Жаңа сабақтар

Жемістер мен көкөністер.

Aқмола облысы Целиноград ауданы Родина селосы №33 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлібекова Роза Серікбайқызы

Қысқа мерзім жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім: Дені саудың – жаны сау

Мектеп: №33 ОМ

Мұғалімнің аты-жөні: Әлібекова Р.С.

Күні:

Сынып:1

Қатысқандар саны: 12

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы Жемістер мен көкөністер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Т1.Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау

Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау;

А1.Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді сөйлемде қолдану,ойын жеткізе білу.

Сабақтың мақсаттары Саралау№1

Барлық оқушылар:Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжайды

Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді

және нақты ақпаратты анықтайды,жемістер

мен көкөністерд атайды,оларды бірінен- бірін

ажыратады;

Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді

сөйлемде қолданады,ойын жеткізе біледі.

Көбі:Тыңдалған мәтіннің негігі мазмұнын

ажыратады.Сұрақтарға жауап береді.

Кейбірі:Өмірмен байланыстырып, сөйлем құрастырады

өз көзқарасын білдіреді.

Бағалау критерийлері Саралау№2

1.Мәтіннің негізгі мазмұнын ажыратады

2.Сұрақтарға жауап береді.

3.Өмірмен байланыстырады,сөйлем құрастырады.

Тілдік құзіреттілік Пәнге қатысты жаңа сөздер

Көкөністер,жемістер,пайдалы,зиян.

Құндылықтарды дарыту «Мәңгілік ел»

5.Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.Ауыл шаруашылығында көкөністер мен жемістерді өсірудің маңыздылығын түсіндіру.

Пәнаралық байланыс Сауат ашу, музыка
Ресурстар Интербелсенді тақта,аудиотаспа,суреттер
Бастапқы білім Күз мезгілі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

10 минут

Белсенді әдіс№1 Шаттық шеңбері

Мақсаты: бір-біріне қолдау көрсету, ішкі уәжін қолдау.

Тиімділігі: оқушылардың сабаққа назарын аударту,қызығушылығын ояту,сөздік қорын байыту

Шеңберге тұрып бір-біріне жақсы тілек айту

(Мен саған сәттілік тілеймін. Мен саған табыс тілеймін. Мен саған денсаулық тілеймін.Мен саған жақсы баға тілеймін.

Үй тапсырмасы

Белсенді әдіс№2 Өрмекшінің торы

Мақсаты: пысықтау,өз ойын еркін айту;

Тиімділігі: қайталайды,үйренеді,толықтырады;

Жаңа сабақ

Болжау

Ұ.Ж

Белсенді әдіс №2 «Ой қозғау»

Мақсаты: оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін

дамыту

Тиімділігі: тыңдайды,ой түйеді,түсіндіреді

Саралау№3

1-тапсырма бейнероликтен сабақтың тақырыбын анықтау…

Бейнероликті тыңдайды

Белсенді әдіс №3 «Жуан-жіңішке сұрақтар»

Мақсаты: оқушылардың ойлауын,ізденуін жетілдіру

Тиімділігі: күтілетін нәтижеге жетеді,өмірмен

байланыстыра алады.

1.Бейнеролик не туралы?(жемістер мен көкөністер туралы)

2.Олар адам ағзасына не береді?Қалайша?

(дәрумендер береді)

3.Қандай дәрумендердің атауын білесіңдер? А дәрумені не үшін керек? Неліктен?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы:

Жемістер мен көкөністер

Бүгінгі сабақтың мақсаты:

(Тақтада оқушыларға арналған сабақ мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

Жемістер мен көкөністердің денсаулыққа пайдасы зор.Ендеше біз жемістер мен көкөністер туралы өз білімімізді толықтырамыз.

Кері бағалау Неліктен?

Балалар жауап береді. Смайликпен бағалау.

Саралау№4 Мәтіналды жұмыс.

1.Сөздік жұмысы.

Белсенді әдіс№4 «Cөздік бинго» әдісін қолдану арқылы сөздердің мағынасын түсіндіремін.

Мақсаты:жаңа сөздерді игерту,сөздік қорын молайту

Тиімділігі: жаңа сөздерді үйренеді,қолданады.

Жемістер- фрукты

Көкөністер-овощи

Пайдалы -полезный

Дәрумендер — витамины

Сабақтың ортасы(30 минут) 8 минут Мәтінмен жұмыс. (Ж )

Мұғалім мәтінді 2 рет оқып береді.

2-тапсырма. Мәтінді тыңдап, денсаулыққа пайдалы және зиян тағамдарды ажырату

Саралау №5

1.Бір дұрыс сурет

2.Екі дұрыс сурет

3.Үш дұрыс сурет

Партада суреттермен желім жатыр.

Партада жатқан суреттерге назар аударамыз.

Суреттердің арасынан денсаулыққа пайдалы тағамдарды теріп алыңдар.

Мысалы:алма,алмұрт,сәбіз,чипсы,кока-кола,

Дұрыс тамақтану

Жақсы жаман

Алма кока-кола

Алмұрт чипсы

Оқушылар тақтаға шығып бір-бірден жапсырады, атауын атайды.

Оқушылар сөйлем құрастырады.

Бармақпен бағалау.

Дұрыс тамақтану дегеніміз не?

Неге өздеріңді осылай бағаладыңдар?

Сергіту сәті

Жемістерді атағанда тұрамыз,

Көкөністерді атағанда отырамыз.

Мақсаты: балаларды сергітіп дем алғызу;

Тиімділігі:ойын арқылы жаңа сөздерді пысықтау;

Саралау №6

(Ж.Ж)

Белсенді әдіс№5 (Ашық және жабық сұрақтар)

Мақсаты: оқушылардың ойлауын,қызығушылығын арттыру.

Тиімділігі: күтілетін нәтижеге жетеді, өмірмен байланыстырып айта алады.

Алдарыңда жатқан конвертті ашып, берілген буындардың сыңарын тауып,сөз және сұрақтар құрастыру.

Оларды жапсырып,тақтаға іліп,оқып беру.

1.Алма қандай?

2.Жүзім қашан піседі?

3.Жерде өсетін көкөністерді ата?

Өзара бағалау.Екі жұлдыз,бір тілек.

3-тапсырма.(Ж)

Мәтіналды жұмыс.

Жаңа сөздермен жұмыс.

Слайд

Араластыру-перемешать,жуу-мыть,

тазалау-чистить,жинау-убирать,

турау-резать,қосты-добавил,жинады-собрал,қосу-добавил

Мәтінмен жұмыс.

Белсенді әдіс№6 Хикая картасы.

Мақсаты:Іс әрекетті ретімен орындайды,

Тиімділігі:ойынжүйелі түрде жеткізеді.

Аудио мәтінді екі рет тыңдап, мәтін бойынша тапсырманы орындайды.

Оқимыз,аударамыз,қайталаймыз.

Қане қанша сөз жаттап алдық,саусақпен көрсетеміз.

Аудио

Алма,алмұрт ағашта өседі.

Алмабек қызыл алма,жасыл алмұрт,сары мандарин жинап алды.Ол барлық жемістерді жуып,тазалады.Содан соң оларды турап,араластырады.

Оған қаймақ қосты. Жеміс салаты дайын болды.

Араластыру жуу жинау турау тазалау қосу

Шапалақпен бағалаймыз.

Мақсаты:бір біріне қолдау көрсету.

Тиімділігі:қызығушылығы артады.

Үш шапалақ «өте жақсы»

Екі шапалақ «жақсы»

Бір шапалақ «орташа»

Үй жұмысы: Жемістер мен көкөністердің суретін салу.

Мақсаты:жемістер мен көкөністерді ажырата алады.

Тиімділігі:есте сақтайды,түстерді қайталайды

Мұғалім:Бүгін біздің сабағымыздың мақсаты қандай болды?

Сол мақсатқа жеттік пе?

Жақсы Жаман

Жұппен жұмыс

конверт

АЛ
МА
ЖҮ
ЗІМ

Топқа бөлу

Сабақтың соңы

4 минут

Рефлексия

Сабақтың соңы 4 минут
Рефлексия «Алма ағашы» әдісі
Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын, менің көңіл – күйім көтеріңкі.
Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.

Орнымыздан тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Бес жолды өлең жазу.

Мақсаты:пысықтайды,қайталайды.

Тиімділігі: грамматиканы қайталайды, сөйлем құрастырып үйренеді.

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар сурет бойынша өздері іс-қимылды көрсетіп айта алады.

Суреттерге қарап, қандай іс-әрекетті көріп тұрғанын айтады, ал басқа оқушылар оны қолмен көрсету арқылы бағалайды. Сауат ашу,дүниетану. Тазалыққа, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.