Жаңа сабақтар

Қарбыздың пайдасы

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Ә.Жангелдин атындағы № 27 ЖОМ КММ
1 сынып оқушысы Бекмурза Әдемі

Ғылыми жоба тақырыбы: «Қарбыздың пайдасы»

Секция: медицина, психология, валеология

Ғылыми жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі Мекенбаева Аманкуль Амирбековна

1 «А» сынып оқушысы Бекмырза Әдемінің «Қарбыздың пайдасы» атты ғылыми зерттеу жұмысына

Пікір

Ғылыми зерттеу жұмысында 1 «ә» сынып оқушысы Бекмурза Әдемі адамдардың күнделікті өмірде пайдаланып жүрген қарбыз жайлы мәліметтер жинау, өсіру, бақылап танысып, әртүрлі жолдарын зерттеуді мақсат еткен.

Ғылыми жұмыстың жазу барысын Жапонияда өсірілетін қарбыздың түрін, басқада сары, қара қарбыздардың қарапайымдылығына қарамастан, олардан бетке маска жасауға болатындығы жайынды жалпы оның қаншама таңқаларлық сырларын біліп ерекшеліктерін сипаттап жазған. Бүгінгі таңда қолданыста жүрген көкөніс жайлы таныстыру, қызығушылығын арттыру оны тек алға жетеледі.
Бекмурза Әдемінің бұл зерттеу жұмысын дүниетану, зерттеу негіздері сабақтарында, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Ғылыми жұмысты оқи отырып оқушының алдына қойған мақсатына жеткенін байқауға болады. Өз зертеу жұмысында түрлі әдебиеттерді ізденімпаздықпен пайдалана білген.Зертеу жұмысы баланын жас ерешекшелігіне лайық.

Жетекшісі: Ә. Жангелдин атындағы №27 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекттік бастауыш сынып мұғалімі: Мекенбаева Аманкуль Амирбековна

Аңдатпа

Мақсаты:Адамдардың күнделікті өмірде пайдаланып жүрген қарбыз жайлы мәліметтер жинау, өсіру, бақылау.

Міндеті: Бүгінгі таңда қолданыста жүрген көкөніс жайлы таныстыру, қызығушылығын арттыру.

Тәжірибелік маңыздылығы: Жапонияда өсірілетін қарбыздың түрін, басқада сары, қара қарбыздардың қарапайымдылығына қарамастан, олардан бетке маска жасауға болатындығы жайынды жалпы оның қаншама таңқаларлық сырының зерттеліп ашылуы.

Зерттеу болжамы:

  • Қарбыз қайда өсіріледі?
  • Мәселен, қарбыз тіршілік үшін қажетті ме?
  • Егер қарбыз болмаса немен ауыстыруға болар еді??

Ғылыми жобамыздың зерттеу кезеңдері:

  • Кітаптарды, журналдарды, тарихи әдебиеттерді, зерттеулерді оқып, қарбыз туралы материал жинау;
  • Материалдар жинағын құрастыру;
  • Ғылыми жобаны компьютерге теру, басып шығару.

Ғылыми жобамыздың зерттеу әдісі:

  • Зерттеу жұмысында қарбыздың тарихын іздестіріп, материалдар жинақтау.
  • Бүгінгі таңда қарбыздың күнделікті өмірде қалай қолданылатынын көрсету;

Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:

  • Қарбыз тарихы туралы материалдар жинақталды.
  • Басқа елдер мен өзім отырғызған қарбыз салыстырылды.
  • Сынып сағаттарында, дүниетану сабақтарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Міндеттерді шешу әдістері:

қарбыздың пайдасы мен зияны туралы мәлімет жинақтау;

МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе ………………………………………………………………………………………..3

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Қарбызға сипаттама, оның түрлері………………………………………..5

2. 2 Қарбыздың құрамы және пайдасы…………………………………………8

2. 3 Қарбыздың шипалық қасиеті…………………………………………………10

  1. 4 Қарбыздан әзірленген дәмі тіл үйіретін 10 тағам………………….19

2. 5 Қарбызды өсіру технологиясы………………………………………………25

ІІІ. Қорытынды ……………………………………………………………………………28

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………….29

І. КІРІСПЕ

Қарбыз (Cіtrullus) – асқабақ тұқымдасына жататын бір немесе көпжылдық өсімдік. Ең көп тараған бақша дақылдарының бірі. Дүниежүзінде 500-ден аса асханалық Қарбыз сорттары өсіріледі. Жабайы түрі Африкада, Иранда, Орта Азияда, Ау5анстанда кездеседі. Қазақстанда — Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан , Ақтөбе, Алматы облыстарында көбірек өсіріледі.

Қарбыздың отаны – Африка, дәлірек айтқанда Оңтүстік Африка саналады. Онда бүгінгі күнге дейін бұл өсімдіктің жабайы түрлері ұшырасады. Қарбыздар дәл осы мекеннен әлемнің түкпір-түкпіріне таралған.

Ежелгі Египетте де қарбыздар кең танылған, ал Еуропада ХІ ғасырлардан бері белгілі болса, Ресейде XVII ғасырдың ортасында ғана өсіріле бастады.

ӨсімдіктіңҚытайдағы мәртебесі өте жоғары. «Батыс қарбызы» деген атау бергендеріне қарағанда, Қытайлықтар оны еуропалықтардан әкелген. Күні бүгінге дейін қытайлықтар қыркүйек айында «қарбыз мерекесін» жоғары дәрежеде атап өтеді.Топырақтың ылғалдылығы мен ауа райының әртүрлі болуына байланысты бұл облыстарда өсірілетін сорттары да әртүрлі болады. Барлық аудандастырылған сорттары мәдени түрінен шыққан. Тамыры тармақты. Жапырақтары ірі, гүлдері ақсары түсті, сабағы төселмелі, ұзындығы 2 – 3 м-дей болады. Гүлі дара жынысты, бір үйлі, кейде екі үйлі. Түсі ақ, ала, қоңыр жасыл жолақты. Жемісі тәтті шырынды қызыл, қызғылт, күрең қызыл, сирегірек ақ және сарғыш болады. Тағамдық Қарбыздың салмағы 0,6 – 16 кг, құрамында 11% қант, витамин, т.б. заттар бар. Қарбыз – жылу сүйгіш, ыстыққа және құрғақшылыққа төзімді өсімдік, бірақ үсікке төзімсіз. Негізінен, өңделіп тыңайтылған жердің топырағында жақсы өседі. Мал азықтық Қарбыздың салмағы 10 – 15 кг. Құрамында 2 – 3% қант болады. Қарбыздың жабайы өсетін, асханалық және азықтық үш түрі белгілі. Осыған орай Қазақстанда ерте пісетін Қырым жеңімпазы – 395; орташа пісетін Княжин, Тұтасжапырақты, Стокс 647/649, БагаевМурашка 747/749; кеш пісетін Дилноз сорттары кеңінен аудандастырылған. Қарбыз егілетін жер күзде 25 – 27 см тереңдікте жыртылады да, ерте көктемде тырмаланып, екі рет қопсытылады. Шопағын 6 – 8 см тереңдікке егеді, 9 – 12 рет суарады. Емдік мақсатқа Қарбыздың шырынды бөлігі мен қабығын және дәндерін пайдаланады. Қарбыздың тәтті бөлігі мен шырыны шөл басады, несеп жүргізеді. Дәндерінің қан тоқтататын және ішек құртын түсіретін қасиеті бар. Халық медицинасында Қарбыздың жемісін шемен мен сары ауруға қарсы қолданады.

Жаз мезгілі шуақты күнімен, жайқалып өскен гүлімен, асыр салып ойнаған балаларымен есте қалады. Айналаңызға көз салсаңыз, бояуы қанық табиғат суреттері өзіне тамсандыра түседі. Ең бастысы, барлығымыз сүйіп жейтін жеміс-жидектер піседі. Әдетте күнделікті тұтынатын тағамдарымыздың қаншалықты пайдалы екеніне мән бермейміз. Сол себепті ең дәмді жеміс — қарбыздың адам денсаулығына пайдасы туралы жазуды жөн көрдік.

Қарбызды, көбінесе жаз айымен байланыстырамыз. Мүмкін оның жарқын түсінде, хош иісі мен ауыз үйірер дәмділігінде шығар. Сондай-ақ, қарбыз адам денсаулығына өте пайдалы: 200 грамм қарбызда сіздің күнделікті нормаңызға қажет 20% С дәрумені, 17% А дәрумені бар. Қарбызды буынның ұстамалы және қабыну ауруларын, жүрек-қан тамырларын емдеуде қолданады. Сонымен қатар, оны үздіксіз пайдалансаңыз, гастрит ауыруын да емдеп шығуға болады.

Қарбыздың отаны – Африка, дәлірек айтқанда Оңтүстік Африка саналады. Онда бүгінгі күнге дейін бұл өсімдіктің жабайы түрлері ұшырасады. Қарбыздар дәл осы мекеннен әлемнің түкпір-түкпіріне таралған.

Ежелгі Египетте де қарбыздар кең танылған, ал Еуропада ХІ ғасырлардан бері белгілі болса, Ресейде XVII ғасырдың ортасында ғана өсіріле бастады.

ӨсімдіктіңҚытайдағы мәртебесі өте жоғары. «Батыс қарбызы» деген атау бергендеріне қарағанда, қытайлықтар оны еуропалықтардан әкелген. Күні бүгінге дейін қытайлықтар қыркүйек айында «қарбыз мерекесін» жоғары дәрежеде атап өтеді.

Зерттеудің мақсаты: Қарбыздың өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Қарбызды тұрмыста пайдалану және оның емдік қасиеттерін ашып көрсету.

Міндеттері:

Қарбызға сипаттама беру, оның түрлеріне зерттеу жасау;

  • Қарбыздың құрамы және пайдасын айқындау;
  • Қарбыздың шипалық қасиеттеріне сипаттама жасалды;

  • Қарбыздан әзірленген дәмі тіл үйіретін 10 тағамды танып білу;

  • Қарбызды өсіру технологиясын анықтау.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Қарбызға сипаттама, оның түрлері:

Қарбыз (Citrullus) – асқабақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдік. Және де бақша дақылдарының ішінде ең көп тарағандарының бірі. Жер бетінде қарбыздың бес жүзден астам сорттары өсіріліп келеді. Бұл дақылдың жабайы түрлері де бар. Ол негізінен, Африкада, Иранда, Орта Азияда, Ауғанстанда ұшырасады. Қарбыздың қазақ жерінде көп өсірілетін аймағы – Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстары. Осы өңірлердің ауа-райы да, жерінің құнарлығы да, ылғалдылығы да әртүрлі. Соған байланысты ол аймақта өсірілетін қарбыздардың да сорттары әртүрлі.

Асханалық қарбыздардың барлық аудандастырылған сорттары оның мәдени түрінен шығып, өсіп-өнген. Тамыры тармақты, жапырақтары ірі, гүлдері ақсары түсті, сабағы төселмелі, ұзындығы 2-3 метрдей. Қарбыз гүлі дара жынысты, бір үйлі, кейде 2 үйлі де болып келеді. Қарбыздардың түсі ақ, ала, қоңыр жолақты. Жемісі тәтті шырынды қызыл, қызғылт, күрең қызыл, сирегірек ақ және сарғыш. Тағамдық қарбыздың салмағы 0,6-16 келі, мал азықтық қарбыздың салмағы 10-15 келі. Қарбыздың үш түрі бар. Олар: жабайы өсетін, асханалық, азықтық. Жылу сүйгіш дақыл, ыстыққа, құрғақшылыққа төзімді, тез үсік алғыш. Өңделіп, тыңайтылған жердің топырағында жақсы өседі.

Астрахан қарбызы

Кримсон свит

Чарльстон грей

Жалпы, қарбыздың аналығы мен аталығы болатыны белгілі. Аталығына қарағанда, аналығы дәмдірек келеді. Өкінішке қарай, өзіңіз өсірмесеңіз, өнімнің жүз пайыз сапалы екендігіне ешкім кепілдік бермейді. Сондықтан әсіресе, балаларға берген кезде абай болған жөн. Ең нитраттар жиналатын зиянды бөлігі болып қабығына жақын тұрған жұмсағы саналады, сондықтан балаларға ортасынан кесіп берген жөн. Бірақ 2 жастан кіші балаларға беруге болмайды. 2-3 жастағы балалар үшін 100 грамы жеткілікті болса, 3-6 жастағылар үшін 150-ден асырмау керек.

Сонымен, оның адам денсаулығына пайдасына тоқталатын болса, адам ағзасына қажетті бір күндік магнийді бар-жоғы 150 грамм қарбыз қамтамасыз ете алады екен. Өйткені оның құрамында магний өте көп. Сондықтан артериялық қанқысымы бар жандарға оны ас мәзіріне міндетті түрде қосуы керек. Сондай-ақ қарбыз адам бойындағы холестиринді шығарады, бұл жүрек-қантамырлары ауруларына шалдыққандарға пайдалы. Қарбыздың ерекшелігі сол, оның шырынында табиғи қышқылдар мен тұздар болмайды. Бұл оның басқа жеміс-жидектерден бірден-бір артықшылығы. Бірақ ол сілтіге бай. Осының барлығы оны несеп жолдары үшін өте пайдалы қылады. Сондықтан дәрігерлер бүйрегіне тас байланған жандарға осы жемісті жеуге кеңес береді. Қуықтың қабынуы, бүйректің қабынуы кезінде қарбызды көбірек пайдаланған жөн. Мамандар күніне тәтті жемістің кем дегенде 2 келісін жеуді ұсынады. Ол қаназдықты емдеуде де жақсы көмекші.

2. 3 Қарбыздың шипалық қасиеті

Қарбыз өте дәмді, өте шипалы дақыл. Қарбыз науқанының бел ортасы – тамыз айы. Жаз бойы қарбыз жей алғандардың денсаулығы да жақсарып, бойларына ерекше күш-қуат жиналған шағы осынау қыркүйек, қазан айлары. Қарбыз (қауын да) негізінен, көтеу (геморой), бүйрек, бауыр, асқазан-ішек жолдары ауруларына, әсіресе, бүйрек, бауырға құм жиналып қалғанында оған жақсы ем. Алайда қарбызды осындай дертіме шипа болсын деп, мөлшерден тыс көп жеп қойсаңыз ол ағзаңызға өте зиянды. Осыны есте ұстаңыз.

Қарбыз жеп, денсаулығыңызды түзегіңіз келсе, ең бірінші, оның піскенін дұрыс таңдай біліңіз. Жалпы, піскен қарбыздың бүйірінде сарғыш дақтары болады. Және де жақсы пісіп, жетілген қарбыздың қабығы да жалтырап тұрады, сыртынан саусақпен немесе алақанмен ұрып қалғанда таза әрі анық дыбыс естілуге тиісті. Егерде қатаң дыбыс шығарса, оның әлі де пісе қоймағаны. Ең жақсысы, қарбыздың піскен, піспегенін білу үшін сатушыға тілік кесіп көрсетуді талап ету. Сонда сатып алғалы тұрған өніміздің қандай екенін өз көзіңізбен көресіз.

Қарбыз – жерден өсіп шығатын дақылдар ішіндегі ең ірілерінің бірі. Ертедегі арабтар оның емдік қасиетін білген. Қарбызды тамақ ішер алдында жесе, денедегі барлық ауруларды шығаратын және бүкіл ағзаны тазартатын қасиеті бар деп санаған.

Қарбыз ми белсенділігін арттырады. Үлкен жемістің құрамында ақыл-парасат деңгейінің көтерілуіне әсер ететін В6 дәрумені бар. Әсіресе қоршаған ортаға тәуелді балалар үшін пайдасы мол.

Адамның миында қанша сұйықтық болса, қарбызда да сол мөлшерде су бар. Әдетте қарбыз суы адам миындағы сұйықтық концентрациясына тең болғандықтан, денсаулығы үшін өте пайдалы деп есептеледі. Алайда бұл айтарлықтай маңызды емес. Су қашан да артықтық етпейді.

Қарбыздың құрамындағы ликопин мөлшері қызанақпен салыстырғанда 1,5 есе көп. Ликопин дегеніміз – ағзадан қауіпті заттарды сыртқа шығаратын күшті антиоксидант. Сондықтан қызанаққа қарағанда, қарбызды тұтыну 1,5 есе пайдалы болмақ. Қарапайым логика. Мұны қарбыздың дәретханаға жүгірткізетінінен-ақ байқауға болады.

Ультракүлгін сәуледен қорғайды. Қарбыздың құрамында ликопиннен өзге каротиноидтар да бар. Аталған зат адам терісін күн сәулесінен қорғайды. Осы пайдасын ескеріп, оны теріге жағудың қажеті жоқ. Әйтпесе ара мен шыбын-шіркейдің жеміне айналып жүрерсіз.

Қарбыз әртүрлі болады. Қазақстанның кез келген тұрғынынан сұрайтын болсаңыз, «Тәтті қарбыздың сырты жасыл, іші қызыл болады» деп жауап береді. Алайда оның сіз бен біз білмейтін сары сорты бар. Сырты жасыл болғанымен, іші піскен ананас секілді сап-сары.

Сыртқы пішініне қарай да түрлі болып келеді: дөңгелек, сопақ, пирамидаға ұқсас, төртбұрыш. 2012-2013 жылдары көршілес Ресей еліне жапондық төртбұрышты қарбыздар алып келген болатын. Олардың біреусісінің бағасы 12 000-20 000 рубльді құраған. Бағасының қымбат екеніне қарамастан барлығы да сатылған.

Қарбыз көзге пайдалы. Оның құрамында адамның көру мүшесінің жұмысын жақсартатын А дәрумені бар. Көзіңіздің сау болғанын қаласаңыз, күнделікті 100 грамм қарбыз жеңіз.

Жапониялықтардың төртбұрыш қарбызымен бұрынғы домалақ қарбыздың генінде пәлендей өзгешелік жоқ. Бұл қарбызды егушілер бастабында бұл қарбыздың бостықты аз иелеп, сақтауға қолайлы болатын қасиетінен пайдаланбақ болған. Олар бұл қарбызды мөлдір қораптың ішіне салып өсіретіндіктен, піскен кезде төртбұрыш формасында болып шығады.

Мансап жолын жаңадан бастап жатқан спортшылар үшін пайдалы. Кез келген істі бастау қиын. Әдетте бірінші күні көп жаттығамыз деп артынша бірнеше күн бойы ауырып жатамыз. Қарбыздың құрамындағы цитруллин ауырсынуды басады. Бірақ жаттығу соңында ғана жегеніңіз абзал.

Ең дәмді диета. Таңғажайып оқиғалар жүзеге асады деп айта алмаймыз. Алайда 2-3 артық келі салмақтан арылуға көмектсетініні анық.

  1. 4 Қарбыздан әзірленген дәмі тіл үйіретін 10 тағам

Фета ірімшігі қосылған қарбыздан әзірлеген салат

  • Қарбыз қабықтарындағы жеміс желесі
  • Қарбыздан жасалған себеттегі жеміс салаты
  • Қарбыз шырыны

Ә. Жангелдин атындағы №27 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бекмурза Әдемі

1 сынып оқушысы

«Қарбыздың пайдасы»

Секция: медицина, психология, валеология

Ғылыми жетекшісі:

Ә. Жангелдин атындағы №27 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекттік бастауыш сынып мұғалімі: Мекенбаева Аманкуль Амирбековна

1 «А» сынып оқушысы Бекмырза Әдемінің «Қарбыздың пайдасы» атты ғылыми зерттеу жұмысына

Пікір

Ғылыми зерттеу жұмысында 1 «ә» сынып оқушысы Бекмурза Әдемі адамдардың күнделікті өмірде пайдаланып жүрген қарбыз жайлы мәліметтер жинау, өсіру, бақылап танысып, әртүрлі жолдарын зерттеуді мақсат еткен.

Ғылыми жұмыстың жазу барысын Жапонияда өсірілетін қарбыздың түрін, басқада сары, қара қарбыздардың қарапайымдылығына қарамастан, олардан бетке маска жасауға болатындығы жайынды жалпы оның қаншама таңқаларлық сырларын біліп ерекшеліктерін сипаттап жазған. Бүгінгі таңда қолданыста жүрген көкөніс жайлы таныстыру, қызығушылығын арттыру оны тек алға жетеледі.

Бекмурза Әдемінің бұл зерттеу жұмысындүниетану, зерттеу негіздері сабақтарында, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Ғылыми жұмысты оқи отырып оқушының алдына қойған мақсатына жеткенін байқауға болады. Өз зертеу жұмысында түрлі әдебиеттерді ізденімпаздықпен пайдалана білген.Зертеу жұмысы баланын жас ерешекшелігіне лайық.

Жетекшісі:

Ә. Жангелдин атындағы №27 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекттік бастауыш сынып мұғалімі: Мекенбаева Аманкуль Амирбековна

Аңдатпа

Мақсаты:Адамдардың күнделікті өмірде пайдаланып жүрген қарбыз жайлы мәліметтер жинау, өсіру, бақылау.

Міндеті: Бүгінгі таңда қолданыста жүрген көкөніс жайлы таныстыру, қызығушылығын арттыру.

Тәжірибелік маңыздылығы: Жапонияда өсірілетін қарбыздың түрін, басқада сары, қара қарбыздардың қарапайымдылығына қарамастан, олардан бетке маска жасауға болатындығы жайынды жалпы оның қаншама таңқаларлық сырының зерттеліп ашылуы.

Зерттеу болжамы:

  • Қарбыз қайда өсіріледі?
  • Мәселен, қарбыз тіршілік үшін қажетті ме?
  • Егер қарбыз болмаса немен ауыстыруға болар еді??

Ғылыми жобамыздың зерттеу кезеңдері:

  • Кітаптарды, журналдарды, тарихи әдебиеттерді, зерттеулерді оқып, қарбыз туралы материал жинау;
  • Материалдар жинағын құрастыру;
  • Ғылыми жобаны компьютерге теру, басып шығару.

Ғылыми жобамыздың зерттеу әдісі:

  • Зерттеу жұмысында қарбыздың тарихын іздестіріп, материалдар жинақтау.
  • Бүгінгі таңда қарбыздың күнделікті өмірде қалай қолданылатынын көрсету;

Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:

  • Қарбыз тарихы туралы материалдар жинақталды.
  • Басқа елдер мен өзім отырғызған қарбыз салыстырылды.
  • Сынып сағаттарында, дүниетану сабақтарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Міндеттерді шешу әдістері:

қарбыздың пайдасы мен зияны туралы мәлімет жинақтау;

-Жинақталған мәліметтерді сұрыптау,салыстыру;

  • Бүгінгі таңда қарбыздан жасалған өнімді күнделікті өмірде қалай қолданылатыны төңірегінде өзіндік ой топшалау.

І. КІРІСПЕ

Қарбыз (Cіtrullus) – асқабақ тұқымдасына жататын бір немесе көпжылдық өсімдік. Ең көп тараған бақша дақылдарының бірі. Дүниежүзінде 500-ден аса асханалық Қарбыз сорттары өсіріледі. Жабайы түрі Африкада, Иранда, Орта Азияда, Ау5анстанда кездеседі. Қазақстанда — Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан , Ақтөбе, Алматы облыстарында көбірек өсіріледі.

Қарбыздың отаны – Африка, дәлірек айтқанда Оңтүстік Африка саналады. Онда бүгінгі күнге дейін бұл өсімдіктің жабайы түрлері ұшырасады. Қарбыздар дәл осы мекеннен әлемнің түкпір-түкпіріне таралған.

Ежелгі Египетте де қарбыздар кең танылған, ал Еуропада ХІ ғасырлардан бері белгілі болса, Ресейде XVII ғасырдың ортасында ғана өсіріле бастады.

ӨсімдіктіңҚытайдағы мәртебесі өте жоғары. «Батыс қарбызы» деген атау бергендеріне қарағанда, Қытайлықтар оны еуропалықтардан әкелген. Күні бүгінге дейін қытайлықтар қыркүйек айында «қарбыз мерекесін» жоғары дәрежеде атап өтеді.Топырақтың ылғалдылығы мен ауа райының әртүрлі болуына байланысты бұл облыстарда өсірілетін сорттары да әртүрлі болады. Барлық аудандастырылған сорттары мәдени түрінен шыққан. Тамыры тармақты. Жапырақтары ірі, гүлдері ақсары түсті, сабағы төселмелі, ұзындығы 2 – 3 м-дей болады. Гүлі дара жынысты, бір үйлі, кейде екі үйлі. Түсі ақ, ала, қоңыр жасыл жолақты. Жемісі тәтті шырынды қызыл, қызғылт, күрең қызыл, сирегірек ақ және сарғыш болады. Тағамдық Қарбыздың салмағы 0,6 – 16 кг, құрамында 11% қант, витамин, т.б. заттар бар. Қарбыз – жылу сүйгіш, ыстыққа және құрғақшылыққа төзімді өсімдік, бірақ үсікке төзімсіз. Негізінен, өңделіп тыңайтылған жердің топырағында жақсы өседі. Мал азықтық Қарбыздың салмағы 10 – 15 кг. Құрамында 2 – 3% қант болады. Қарбыздың жабайы өсетін, асханалық және азықтық үш түрі белгілі. Осыған орай Қазақстанда ерте пісетін Қырым жеңімпазы – 395; орташа пісетін Княжин, Тұтасжапырақты, Стокс 647/649, БагаевМурашка 747/749; кеш пісетін Дилноз сорттары кеңінен аудандастырылған. Қарбыз егілетін жер күзде 25 – 27 см тереңдікте жыртылады да, ерте көктемде тырмаланып, екі рет қопсытылады. Шопағын 6 – 8 см тереңдікке егеді, 9 – 12 рет суарады. Емдік мақсатқа Қарбыздың шырынды бөлігі мен қабығын және дәндерін пайдаланады. Қарбыздың тәтті бөлігі мен шырыны шөл басады, несеп жүргізеді. Дәндерінің қан тоқтататын және ішек құртын түсіретін қасиеті бар. Халық медицинасында Қарбыздың жемісін шемен мен сары ауруға қарсы қолданады.

Қарбыз өсіру

Оны суық желден қорғалған жерде өсіреді. Бұл дақыл үшін органикалық заттарға бай құмды және құмайт топырақты жер қажет. Жерді терең жыртады немесе терең қазады, ол өсімдіктің жақсы өсуіне басты кепіл. Тұқым отырғызуды 8-10 сантиметр тереңдіктегі топырақ 15-17 градусқа дейін қызған кезде, сәуір айының соңынан мамыр айының онына дейінгі аралықта бастайды. 2-3 жыл сақталған тұқым бар болса, тіпті жақсы. Былтырғы егіннен қалған тұқымды 2 сағат бойы 40-50 градуста қыздырып барып отырғызады. Тұқым кеш егілсе, оны көктетіп отырғызады. Термикалық өңдеуден өтсе, оңды болады. Ол үшін ыстық суға (60-65 градус) тұқымды салып, 3-4 минут ұстайды, сосын 3-4 күн бойы 25 градус температурада мақталы төсеніште, ылғалды жабын астында ұстап, көктетеді. Дәні жұқа қабығынан үйкелегенде түсіп қалатындай жағдайға жеткенде тұқымды жерге отырғызған жөн. Тұқымды отырғызғанда бір ұяшыққа 5-6 дәннен салады, олар өсіп шыққанында, әр ұяда тек бір ғана мықты, жақсы дамығанын қалдырады. Көшеттер көтерілгенде, кетпенмен қопсытып, жан-жағын ылғал топырақпен жабады. Алғашқы суару тұқымның өсуі алдында немесе тұқым өсіп шыға салысымен. Қарбызды екінші рет суару сабақтары шыққан кезде, үшінші рет суару жемісінің пісуі алдында. Суды көп мөлшерде жиі-жиі құйып, суара бермеңіз. Ыстық күндері піскендерін іріктеп, жинап алыңыз. Дақылдарды ауа-райы суымай тұрып жинап алған дұрыс. Адам ағзасына қажетті бір күндік магнийді бар-жоғы 150 грамм қарбыз қамтамасыз ете алады екен. Өйткені оның құрамында магний өте көп. Сондықтан артериялық қанқысымы бар жандарға оны ас мәзіріне міндетті түрде қосуы керек. Сондай-ақ қарбыз адам бойындағы холестиринді шығарады, бұл жүрек-қантамырлары ауруларына шалдыққандарға пайдалы. Қарбыздың ерекшелігі сол, оның шырынында табиғи қышқылдар мен тұздар болмайды. Бұл оның басқа жеміс-жидектерден бірден-бір артықшылығы. Бірақ ол сілтіге бай. Осының барлығы оны несеп жолдары үшін өте пайдалы қылады. Сондықтан дәрігерлер бүйрегіне тас байланған жандарға осы жемісті жеуге кеңес береді. Қуықтың қабынуы, бүйректің қабынуы кезінде қарбызды көбірек пайдаланған жөн. Мамандар күніне тәтті жемістің кем дегенде 2 келісін жеуді ұсынады. Ол қаназдықты емдеуде де жақсы көмекші болады.
Бұл жеміс — арықтағысы келіп жүрген жандарға таптырмас құрал. Өйткені оның құнарлығы өте төмен. Жүз грамында бар-жоғы 38 килокалория болады екен. Оны жегенде тез тойып кеткендей әсер болатындықтан, тәбетті төмендету үшін де пайдаланылады. Тіпті оның жұмсағынан бетке арналған жақпа дайындайды. Жұмсағын мыжып, бетке жағып оны 20 минуттан кейін жуып тастаса, бет біраз жасарып қалады.
Қарбыздың тек жұмсағы ғана емес, қатты қабығы да пайдалы бола алады. Оның қабығынан жүрек пен бүйрек ауруларына байланысты пайда болатын ісіну мен домбығудан арылтатын қайнатпа дайындауға болады. Қарбыздың дәндері де пайдалы. Оны құрғатып, кофе ұнтақтағыштан өткізіп, 1:10 қатынасында сүт қосып жіберсе, ағзаны паразиттерден тазартатын қайнатпа дайын. Бірақ мұндай қайнатпаларды дәрігермен кеңесіп барып ішу қажет. Өйткені қарбызды жеуге болмайтын жағдайлар да бар. Созылмалы ішек ауруымен ауыратындарға қарбызды көп жеудің қажеті жоқ. Ол ішті кептіріп жібереді. Қант диабетімен ауыратындарға да пайдалы емес. Сондай-ақ жүктіліктің соңғы үш айында одан бас тартқан абзал.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Жапонияда өсірілген төртбұрышты қарбыз. Сақтау және тасымалдау өте ыңғайлы

2.1. Қарбыздың түрлері:

Қара қарбыз

Сары карбыз. Әдеттегі және жабайы жемістерді шағылыстырып алған

Жалпы, қарбыздың аналығы мен аталығы болатыны белгілі. Аталығына қарағанда, аналығы дәмдірек келеді. Өкінішке қарай, өзіңіз өсірмесеңіз, өнімнің жүз пайыз сапалы екендігіне ешкім кепілдік бермейді. Сондықтан әсіресе, балаларға берген кезде абай болған жөн. Ең нитраттар жиналатын зиянды бөлігі болып қабығына жақын тұрған жұмсағы саналады, сондықтан балаларға ортасынан кесіп берген жөн. Бірақ 2 жастан кіші балаларға беруге болмайды. 2-3 жастағы балалар үшін 100 грамы жеткілікті болса, 3-6 жастағылар үшін 150-ден асырмау керек.
Сонымен, оның адам денсаулығына пайдасына тоқталатын болса, адам ағзасына қажетті бір күндік магнийді бар-жоғы 150 грамм қарбыз қамтамасыз ете алады екен. Өйткені оның құрамында магний өте көп. Сондықтан артериялық қанқысымы бар жандарға оны ас мәзіріне міндетті түрде қосуы керек. Сондай-ақ қарбыз адам бойындағы холестиринді шығарады, бұл жүрек-қантамырлары ауруларына шалдыққандарға пайдалы. Қарбыздың ерекшелігі сол, оның шырынында табиғи қышқылдар мен тұздар болмайды. Бұл оның басқа жеміс-жидектерден бірден-бір артықшылығы. Бірақ ол сілтіге бай. Осының барлығы оны несеп жолдары үшін өте пайдалы қылады. Сондықтан дәрігерлер бүйрегіне тас байланған жандарға осы жемісті жеуге кеңес береді. Қуықтың қабынуы, бүйректің қабынуы кезінде қарбызды көбірек пайдаланған жөн. Мамандар күніне тәтті жемістің кем дегенде 2 келісін жеуді ұсынады. Ол қаназдықты емдеуде де жақсы көмекші.

2.2. Қарбыздың құрамы және пайдасы

Қарбыздың сөлі мен қызыл еті – несеп және өт айдауда аса пайдалы. Оның етінде фруктоза, азотты заттар, жасұнық, темірдің минералды тұздары, В1, В2, С және РР дәрумендері, каротин бар. Қарбызды буынның ұстамалы және қабыну ауруларын, жүрек-қан тамырларын емдеуде қолданады. Сонымен қатар, оны үздіксіз пайдалансаңыз, гастрит ауыруын да емдеп шығуға болады. Пісіп-толған қарбыздың құрамында 2,5-12% қант, ал дәнінде 25-30 % май болады. Қарбыздың бір үзімінде 48 калорий бар.

Қарбыз – өте жақсы тағам және дертке дауа болар дәрі. Олар геморой, бүйрек, бауыр, асқазан-ішек жолдары ауруларына, әсіресе тас немесе құм жиналып қалған жағдайда ем бола алады. Ұмытпаңыз, бұл жемістерді шамадан тыс жеу – денсаулығыңыз үшін өте қауыпты.

Қарбыздың құрамында

Әбден піскен қарбыз жемісі өте дәмді. Тек уақыт өткен сайын оның бұл тәтті дәмі жоғала бастайды. Қарбыздың құрамында орташа есеппен, су – 95 пайыз, қант – 7 пайызға жуық, кейбір сорттарында 12-14 пайызға дейін болады. Сондай-ақ, қарбыз жемісінде көмірсутегі де көп мөлшерде, мұнан басқа жемісте 1,5 пайызға дейін ұлпа өзектері мен гемицеллюлозалар, А, В, С, РР дәрумендері, фруктоза, азотты заттар, темірдің минералды тұздары, каротин бар. Дәнінде 25-30 пайыз мөлшерде май кездеседі.

Қарбыз жемісін негізінен, жаңа піскен күйінде мынандай тағамдар жасауға пайдаланады: қарбыз балын, кондитер өнімдерін, цукаттар, кәмпиттер жасау үшін және тұздалған қарбыз дайындауға, құрамында майы көп (кейбір сорттарында 50 пайызға дейін) қарбыз дәнінен жоғары сапалық тағамдық май алу үшін. Қарбыздарға қолайлы жағдай жасай отырып, оны қоймаларда, қораларда, гараждың астындағы картоп сақтайтын орында (погребте) қаңтар айына дейін сақтап, жаңа жылда мерекелік дастарханға қоюға болады.

Төменде қарбызға қатысты бірнеше қызықты фактіге тоқталамыз.

1. Қарбыздың құрамында жаңа піскен қызанаққа қарағанда ликопин көп.

Ликопин антиоксидант ретінде маңызды: ол рак және жүрек-тамыр ауруларының алдын алуы мүмкін. Зерттеулерге қарағанда, қарбыздың құрамындағы антиоксиданттарды анағұрлым ұзақ уақыт сақтау керек болса, оны бөлме температурасында сақтау керек.

2. Қарбыздың шырыны бұлшық еттердегі ауруларға көмектеседі.

Жаттығудан кейін қарбыз шырынын ішіңіз, ол бұлшық еттегі ауруларды басуға көмектеседі. Өйткені, қарбыз шырынының құрамында цитруллин — адам организмі үшін өте маңызды амин қышқылы болады. Қарбыз шырынының антиоксидантты қасиеттері бұлшық ет ақуыздарын көбейтуге мүмкіндік береді.

3. Қарбыз қабығы мен дәнінің пайдалы қасиеттері

Қарбыздың жаңа аршылған қабығы бас ауруға бірден бір ем. Ал қарбыздың кепкен қабығынан несеп жолдарының түрлі ауруларына қайнатпа, тұнбалар жасайды. Сондықтан қарбыздың қабығын тастамаңыздар – көріп отырғандарыңыздай, олар да сізге пайдалы бола алады. Дәндерінің қан тоқтататын және ішек құртын түсіретін қасиеті бар. Халық медицинасында қарбыздың жемісін шемен мен сары ауруға қарсы қолданады.

4. Қарбыз шөлді қандырады.

Қарбыз — дәмді ас. Жейсің әрі суын ішесің. Қарбыздың көп бөлігін су құрайды. Көп адам қарбызды оның тәттілігінен шөлді басуға пайдаланбайды, алайда оның құрамында түрлі газдалған сусындар мен жемісті шырындарға қарағанда қант болмайды.

5. Қарбыздардың сары түстісі де болады.

Бәрі біле бермесі анық, бізге балалық шағымыздан белгілі қызыл қарбыздан басқа іші ақшыл-сары түсті қарбыздар бар. Сырты бірегей қызыл түсті, ал дәмі сәл тәттірек. Ресейде сары қарбыздарды Астраханда өсіреді. Егер сіз жазғы рационыңызды түрлендіргіңіз келсе, міндетті түрде сары қарбызды жеп көріңіз.

2.3.Қарбыздың шипалық қасиеті

Қарбыз өте дәмді, өте шипалы дақыл. Қазір қарбыз науқанының бел ортасынан асқан кезеңі. Жаз бойы қарбыз жей алғандардың денсаулығы да жақсарып, бойларына ерекше күш-қуат жиналған шағы осынау қыркүйек, қазан айлары. Қарбыз (қауын да) негізінен, көтеу (геморой), бүйрек, бауыр, асқазан-ішек жолдары ауруларына, әсіресе, бүйрек, бауырға құм жиналып қалғанында оған жақсы ем. Алайда қарбызды осындай дертіме шипа болсын деп, мөлшерден тыс көп жеп қойсаңыз ол ағзаңызға өте зиянды. Осыны есте ұстаңыз.

Қарбыз жеп, денсаулығыңызды түзегіңіз келсе, ең бірінші, оның піскенін дұрыс таңдай біліңіз. Жалпы, піскен қарбыздың бүйірінде сарғыш дақтары болады. Және де жақсы пісіп, жетілген қарбыздың қабығы да жалтырап тұрады, сыртынан саусақпен немесе алақанмен ұрып қалғанда таза әрі анық дыбыс естілуге тиісті. Егерде қатаң дыбыс шығарса, оның әлі де пісе қоймағаны. Ең жақсысы, қарбыздың піскен, піспегенін білу үшін сатушыға тілік кесіп көрсетуді талап ету. Сонда сатып алғалы тұрған өніміздің қандай екенін өз көзіңізбен көресіз.

Қарбызбен бүйректі тазарту. Бұл емді жаздың соңындағы қарбыз маусымында жасаған жөн. Өйткені, ол кезде қарбыз да, оның түрлері де көп. Қарбызбен бүйректі былайша тазартады: бір апта бойы қарбыз бен қара нанды ғана жейді, басқа тағамдарды араластырмайды. Осы ем-дәм әрі тамақ, әрі сусын орнына жүретін емдік әдіс. Бір апта қарбыз жеген соң ыстық ванна қабылдап, сол су ішінде отырып, үсті-үстіне мұздай қарбызды жеу қажет. Осынау емді бүйрек белсенділігі артатын сағат 17-21 аралығында немесе түнгі сағат 2-3 аралығында жасайды. Ыстық ванна мен мұздай қарбыз зәрді қуалайды, сөйтіп, бүйректегі құм мен тасты сыртқа айдап шығарады. Мұны «пышақсыз операция (отау)» деп те атайды.

Жүрегі ауыратын адамдар ыстық ванна, суық қарбыз емін қолданғанда корвалол, валидол дәрісін, мүсәтір спиртін жанына дайындап қоюға тиісті. Себебі, сол ем кезінде жүрегі қысып, ауыра қалса, әлгі дәрі-дәрмектерді қолданып, ауруын жеңілдете алады. Қарбызбен бүйректі тазарту емінің алғашқы аптасы өз нәтижесін бермесе, араға екі апта уақыт салып, емді қайта жалғастыру керек.

Қуық қабынғанда. Қарбызды жейді. Өйткені, ол күшті зәр айдағыш. Және ол қуықтағы тасты да ерітеді. Қарбыз сөлі арқылы қуықтағы жұқпалы вирусты сыртқа айдап шығуға болады.

Еркек белсіздігінде. Оған шипалы тағамдар: қарбыз, жүзім, қызанақ, теңіз ұлулары. Олардың құрамында ликопен антиоксиданты шәуетке жағымды әсер етеді. Үнді ғалымдарының зерттеуінше, ұрық сұйықтығында шәуеттің аздығынан, оның құрылымындағы ауытқулардан, қозғалғыштығының төмендігінен бала бітпесе, қарбыз жеп, оның құрамындағы ликопенмен емделген соң шәуеттің жағдайы жақсарады. 63 пайызында шәует құрылымы оңдалып, 73 пайызында қозғалғыштығы артады.

Күйіктегі қытайдың қарбыз емі. Ашытылған қарбыз шырынымен жоғары дәрежедегі күйіктің залал-зардабын қайтаруға болады, — деп жазып кеткен қытайдың ежелгі халық емшілері. Бұл ем әсіресе, күйіктің үшінші дәрежелісін емдеуге кеңінен пайдаланылады. Оның емдік шарасының жасалу тәртібі мынандай: Ең алдымен күйікті салқын физиологиялық ерітіндімен жуып алады, сосын күйген жерге бірнеше рет қарбыз шырынына малынған таңғышты байлап, ауыстырып отырады.

Қарбыз шырыны былай дайындалады: піскен қарбыздың жұмсақ еті мен сөлін таза шыны банкаға құйып, жақсылап араластырады. Кейін аузын мықтап бекітіп тастап, бөлме температурасында 3-4 ай сақтап қояды. Сосын шырынды сүзіп алады. Сол шырын біраз тұрған соң қышқылданады. Дәмі солай қышқылданғанында оған таңғышты батырып алып, күйген жерге басады. Осы емнің жәрдемімен бірінші, екінші дәрежедегі күйіктерді 8-9 күнде, үшінші дәрежедегі күйікті 18-21 күнде жазып, айықтыруға болады. Мұндай шипалық ашытылған қарбыз шырынын халық емшілері алдын-ала дайындап қояды.

Дәрігер-диетологтар тамыз айында қарбыздың көмегімен денсаулықты біраз түзеп алуға да болады деп есептейді.
Өзіңіз өсірмесеңіз, өнімнің жүз пайыз сапалы екендігіне ешкім кепілдік бермейді. Қарбыздың нитраттар жиналатын зиянды бөлігі — қабығына жақын тұрған жұмсағы. Сондықтан, әсіресе, балаларға ортасынан кесіп берген жөн. Бірақ 2 жастан кіші балаларға беруге болмайды.
Қарбыздың адам денсаулығына пайдасы көп.

Сондай-ақ, жүрек-қантамырлары ауруларына шалдыққандарға да өте пайдалы, себебі, қарбыз адам бойындағы холестеринді шығарады.

Тағы бір ерекшелігі сол, қарбыздың шырынында табиғи қышқылдар мен тұздар болмайды. Бірақ ол сілтіге бай. Ал бұл несеп жолдары үшін өте пайдалы екен. Сондықтан дәрігерлер бүйрегіне тас байланған жандарға осы жемісті жеуге кеңес береді. Қуықтың қабынуы, бүйректің қабынуы кезінде қарбызды көбірек пайдаланған жөн. Мамандар күніне қарбыздың кем дегенде екі келісін жеуді ұсынады. Бұл қаназдықты емдеуге жақсы көмектеседі. Қарбызды жегенде тез тойып кеткендей әсер аламыз. Алайда оның құнарлылығы өте төмен, жүз грамында бар-жоғы 38 килокалория болады екен. Бірақ тәбетті төмендету үшін арықтағысы келетін жандарға таптырмас құрал бола алады.

Бетті күтіп-әрлеуде де қарбызды қолдануға болады. Халық арасында қарбыздың жұмсағынан бетке арналған жақпа дайындайтынын білеміз. Жұмсағын мыжып, бетке жағып оны 20 минуттан кейін жуып тастаса, бет біраз жасарып қалады.

Қарбыздың тек жұмсағы ғана емес, қатты қабығы да пайдалы бола алады. Оның қабығынан жүрек пен бүйрек ауруларына байланысты пайда болатын ісіну мен домбығудан арылтатын қайнатпа дайындауға болады. Қарбыздың дәндері де пайдалы. Оны құрғатып, кофе ұнтақтағыштан өткізіп, 1:10 қатынасында сүт қосып жіберсе, ағзаны паразиттерден тазартатын қайнатпа дайын. Бірақ мұндай қайнатпаларды дәрігермен кеңесіп барып ішу қажет. Өйткені қарбызды жеуге болмайтын жағдайлар да бар. Созылмалы ішек ауруымен ауыратындарға қарбызды көп жеудің қажеті жоқ. Ол ішті кептіріп жібереді. Қант диабетімен ауыратындарға да пайдалы емес. Сондай-ақ жүктіліктің соңғы үш айында да одан бас тартқан абзал.

Қарбыздың адам ағзасына қандай пайдасы бар?

Барлық адам сүйсіне жеп, жаз шыға салысымен сатып алуға асығатын қарбыздың 92 пайызы судан тұрады. Оның адам организмін тазалауда пайдасы орасан екен.

Оның құрамына А, В6, С дәрумен топтары кіреді. Сондай-ақ, антиоксидант және аминокислота секілді пайдалы компоненттер бар. Ыстық күндері қарбыздың маңызы тіптен арта түседі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, ең жоғарғы деңгейдегі дәрумендердің барлығы қарбызда екен. Әдетте мұндай жағдай тек қызыл көкөністерде, жеміс-жидектерде кездеседі екен. Сонымен қатар, қарбызда ликопин компоненті бар. Оның жүрекке, сүйекке пайдасы өте зор.

Қарбыз шырынының қасиеттері мен қанықтығы оны көптеген ауруларға ем болатын дәмді халықтық дәрі-дәрмек етті. Мысалы, ол атеросклероз, артрит, құяң және қант диабеті сынды ауруларды емдеуде үлкен көмек бола алады. Қан қысымы жоғары адамдарға және цистит, простатит сынды аурулардан зардап шегетін адамдарға қарбыз шырынын жиі ішу ұсынылады.

Қарбыздың дәнінде де құнар бар. Өйткені ол нәрлі заттармен байытылған, ішінде минералды тұз, темір және магний бар.

Қарбыздың отаны – Африка, дәлірек айтқанда Оңтүстік Африка саналады. Онда бүгінгі күнге дейін бұл өсімдіктің жабайы түрлері ұшырасады. Қарбыздар дәл осы мекеннен әлемнің түкпір-түкпіріне таралған. Ежелгі Египетте де қарбыздар кең танылған, ал Еуропада ХІ ғасырлардан бері белгілі болса, Ресейде XVII ғасырдың ортасында ғана өсіріле бастады.

Өсімдіктің Қытайдағы мәртебесі өте жоғары. “Батыс қарбызы” деген атау бергендеріне қарағанда, Қытайлықтар оны еуропалықтардан әкелген. Күні бүгінге дейін қытайлықтар қыркүйек айында “қарбыз мерекесін” жоғары дәрежеде атап өтеді.

Қарбыз косметикасы

Қарбыздың бір кесе жұмсағына бананның жарты жұмсақ бөлігін салып езеді, дайын болған соң бетке жағып 10-15 минут ұстайды. Сонан соң бетті жылы сумен жуып тастайды. Бетіңіздің терісі майлы болса, кесе толы қарбыз жұмсағына айран қосып, сол қоспаны бетіңізге жағып, теріңізді жасартып, оған әдемі нәр беріңіз. Қарбыз жемісінен қыз-келіншектер бетін көріктендіретін неше түрлі косметикалық маска жасап, пайдаланады. Мамандардың айтуынша, оны былай жасайды:

Солғын тері маскасы. Қарбыздың жұмсағына бал салып, оны жақсылап араластырады. Оны бетке жағып, 15-20 минут ұстайды, сосын жылы сумен жуады. Бұл маска бетті қатайтады, ылғалдандырады.

Сергітетін маска. Жарты стақан мәнидің қою ұнтақ ботқасын дайындап алады да оған бір жұмыртқаның сарысын қосады, араластырады, үстіне қарбыз шырынын, бал және өсімдік майын құяды, кішкене тұз салады. Масканы бетке 20-30 минутқа жағып, кейін жылы сумен бетті жуып, құрғатады. Бұл маска бетті бірден сергітіп жібереді.

Бетті ағартатын маска. Қарбыздың сыртқы қабығының ішкі жұмсақ жағымен таңертеңгілік, кешкілік бетті уқалап, сүртеді. Бірнеше күн өткенде, бетіңіз ағарып тазарады.

Қалыпты және құрғақ тері маскасы. Бір жұмыртқаның сарысын 2 ас қасық қарбыз шырынымен араластырады, кішкене қаймақ пен өсімдік майын қосады. Қою болуы үшін оған нанның жұмсағын салады. Осы қоспаны бетке жағып, 20 минут ұстайды, сосын бетті жуады. Бет терісі жақсарып, жасарады, өңіңіз шырайланады.

Қызықты мәліметтер

*Қарбыз адам бойындағы холестеринді шығарады, бұл жүрек-қан тамырлары дертіне шалдыққандар үшін керім пайдалы.

  • Қарбыздың шырынында табиғи қышқылдар мен тұздар болмайды. Бұл оның басқа жеміс-жидектерден бірден-бір артықшылығы. Бірақ қарбыз сілтіге бай. Демек, қарбыз жеу несеп жолдары үшін өте пайдалы. Сондықтан дәрігерлер бүйрегіне тас байланған жандарға қарбыз жеуге кеңес береді.
  • Қуық пен бүйректің қабынуы кезінде қарбызды жиірек жеген жөн.

  • Мамандар күніне қарбыздың кем дегенде 2 келісін жеуді ұсынады. Сонда қаназдықтан құтылу мүмкіндігі артады.

  • Қарбыз артық салмақтан арылып, арықтағысы келіп жүргендерге керім. Өйткені оның құнарлығы өте төмен. Бақша өнімінің аталмыш түрінің 100 грамында бар-жоғы 38 килокалория болады екен. Қарбыз жегенде тез тойып кеткендей әсер болатындықтан, ол тәбетті төмендету үшін де пайдалы.

  • Қарбыздың сөлі мен жұмсақ бөлігі несеп және өт айдауда аса пайдалы. Қарбыздың құрамында фруктоза, азотты заттар, темірдің минералды тұздары, В1, В2, С және РР дәрумендері, каротин бар.

  • Қарбызды үздіксіз пайдалансаңыз, гастриттен құтылуға болады.

  • Қарбыздың жұмсағынан бетке арналған жақпа дайындайды. Жұмсағын езіп бетке жағып, оны 20 минуттан кейін жуып тастаса, бет әжептәуір жасарып қалады.

  • Қарбыздың тек жұмсағы ғана емес, қатты қабығы да пайдалы. Оның қабығынан жүрек пен бүйрек дертінен пайда болатын ісіну мен домбығудан арылтатын қайнатпа дайындауға болады. Алдымен қарбыздың қабығын қысқатолқынды пеште кептіріп аламыз. Содан кейін құрғақ қабыққа 1:10 қатынасын-

  • да су құйып, 5 минуттай қайнатамыз. Тұнбасын сүзіп алып, жарты стақаннан күніне 3-4 рет ішеді. Мұндай қайнатпаны жыл бойы дайындауға болады, өйткені құрғақ қабық ұзақ сақталады. Бұл күйік пен ревматизмге де пайдалы екен.

    • Қарбыздың дәндері де пайдалы. Оны құрғатып, кофе ұнтақтағыштан өткізіп, 1:10 қатынасында сүт қосып жіберсе, ағзаны паразиттерден тазартатын қайнатпа дайын. Бірақ мұндай қайнатпаларды дәрігермен кеңесіп барып ішу қажет. Өйткені қарбызды жеуге болмайтын жағдайлар да бар. Мәселен, созылмалы ішек ауруымен ауыратындарға қарбызды көп жеудің қажеті жоқ, себебі ол ішті кептіріп жібереді. Қант диабетімен ауыратындарға да бұл жемістің пайдасы аз. Сондай-ақ жүктіліктің соңғы үш айында қарбыздан бас тартқан абзал.
  • Қарбыздың құрамындағы ликопен ер-азаматтардың жыныстық қарым-қабілетін күшейтеді.

  • Жүрек пен бүйректің досы

    Қарбыздың құрамы, сондай-ақ магнийге бай. 100 грамм өнімде аталған микроэлементтің тәуліктік нормасының 60 пайызы болады.
    Магний жүйке жүйесі мен бұлшық еттердің қызметін жақсартады. Әсіресе шаршап, шалдығып, буындары сырқырап, әлсіреген адамдарға жаздың күні қарбызды көп жеген дұрыс. Ал бүйректе тастың пайда болуының алдын алып, ағзадағы тұзды азайтқыңыз келсе, құрамында магнийі көп қарбыздың диетасына отырғаныңыз абзал.
    Магний тіпті түнде ұйқысы қашып, бірнеше күн бойы мазасы кетіп жүргендерге де көмектеседі.

    Нағыз табиғи шырын

    Табиғи шырын табу қиын. Тетрапакеттегі шырындарға сенуге болмайды. Жаздың дәл осы кезінде шырын ішпесеңіз де болады. Оның орнына қарбыз жеңіз. Жеңіз емес, ішіңіз. Себебі қарбыздың 90 пайызы судан тұрады емес пе? Оның құрамында тетрапакеттегі шырындардай қант немесе оның орнын алмастырғыш жоқ, ол тек қана минералды тұздан тұрады. Сондықтан қант диабетінен зардап шегіп жүргендер де белгілі бір мөлшерде қарбыз жесе болады.
    Қарбыздың салмақ түсіретін бірден-бір жеміс екеніне бірнеше мысал келтіруге болады. Әуелі айтарымыз, қарбыз ағзадағы артық сұйықтықты тез шығарады. Бұл сұйықтық сіздің салмағыңызды 1-2 келіге көбейтіп тұратыны даусыз.
    Әдетте қарбыз жегеннен кейін тойып тұрған сияқты боласыз. Мұның өзі артық тамақ жеуден арылтады. Дәмі тіл үйірер қарбызды көп жеп қойдым-ау деп қорықпайсыз. Дегенмен қарбыздың диетасына екі күннен артық отыруға болмайды. Ал екі күнде арықтап кетпейтініңіз белгілі. Сондықтан нәтиже шықсын десеңіз, араға 3-4 күн салып бұл диетаны қайталаңыз.

    Химия мен биология

    Бүгінгі таңдағы базарда сатылатын қарбыздардың зияны туралы да бір ауыз айтып кеткен дұрыс. Тыңдаңыз, базарда қарбыз саудасы қыз-қыз қайнап жатыр. Аптап ыстық, қарбыз көп өтетін шақ. Осыны пайдаланып қалғысы келетін арам пиғылды бағбандар оның тез өсіп, мол жеміс беруі үшін нитраттар егуді әдетке айналдырған. Адам ағзасына аса зиянды, улы нитраттар алғашында батпандап кіреді. Олар жинала келіп, ағзаны әлсіретіп, жүректі айнытып, ұйқыны қашыруы мүмкін. Әсіресе балалар мен жүкті әйелдерге нитраттар тез әсер етеді. Оған қоса қолдан-қолға өткен қарбыздың сыртқы қабатында микроб көп болады. Оның өскен ортасы, сатылатын жері, сізге жеткенге дейінгі кезеңдер әлбетте тазалық сақтамауы мүмкін. Сондықтан қарапайым қарбыз гигиенасын есте сақтаңыз:
    — Кесілген, жартылай кесілген қарбыз сатып алуға болмайды. Жарық қарбызға жоламаңыз.
    — Дүкендегі кесіліп, тағамдық целофанмен оралған қарбыз қауіпсіз деп ойламаңыз.
    — Үйге әкелген қарбыз бірден үстелге шықпауы керек. Себебі дастарқанда қалған микробтар басқа тағамдарға түсіп кетуі мүмкін.

    Шілде — қарбыз айы (бұл тек халық мейрамы ғана емес, ресми мейрам: «қарбыз айы» туралы резолюция АҚШ-та қабылданған). Ал күні бүгінге дейін қытайлықтар қыркүйек айында «қарбыз мерекесін» жоғары дәрежеде атап өтеді.

    ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

    Қарбыз-жаздың ең жақсы сыйлығы. Шың мезгілін тосып алып, ұзақ уақытқа табиғаттың пайдалы энергиясын қуат алуға болады.

    Қарбыз-90 пайыз судан құралады. Фолиева қышқылының және А,В6, С-ның витаминдер көзі. Қарбыздың бір-екі үзімі С дәрумендінің күнделік норманың жартысын береді. Қарбыздың шырыны мен жұмсағы – несеп пен өт айдауда өте пайдалы.

    Тұз байланыс ауруы, шорбуын, атеросклероз, асқазан ауру, Боткин ауру, бауыр ауру, ет қабы, қанның қысымы, қаны аздақ, жүрек ақауы, мұрыннан қан ағу, семіру-ауруларға қарбыз өте пайдалы.

    Қарбыздан әр түрлі тағам дайындауға болады. Көңіл-күйді да жақсы көтереді. Қарбызды жылы жақтарда өсіргенін бәрі де біледі. Бірақ ұзақ ауқыт бойы сақтауды әр адам білмеу мүмкін. Сондықтан қарбызды пәтерлерде және жер қоймаларда ұзақ мерзім сақтауға болады. Ең бірінші және маңызды шарт қарбыздар бір-біріне тақамау керек. Қыстың ортасында рахаттанып қарбызды жеуге болады.

    Тамыздың 3-і қарбыздың халықаралық күнін тойлайды.

    ІV ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ

    1. Шаңырақ: Үй – тұрмыстық энциклопедиясы.

    Алматы қ. 1990ж.

    1. Брокгаузер және Эфронның энциклопедиялық сөздік

    Москеу 2009ж.

    1. Дәрілік өсімдіктер қазіргі энциклопедиясы. Лавренов В.К.

    Москеу 2009ж.

    1. http://ru Wikipedia.org/wiki/ — кәдімгі қарбыз

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.