Жаңа сабақтар

Жай бөлшектің негізгі қасиеті

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған селосы

Ғ.Сланов атындағы орта мектептің

ІІ саннатты математика пәні мұғалімі

Лұқпанова Гауһар Абатқызы

Сабақ тақырыбы: Жай бөлшектің негізгі қасиеті

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.1С бөлім: Жай бөлшектер

Мектеп: Ғ.Сланов атындағы орта мектеп

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Лұқпанова Гауһар Абатқызы

Сынып: 5 Қатысқандар: 10 Қатыспағандар: 0

Сабақ тақырыбы Жай бөлшектің негізгі қасиеті
Осы сабақта қолжеткізетін оқу мақсаттары 5.1.2.14 жай бөлшектерді қысқартуда бөлшектің негізгі қасиетін қолдану;

5.1.2.15 жай бөлшекті жаңа бөлімге келтіру;

Сабақтың мақсаты Оқушылардың барлығы: жай бөлшектердің анықтамасын, негізгі қасиетін біледі, қолданып есептер шығара алады;

Кейбір оқушылар: мәтінді есептердегі күрделі бөлшектерді қысқартып, өрнектер құра алады, талдайды, өз ойын дәлелдейді.

Бағалау криитерийі Жай бөлшектердің негізгі қасиетін біледі ;

Жай бөлшектің негізгі қасиетін есеп шығару барысында дұрыс қолданады, бөлшектерді жаңа бөлімге келтіреді;

Меңгерген білімін қолдануға берілген мәтінді есептерді шешу алгоритмін талдайды, қорытынды жасайды.

Тілдік мақсаттар 1) Пәндік мақсат:Оқушылар бөлшектің негізгі қасиеті тақырыбы бойынша негізгі ұғымдарды, терминдерді, шешу жолдарын білетін болады.

2) Тілдік мақсат: Оқушылар жай бөлшекті алымын және бөлімін бөліп оқи алады;бөлшектің негізгі қасиетін бөлшектерді қысқартуда және жаңа бөлімге келтіруде қолданады;

3) Пәнге тән лексика мен терминология:

  • үлес;
  • жай бөлшек;

-бөлшектің алымы мен бөлімі;

— жартысы, ширегі, сегізден бірі(т.с.с)

  • бөлшектерді қысқарту;
  • бөлшектің негізгі қасиеті;

-қысқартылмайтын бөлшек;

  1. Диалогқа қажетті тіркестер:
  • Жай бөлшек дегеніміз не ?
  • Жай бөлшектің алымы дегеніміз не?
  • Жай бөлшектің бөлімі дегеніміз не?
  • Жай бөлшектің негізгі қасиеті дегеніміз не?
  • Қысқартылмайтын бөлшек дегеніміз не?
Құндылықтарға баулу «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарына сай, «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы. Ынтымақтаса жұмыс істеуге, бірін-бірі құрметтеуге, өмір бойы білім алуға тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс Жаратылыстану
Алдыңғы білім Жай бөлшектер, үлес, жай бөлшектердің алымы, жай бөлшектің бөлімі, жай бөлшектің негізгі қасиеті, қысқартылмайтын бөлшек
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

2 мин

3 мин

  1. мин
1) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен амандасу;

-жоқ оқушыларды белгілеу;

-сынып тазалығын қадағалау;

«Жағымды сөздер» тренингі. .

Оқушыларды ортаға дөңгелете тұрғызылады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі кез келген қатысушыны таңдайды да, оған жағымды сөзін айтып, допты лақтырады. Доп қатысушылардың бәрінде болып шыққанға дейін ойын жалғаса береді.

Мақсаты: оқушыларды одан әрі ашу, өзін – өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.

2)Топқа бөлу. Оқушыларға стикерлерге жазылған бөлшектер үлестіріледі. Бөлімдері бірдей бөлшектері бар оқушылар бір топқа, алымдары бірдей оқушылар бір топқа топтасады. Сынып 2 топқа бөлінеді.

«Миға шабуыл» стратегиясы бойынша топтарға ортақ ауызша есеп беріледі.

Бөлшекті тиімді тәсілмен қысқартыңдар:

ҚБ. Мұғалімнің ауызша мадақтауы (Өте жақсы! Жарайсыңдар! Сендер таптыңдар! Керемет! Дұрыс!… )

Сабақтың ортасы

6 мин

10 мин

2 мин

10 мин

Сараланған тапсырмалар

І.Топтық жұмыс. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі.

Шарты: берілген тапсырманы оқушылар бір – бірімен топта талдап, орындайды.

І-топ тапсырмалары:

№ 385 Бөлшекті қысқартыңдар:

№ 386. Қорапшада 12 қалам бар. Оның 2-еуi қызыл түстi, 6-уы көк түстi, қалғ аны жасыл түстi. Қорапшадағы қаламдардың қандай бөлiгi қызыл түстi, қандай бөлiгi көк түстi, қандай бөлiгi жа- сыл түстi?

ҚБ: «Бағдаршам»

ІІ-топ тапсырмалары:

№ 385. Бөлшекті қысқартыңдар:

№381. 1) Бақта 42 жемiс ағашы өсiп тұр. Оның 14-i алма ағаштары. Бақтағы жемiс ағаштарының қандай бөлiгi алма ағаштары? 2) Туристер межелеген 162 км қашықтықтың 108 километрiн автобуспен жүрдi. Туристер межелеген қашықтықтың қандай бөлiгiн автобуспен жүрдi?

ҚБ: «Бас бармақ»

ІІ. Топтық жұмыс.

«Басқыш» әдісі.

Шарты:Оқушылар жеңіл есептерден қиын есептерге дейін көтеріліп есептере шығарады.

А деңгейі:

№383. жай бөлшектерін бөлімі 30-ға тең жай бөлшекке келтіріңдер

№384. жай бөлшегін бөлімі 1)14; 2) 28; 3) 35; 4) 70; 5) 350; 6) 700 болатын жай бөлшектерге келтіріңдер

ҚБ: «Шапалақтау»

В деңгейі:

№ 391. Жер телімі тең атыздарға бөлінген. Екі атызға бұршақ, төрт атызғв үрме бұршақ, ал алты атызға сәбіз егілді. 1) бұршақ; 2) үрме бұршақ; 3) сәбіз жер телімінің қандай бөлігіне себілді?

№392. Жер телімінің өлшемдері бірдей атыздарына асқабақ, қияр және қызанақ отырғызылған. Егер асқабақ үш атызға, қияр алты атызға, қызанақ тоғыз атызға отырғызылса, онда әрқайсысы жер телімінің қандай бөлігін алып жатыр?

ҚБ: «Мадақтау»

С деңгейі:

№406. Қысқартылатын бөлшек болатындай х әрпінің орнына (бөлімінен артық емес) қандай натурал сан қоюға болады?

; 2) ; 3) ; 4)

№407. Қысқартылатын бөлшек болатындай х әрпінің орнына (бөлімінен артық емес) қандай натурал сан өоюға болады?

; 2) ; 3) ; 4)

ҚБ: Сағат тілі бағытымен тексеру. Топтағылар өзара бағалайды.

Сергіту сәті: «Көңілді жаттығулар»видеоролик қосылады. Оқушылар орындарынан тұрып, видеороликке қарап қайталайды.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары:

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу, түсіну, қолдану.

Бағалау критерийі: Білім алушы:

Жай бөлшектердің негізгі қасиетін біледі, түсінеді;

Жай бөлшектің негізгі қасиетін есеп шығару барысында дұрыс қолданады, бөлшектерді жаңа бөлімге келтіреді;

Меңгерген білімін қолдануға берілген мәтінді есептерді шешу алгоритмін талдайды, қорытынды жасайды.

1-тапсырма. Бөлшектің негізгі қасиетін қолдана отырып, бөлшектерді қысқартыңыз:

Дескриптор: Білім алушы:

  • жай көбейткіштерге жіктеп жазады;
  • ортақ бөлгішін табады;
  • бөлшекті қысқартады.

2-тапсырма. Берілген бөлшектерден өзара тең сандар жұбын жазыңыз:

Дескриптор: Білім алушы:

— бөлшектерді қысқартуды орындайды;

— өзара тең бөлшектерді анықтайды;

3 – тапсырма

Қорапшада 12 қалам бар. Оның 2-еуi қызыл түстi, 6-уы көк түстi, қалғаны жасыл түстi. Қорапшадағы қаламдардың қандай бөлiгi қызыл түстi, қандай бөлiгi көк түстi, қандай бөлiгi жасыл түстi?

Дескриптор: Білім алушы:

  • қаламның түстері бойынша санын анықтайды;
  • жай бөлшекпен жазады;
  • бөлшекті қысқартады;
  • жауабын жазады.
Математика,

5-сынып

1 бөлімі Т.Алдамұратова, Е.Байшоланов Алматы: Атамұра, 2017 ж.

«Бағдаршам» әдісімен: Қызыл –«ештене түсінбедім» , Сары – «жартылай түсіндім», жасыл – «түсіндім»

АЕ.ӘбілқасымоваТ.П. Кучер,З.Ә. ЖұмағұловаМатематика 5 сынып, «Мектеп» 2009

Видеоролик

Үлестірмелі карточкалар

Сабақтың соңы

  1. мин
Кері байланыс. «Кеме».
Саралау Бағалау Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Саралаудың барлық жеті тәсілі де қамтылды. Топтық тапсырмалар берілгенде топ ішіндегі әр оқушы өз рөлдерін анықтап, қабілеттеріне қарай сараланады. Белсенді оқу тәсілдері: «Миға шабуыл», «Ойлан-жұптас-бөліс», «Басқыш» әдістерін пайдаландым. Қалыптыстыру бағалаудың «Мадақтау», «Бағдаршам», «Бас бармақ», «Шапалақ», «Сағат тілі бағытымен тексеру» әдістері қолданылды. Оқушылардың партада түзу отыруын; денсаулық сақтау үшін «Көңілді жаттығулар» сергіту сәтін; АКТ –ны уақытында қосып, сөндіруді қадағалаймын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.