Жаңа сабақтар

Астың ауыз қуысында қорытылуы

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы
Белес ЖОБМ-балабақша кешенінің биология пәнінің мұғалімі
Каюпова Арайлым Жумагалиевна

Түйіндеме: Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған бібім беру бағдарламасы мақмұны бойынша 8 сыныпқа арналған жоспар.

Тірек сөздер: топтық жұмыс,жинақтау,бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Астың ауыз қуысында қорытылуы

Пәні: биология Сыныбы: Уақыты:
Жалпы мақсаттар Барлық оқушылар. Астың қорытылу процесін біледі.

Көбісі:Ауыз қуысында астың қорытылу процесі,осы физиологиялық процестегі ферменттердің рөлі ажыратады.

Кейбіреуі:сілекейдегі ферменттерге алькогольдің және никотиннің кері әсері туралы және ауыз қуысын күту еределерін түсінеді.

Сілтеме Әдістемелік журналдар

Биология оқулығы

Ғаламтор материалдары

Күтілетін нәтиже Асқорытудың маңызы туралы біле отырып,жеке бастың гигиенасын сақтай алады.Тісті күту ережелерін біледі.
Оқу нәтижесі Асқорыту мүшелерін біледі. Тіс туралы мәліметтер алып,олардың түрлерін ажырата алады.
Негізгі идеялар Тіс гигиенасын түсіндіру
Оқыту әдістері Сұрақ-жауап,диалог,АҚТ,СТО элементтері
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақ кезеңдері: Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс әрекеті
Кіріспе 2-3 минут Сыныптағы оқушылармен сәлемдесу. Тұлғааралық байланыс орнату Топқа бөлінеді, барлық ойларын сабаққа аударады
Білу 1.Қоректік заттар дегеніміз не?

2.Ас қорыту дегеніміз не?

3.Асқорыту сөлі нешеге бөлінеді.

4.Жануартекті өнімдер мен өсімдіктекті өнімдер

5.Витаминдердің адам ағзасы үшін маңызы қандай?

6.Ағза үшін судың маңызы?

7.Асқорыту жүйесінің реті

8.Бауыр қандай мүше?

9.Ауыз қуысының құрылысы

Интерактивті тақтадан ауыз қуысының суретін көрсетеді.

Оқушылар ойланып,сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Түсіну Жаңа сабақ бойынша тақырыпшалар бөліп береді 1топ-Астың ауыз қуысында қорытылуы

2топ-Сілекей бездері

3топ-И.П.Павловтың зерттеуі

Тақырыппен танысып,постер қорғайды

Қолдану Әр топқа жеке тапсырма береді. 1-тіс формуласын құру

2- суреттен тістің құрылысын көрсету

3-тістің құрылысы кестесін сәйкестендіру

Талдау №13 зертханалық жұмысты орындатады Тәжірибе жасап,есеп беру тапсырмасын жазады.

«Екі жұджыз,бір тілек» әдісі бойынша топтар бірін-бірі бағалайды.

Жинақтау Тіс пішініне қарай нешеге бөлінеді?

Адамда шайнау процесі неге нашар жетілген?

Адамда неше сілекей безі болады?Ауыз қуысында ас қалай өзгереді?

Оқушылар сұрақтарға толықтай жауап береді.Салыстыра отырып қорытынды шығарады.
Бағалау Топ басшыларының бағаларына қарап қорытынды баға қояды Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды
Қорытынды

Үйге тапсырма

Зертханалық жұмысты аяқтау Тапсырманы күнделікке жазып алады
Рефлексия Сабақтың қаншалықты ұнағанын қағазға түсіріп,тақтаға ілу Стикерге сабақтың қалай откені туралы пікірлерін жазып іледі.

ҚМЖ -Астың ауыз қуысында қорытылуы.docx

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.