білімділік: жаз мезгілі,жазғы ойындар,жазғы табиғат жайлы түсінік беру.

Тәрбиелілік: Табиғатқа,қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру

Әдістәсілі: Сұрақ-жауап,сурет бойынша сөйлем құрау.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, үлестірмелі суреттер.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру.
сезімді ояту.
Шаттық шеңбері.
Күлімдеп күн бүгін. Қарады маған да. Күлімдеп күн бүгін. Қарады саған да. Күлімдеп күн бүгін. Шуағын шашып тұр. Қайырлы таң,апайлар!

Қайырлы таң,достарым!

Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдастырушы
лық – ізденістік.

Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау, өзін-өзі бағалау.

Балалар, жылдың неше мезгілі бар?Қандай?Қазір қай мезгіл?
Көктем айларын айтыңдаршы?
Балалардың назарын тақтадағы суретке аудару.Сұрақ-жауап арқылы балалар әңгімелейді.Олай болса,бүгінгі оқу-қызметімізде біз жаз мезгілі жайлы айтатын боламыз.Жазда ауа-райы ыстық болады.Жаз айлары;маусым,шілде,тамыз.Айнала гүлденіп,жап-жасыл күйге енеді.Жаз мезгілінің ауасы да тамаша болады.Жазда балалар суға шомылады,далада көп ойнайды.Жеміс-жидек піседі.Гүлдер жайқалып өсіп,қызыл-жасыл көбелектер гүлден-гүлге ұшып-қонады.
Көбелек есік қағып кіреді.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің жаз мезгілі жайында өтіп жатқандарыңды естіп,ұшып келдім.Сендерге жаз мезгілі ұнай ма?Маған да ұнайды.Маған жаз туралы тақпақ айтып беріңдерші. Билиньгвалдыкомпонент;жазлето,көбелекбабочка. Тілұстартужаттығуы; Аз-аз-аз, Жайдары жаз. Үн-үн-үн, Ыстық күн. Ға-ға-ға, Шомыламыз суға.

Сергіту сәті.

Шаршағанда ырғалып. Гүлге ұқсап демалам. Қанатымды бір қағып. Көбелек боп қона алам.
-Балалар,енді біз партаға орнымызға отырып,сурет құраймыз.Алдарыңа берілген суретті құраймыз және әңгімелейміз.

Балалардың жұмысы.

Көбелек,біздің балалардың жұмысы ұнады ма?
Жарайсыңдар балалар!Өте тамаша екен! Сендер,жаз мезгілі туралы көп біледі екенсіңдер.Мен қуанып қалдым.Мен енді гүлдеріме оралайын.Сау болыңдар!Рахмет.

Дидактикалық ойын: « Үлкен-кіші доптар»Ойын шарты; үлкен допты бір себетке,кіші допты екінші себетке жинау.

-Біз бүгін жылдың қай мезгілі туралы айттық?
-Ауа-райы қандай болады?
-Қандай ойындар ойнаймыз?

Балалар жауап береді.

Балалар мұқият тыңдайды.

Сәлеметсіз бе,көбелек!
Балалар тақпақ айтады

Қайталайды.

қимылдар жасайды

Балалар орындарына отырады

Сау болыңыз!

Балалар ойнайды.

-Балалардың жауабы.


Күтілетін нәтиже:
Біледі:
жаз мезгілінің ерекшеліктерін.
игерді: суретті құрастыруды.
меңгереді:суретке қарап әңгіме құрап айтуды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.