Жаңа сабақтар

Баяндама тақырыбы: «Дидактикалық ойындар арқылы балалардың қызығушылығын арттыру»

Атырау облысы Қызылқоға ауданы

МКҚК «Нұр-Шуақ» бөбекжай-бала бақшасының тәрбиешісі.

Оржанова Альвина Қанатқызы

Кіріспе

“Ойын – күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.

Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады” К.А Покровский.

I-Кіріспе

Ойын бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты.Бала өзінің қоршаған ортаны,өмір сүріп отырған айналасындағы заттарды ойын арқылы түсініп ұғынады.

Белгілі психолог Е.А.Аркиннің пайымдауынша,ойын және ойыншық балалар өмірін сипаттайтын бірден-бір жалпы ұғым «Балақай өсімдік сияқты өз ішінен өсіп жетіледі.Және бұл үрдіс қатал түрде әр жеке баланың өзіне ғана тән.Бала тіршілігінің негізгі заңдарының бірі осындай»

Баланы жақсы тану, жақсы түсіну үшін оны ойын кезінде бақылау керек. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддессін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп, бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес. Сондықтан да педагог бала ойынына ерекше мән беріледі .

В.С.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуыда жоқ және

болуы да мүмкін емес.»Ойын арқылы балалар көп нәрсені үйреніп тез ұғынып сол ойынға қортынды жасапта үйренеді.

Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды осы сезім оны талпыныстарға жетелейді.

Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.

Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ойын адамның мінез – құлқын

өз басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізідегі іс – әрекеттің бір түрі нәресте заттық іс-әрекетті бірте-бірте ойын әрекетіне ауысады барлық адам тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын әрекетін бастан кешіреді сәбилік кезінен бастап бала өзін қоршаған ортаны өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады тек көру,сипап,сезу байқап тану емес тікелей араласып іс — әрекетке көшуін нақты қарым – қатынас барысында біледі.

Осылайша ойын адамның өміртанымында шешуші мәнге ие болады. Баланың таным түсінігі іс – әрекеті ойыннан басталады. Оның негізгі болашақ өмірінде оқу,еңбек іс – әрекетімен жалғастырылады,ойын бала үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Ойын балалардың негізгі іс әрекетінде психологиялық, анатомиялық, физиялогиялық, педагогикалық маңызы зор қызмет атқарады. [3.35-бет]

Ойын баланың даму құралы таным көзі, ойын білімділік тәрбиенің мәні болып отыр. Адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуға ықпал етеді, ойынды әрбір адам ойнап өседі. Ойынды көп ойнаған адамның дүние танымы кең жаны таза, жүрегі нәзік, сезімтал тұлға болмақ. Кей бала өз өмірін ойын арқылы бейнелесе, кей бала ішкі сезімін бейнелейді. [2.13-бет]

Д.Узорв «Ойын арқылы әл қуатты сыртқа шығарудың тәсілі емес дамудың негізгі бас формасы».

Баланың қоғамда осындай ерекше орыны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рөлдік ойынның пайда болуының негізіне айналды. Баламен жұмыс істеу ойынында ойынмен әсер ету арқылы басқаға немесе оның өзгеруіне көп күш кетпейді. Ойынмен әсер етудің мақсаты баланың өзін-өзі тану мен басқарудан тұрады.

Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктері қалыптасады. Бала ойынында қоғамдық, ұжымдық сипат болады ойын қызметіне деген биімділік бәрінде болмайды және ол темперамент ерекшеліктеріне тәуелді болады. Ұялшақ бала ақыл-ой қызметі, спорттық немесе компютерлік ойындарды қалайды. Бірақ бұл тең ауысым емес. [1.15-бет]

Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеу,мектепке дейінгі мекемелерден бастау алады. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру баланың ғана емес еліміздің болашағын қалайтын естен шығармауымыз керек осы балаларға саналарына ойынның маңызы өте қажет.

Педагог ұйымдастырушы ретінде әрбір оқу қызыметін ойын түрімен өткізіуі керек.

Ойын-ойнап ән салмай, өсер бала болар ма-дегендей ойын балалардың таным процестерін дамытудың маңызды құралы.Сондықтан мен өз қызыметімді ойындарды қолдана отырып,балалардың қызығушылығын арттырып,сөздік қорларын көбейтіп адамдар мен қарым-қытынасын бейімдейміз.Қоршаған орта туралы түсініктерін молайтамыз.

II-Негізгі бөлім

Дидактика термині гректің «дидактос»,яғни уйлестіретін деген сөзден шыққан .Дидактикалық ойын оның аты айтып тұрғандай баланың ақыл ойын дамытып,таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі.

Дидактикалық ойын дегенімізбалалардың ынта-ықыласын күшейтетін,оқу қызыметінің қиын процесін жеңілдететін, дамуды тездетуге көмектесетін, оқу қызымет барысында таным қызметін күшейту мен көтермелеудің қуатты қайнар көзі болатын оқыту әдісінің бір түрі.

1-кесте

Дидактикалық ойынды оқу қызыметінде қолданғанда

оның мынадай шарттарға сәйкес болуын

қатаң ескеру қажет

Балаға қажетті Өтілген материалдарды

білім мен дағдыны салыстыра алуы және

қалыптастыруға қорытынды жасай білуі

көмектесетіндей болуы тиіс

Сол ойынның балаға Баланың жан-жақты дамуына,

беретін білімділік және танымдық қызметінің

тәрбиелілік мәні болуы артуына әсер етуі керек

Дидактикалық ойын арқылы балалардың білім алуға,оқуға қызықтыра отырып,тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балабақша бүлдіршіндерінің ақыл ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді,пысықтауды көздейді.Бұл дидактикалық ойындар балабақша бүлдіршіндердің оқу қызыметінде жұмысын түрлендіре түседі.Себебі оқу,еңбек,іс-әрекеттерімен бірге балалардың өмір сүруіне маңызды бір түрі.

Дидактикалық ойын арқылы балалардың білім алуға,оқуға қызықтыра отырып,тұлға дамуын қалыптастыруға болады.Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балабақша бүлдіршіндерінің ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың мазмұнды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді,әрі пысықтауды көздейді.Дидактикалық ойындар балабақша бүлдіршіндердің сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі.Себебі,ойын-оқу,еңбек іс-әрекеттермен бірге балалардың өмір сүруіне маңызды бір түрі.Балалармен жұмысында деңгейлік дидактикалық ойындар көп орын алады.Оларды әр оқу іс-әрекетінде және балалардың өз бетінше жұмыс істегенінде қолданамын.Дидактикалық ойын оқудың бөлшегі болып табылады.Ол оқу іс әрекетін меңгеруге,бекітуге,танымдылық қызыметінің әдісін меңгеріп көмектеседі.Балаларды заттың сын-сипатын біліп,қортындылауға,салыстыруға жүйелеуге үйретеді.Дидактикалық ойын сабақтың құрамдық бөлшегі болып табылады.Ол оқу іс-әрекетін меңгеруге,бекітуге,танымдылық қызыметінің әдісін меңгеріп көмектеседі.Балаларды заттың сын-сипатын біліп,қортындылауға салыстыруға жүйелейге үйретеді.Дидактикалық ойындар тақырыпқа байланысты қолданылады .Тапсырма берер алдында оны балаларға түсіндіру,тексеру қажет.Дидактикалық ойындар,ойын тапсырмалар біртіндеп күрделенеді,сондықтан оларды ретімен орындату қажет.Әрбір ойынға балалар қызыға қатысады.Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.Дидактикалық ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім,білік,дағдыларын және түсінік беру,оларды қалыптастыру тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.Дидактикалық ойынның міндеті балалардың қызығушылығын оятып,белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.Дидактикалық ойындар-балабақша бүлдіршіндері үшін өзіне тән жүру барысы,мақсаты,маңызы бар әрекет.

Бала әр бір затты ұстап дәмін татып,сан рет байқап көреді.Балабақшада бала психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар.М.Жұмабаев,Ш.Құдайбердіұлы,С.Торайғыров өз еңбектерінде айтып кеткен.Дидактикалық ойын баланың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтіп және оны бекітіп нақтылай түседі.Әрбір дидактикалық ойын ойлай білуге баулып сөздік қоры өседі.

Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама береді дидактикалық ойындар дегеніміз балаларға белгілі бір білім беріп іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс-әпекет.

Мысалы: «Сыңарыңды тап!» ойынында балалар сурет көреді,ойлайды белгілі бір қасиеттеріне қарай заттың сыңарын табады.Яғни өмірде көп нәрсенің сыңары болатынын түсінеді.

«Бұл қай кезде болады.!» ойыны арқылы жыл мезгілдері туралы білімдерін толықтырып,балалардың тез ойлап,оның тез жаңғырту қасиетін дамытамыз.

«Пішіндерге серуен ойыны!»балаларға өте қызықты түрлі-түсті ленталар мен пішіндер кескіндейміз.,әуеде айналып жүрген нұсқаушы бір пішінді балалар орналастырады,

Сөйтіп әр баланың ойлауы әрі шапшаң қозғалысына ықпал етеміз.

«Иә-жоқ!»-Ойыны арқылы баланың есте сақтауын тез ойлауын дамытамыз,мысалы:

-Құс ұша ма?

-Аю жануар ма?

-Бізді қоршап түрған табиғат па?

-Күн аспан денесіме.? -деген сияқты әр салалы сұрақтар қоя отырып баланың білімін пысықтаймыз,ойлауын дамытамыз балалар жарыса,ынта мен жауап береді. Жалпы ойынның түрлеріде өтке көп. Әр түрлі ойныдар арқылы балалардың қабілеттері ашылады, олар қоршаған ортаны қорғауға бейімделеді.Өмірлік мәліметтер алады,сөйтіп кең ойлай алатын танымдық дамуы қалыпты тұлға қалыптасады.

Балабақша тәрбиешісі өзін жай ғана тәрбиешімін деп қарамай,жалпы мәдинетін және кәсіби біліктілігі мен даярлығын жетілдіру қажет.

Ойын балалардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.

Сондықтан балабақшадағы балалар оқу қызыметінде ойынды өте көп қажет етеді.

ІІ.2.Ойындарды қолданудың тиімділігі :

  • жаңа тақырыпты ойын арқылы меңгертуде не бір жақсы нәтижеге

жетуге болады;

  • шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттырады;
  • Оқу қызыметін жандандырып, өткізу.
  • баланың өз – өзіңе деген сенімділігі пайда болады;
  • логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Дидактикалық ойындар арқылы оқу қызыметі барысында балаларды қызықтыру мақсатында қолданылады және мектеп жасына дейінгі ұйымдастырудың бағытында оқу қызметі ойын түрінде өткізіледі.

1-Сурет 2-Сурет

Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністер»

3-Сурет 4-Сурет

Сюжетті рольді ойын: «Дәрігер»

5-Сурет 6-Сурет

Қимылды ойын: «Кім шапшаң»

Оқу қызметінде ойын түрлері жас ерекшелігіне байланысты қолданылады.Тәрбиеші баланы қызықтырып қоймай,бес саланы білім берудің негізгі құндылығы деп түсінсе ғана өз мақсатына жете алады.Жақсы ойын жақсы жұмыс сияқты да,жаман ойын жаман ойын секілді деген баланың қуанышы да,реніші де ойын арқылы байқалады. Өте ертеден –ақ психолгтар,педогогтар.Мектеп жасына дейінгі жасты ойын жасы деп атайды.Әрине бұл кездейсоқ емес бала не нәрсемен айналысып отырсада,оны ойын деп атайды.

7-Сурет

Дидактикалық ойын: «Ертегі кейіпкерлерін тап!»

Ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, оқу қызыметінің кез-келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда дидактикалық ойын түрлерін пайдалану, біріншіден,балалардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың оқу қызыметіне деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады, үшіншіден балалардың танымдық процестерінің одан әрі дамуына көмектеседі.

Ойлы бала ойыннан белгілі дейді.Балалардың тілін дидактикалық ойындар арқылы дамыту бүгінгі-бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамытылған сауатты саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр.Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу ағарту жүйесінің үлгісіне түсетінін ескерсек білім негізі балабақшада басталатындықтан жас жеткіншектердің білімді білікті болуында дидактикалық ойынның орыны өте ерекше.Дидактикалық ойындар-арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.

III-Қортынды

Ойын баланың алдынғы өмірі есігін ашып оның шығармашылық қабілетін оятып бүкіл өмірімен ұштаса береді.

«Білімді ұрпақ болашақ кепілі!»дегенді жие айтып жүреміз.Біз тәрбиешілер болашақтың негізін қалаудамыз.

Елбасының кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпақтар мен байланыстырады.!»деген сөзі тәрбиешілер қауымына зор жауапкершілік жүктелді.Әрбір тәрбиеленушіге-сапалы да терең білім бере отырып.

олардың үнемі жарық жұлдыз болып жанып өз ана тілімізді таза сөйлеп,оның жанашыры болатынына,сөздік қоры мол өз елінің бәсекеге қабілетті азаматы бола алатынын сенімім мол.Осы бүлдіршіндердің жұлдыз болып жануы үшін ауырда қиын еңбек жолындағы педагог ретінде ұстанымын.

«Үйретуден қашпа,

Үйренуден жалықпа!»деп өз шығармашылық жұмысымды қортындылығым келеді.

Нәтиже!

-Балалардың ойлау есте сақтау,сөздік қорлары молайды.

-Өзімнің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетім қызықты да тартымды өтуі үшін дидактикалық ойынның маңызы артты.

-Балалардың оку қызыметіне деген қызығушылығы артты.

Ұсыныс!

-Дидактикалық материялдар көбейтілсе.

-Әр кабинеттерде дидактикалық бұрыштар жасақталса.

-Педагогтардың облыстық, республикалық білімін жетілдіру курстарыға жие жолдама берілсе.!

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Е.Өтетілеуов «Балақай», Алматы қ.Жалын баспасы,1986ж.15бет

2.Қ.Р БЖҒМ 2016жылғы «12»тамыз №499бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасы,Астана 2016ж 13бет

3.С.Н.Величко,Т.Н.светличная Біз серуенге шығамыз, кіші жасқа арналған әдістемеліңһк нұсқаулық. «Келешек-2030»,2010жыл 35 бет

  1. «Педагог мектепке дейінгі әдістемелік кеңес орталығы.

5.Кел ойнайық «Өнер баспасы.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.