Жаңа сабақтар, Жаңалықтар

Туған ауылым

Ақмола облысы Целиноград ауданы №33 орта мектептің 9 сынып оқушысы Сарқытбай Диас.
Жетекшісі: Алибекова Роза Серикбаевна.

Бұл ауылдың берекесі сәні бар .
Бұл ауылдың күмбірлеген әні бар.
Бұл ауылда тұрып жатқан халықтың.
Маңдайында жарқыраған бағы бар.

30 ұлттан құралған халқы бар.
Әр ұлттың берекелі салты бар.
Бір-бірінің салтын сыйлап құрметтеп,
Мейрамдатып жүрген тату халқы бар.

Балалардың бақыты үшін салынған,
Ірге тасы шаттық үшін қаланған.
Елбасымыз келіп, берді батасын,
Бұл ғажайып балалардың алаңы.

Ертегідей балалардың алаңы.
Бәрі ғажап қуантады баланы,
Шынығуға,жаттығуға қойылған,
Қондырғылар жаңа заман талабы..

Ауыл жайлы сөз жетпейді айтуға
Елбасымыз қуанып, көріп қайтуда.
Тамашалап келіп жатқан қонақтар.
Паш етіп шет елдерде айтуда.

Барша ауыл дәл осылай гүлденсе,
Родинадан келіп, көріп үйренсе,
30 елдің қатарына қосылып,
Қазақстан ауылдары түрленсе.

Мал өсіріп қымыз,шұбат сапырған,
Семіз еттен қалаға да апарған,
Асыл тұқым малдары бар сақталған.
Бұл ауылға ерекше бір бақ қонған.

Қайың ,шырша көше бойы егілген,
Алуан түрлі гүлдер гүлдеп, төгілген,
Жарқыраған көшелерде шамы бар.
Асфальт салған көшелері тағы бар.

Жеміс-жидек көкөністер өседі,
Қарбыз пісіп бақшаларда төселді.
Көкөністер елге тегін берілді.
Менен басқа бұған кімдер сенеді.

Сүт зауыты сүт,айранның мекені,
Ірімшік пен қаймақ елге керегі.
Халық қамын ойлап жатқан басшыға.
Халық бірден ақ батасын береді.

Балабақша тегін барлық балаға,
Сәбиі үшін қамсыз әрбір анада,
Жарқыраған жаңа балабақшада.
Балалардың бақыты үшін бәрі бар.

Бар мүмкіндік жасап жатыр жастарға,
Жастары да ұмтылмайды қалаға.
Үйде жаңа,жұмыс тауып беруде.
Қаладағы жастар қайтып келуде.

Ұлты басқа болсада, жүрегі бір,
Тілі басқа болсада, тілегі бір.
Сауэр басшы халық қамын ойлайтын,
Қазақ елі бір ауыздан сыйлайтын.

Жаңа үйлер бой көтеріп жатқанда.
Құрылысшылар күнде тыным тапқан ба?
Қоныс тойын тойлап жатыр адамдар,
Мына бақыт, мына бейбіт заманда.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.