Жаңа сабақтар

Ертегілер еліне саяхат

Атырау облысы Атырау қаласы

28 «Алмагүл» балабақшасы

Дене шынықтыру пән мұғалімі

Карасаева Райхан Жумагельдиевна

Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»

Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат.

Мақсаты:Балаларды ертегі желісі арқылы адалдыққа, достыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және спортқа деген қызығылушылығымен салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар:Гимнастикалық таяқша, доға, модуль.

Ұйымдастыру бөлімі:

Балалар саппен және әуен ырғағымен залға кіреді.

Жылулық шеңбер:

Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз,

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді де білмейміз.

Қуанамын мен де, қуанасын сенде,

Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге.

Доброе утро всем нам,

Доброе утро, всем гостям.

Good morning, Good morning, Good morning to you.

Good morning, Good morning, I am glad to see you.

Нұсқаушы: Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?

Балалар: Әрине жақсы көреміз.

Нұсқаушы:Балалар, ертегілер елін қандай деп ойлайсыңдар?

Балалар:Ертегілер елі дегеніміз қиял-ғажайып әлемі.

Нұсқаушы:Дұрыс айтасындар балалар. Ертегілердің сан алуан түрлері бар мысалы: жан-жануарлар туралы, аңдар, үй жануарлары туралы. Балалар, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?

Балалар: Әрине жақсы көреміз.

Нұсқаушы:Ендеше Дидактикалық ойын: «Бұл қандай ертегі»-(слайдтан үзінді көрсету 2-3ертегі түрлерін)

Балалар:(ертегі түрлерін атау керек)

Нұсқаушы:Олай болса балалар ертегілер еліне саяхатқа шығайық.Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, ептіліктер, мықтылар бара алады екен, біз мықтымыз ба?

Балалар: Біз мықтымыз!

Нұсқаушы: Жай саяхат емес балалар сондықтанда біз абай болуымыз керек. Алдымыздан түрлі кедергілер кездесу мүмкін.

Ал ендеше балалар жолға шығайық. Мына кедергілер арасымен ирелең жолдармен жүрейік. Енді тез жетуіміз үшін жүгірейік. Балалар орманда аңдарды, құстарды шошытып алмауымыз үшін жәй аяқ ұшымен жүрейік.

-Балалар орманда біреу жүрген сияқты.(жылаған қыздың даусы шығады).

-Ой қызыл телпке сен неге жылап отырсың?

Қызыл телпек: Менің анам бәліш пісірген еді, соны әжеме апаруым керек, орманнан өтуге қорқып тұрмын әрі көңіл күйім болмай аурыңқырап тұрмын. Әрі көңіл күйім болмай аурыңқырап тұрмын.

Нұсқаушы:Қызыл телпек, сен қорықпа біз саған көмектесеміз. Солайма балалар?

Балалар: Әрине көмектесеміз..

Жүргізіуші:Балалар біздің денеміз сау болу үшін көтеріңкі көңіл күйіміз болу үшін не істеуіміз керек?

Балалар:Дәрумендер жеп , денемізді шынықтырып жаттығулар жасауымыз керек.

Нұсқаушы:Ендеше қане бәріміз бірге денемізді шынықтырып жаттығулар жасап жіберейік. (Жалпы дамыту жаттығулары жасалады).

(Қорқыныш дауыспен мыстан кемпір шығады).

Мыстан кемпір: Әй, сендер орманда не істеп жүрсіңдер?

Балалар:Сәлеметсіз ба? Біз қызыл телпекті әжесінің үйіне апара жатырмыз. Бізге жол көсетіп жібересіз бе?

Мыстан кемпір:Сендер менің сұрағыма жауап берсеңдер көсетемін.

Балалар:Жарайды.

Мыстан кемпір:Әуен арқылы қандай ертегі екенің айтып бер?

Балалар:Әуен арқылы қандай ертегілер екенің ажыратады.

Мыстан кемпір :Мен сендерді алдап қойдым. Қазір мен сендердің жолдарыңды сыйқырлап бөгеп тастаймын ха, ха, ха деп (залдан шығып кетеді, осы кезде қоян секіріп алдарынан шығады).

Балалар:Сәлеметсыз ба? Қоянжан.

Қоян:Сәлеметсыздар ма? Сендер не істеп жүрсіңдер?

Балалар:Біздер қызыл телпекті әжесінің үйіне апара жатыр едік. Мыстан кемпір біздің жолымызды бөгеп тастады.

Қоян: Жарайды мен сендерге көмектесейін. (Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуы жасалады).

Қане мына кедергілерден мен құсап қосаяқпен секіріңдер.

Балалар:Қоянжан рахмет сау болыңыз!

Қоян:Сау болыңдар балалар, біздің орманымызға келіп тұрыңдар.(Қасқырдың ұлыған даусы естіледі)

Қасқыр: (ақырып)әй, сендер кімсіңдер?

Балалар:Біз қызыл телпекті әжесінің үйіне апара жатыр едік, алдымыздан мыстан кемпір шығып, жолымызды бөгеп тастады.

Қасқыр: Жарайды мен сендерге бір жұмбақ жасырайын егерде тапсаңдар мен көмектесем сендерге.

Орманда тұрады, өзі бір қу.

Жүрген жері айқай шу. (Түлкі)

Жазда қыдырады,

Қыста тынығады. (Аю)

Сылдырдан қорқады.

Шошынып жортады. ( Қоян)

Жарайды мен сендерге көмектесейін. Қане төрттағандап мына кедергілерден өтіңдер.

(Алдарынан ақырып аю шығады)

Аю: Сендер бәрің топырлап не істеп жүрсіңдер?

Балалар: Қызыл телпекті әжесінің үйіне апара жатыр едік, мыстан кемпір жолымызды бөгеп тастады.

Аю: Жарайды, мен мына үйшікке кірген едім. Ол қирап қалды, ал достарымның бәрі кетіп қалды. Сендер маған үйшігімді тұрғызуға көмектесіңдер мен де сендерге көмек тесер едім.

Балалар:Аюдың үйшігін құрастырып береді.

Аю: Менің артымнан еріңдер мына кедергілерден қалай өту керек екенін көрсетейін. Мен құсап теңселіп жүріңдер.

(Біреудің сықылықтап күлген даусы естілді)

Түлкі:Сендер кімсіңдер а?

Балалар: Қызыл телпекті әжесінің үйіне апара жатыр едік , мыстан кемпір жолымызды бөгеп тастады.

Түлкі:Жарайды менің көңілімді көтерсеңдер , әжесінің үйіне апаратын жолды көрсетемін.

Нұсқаушы:Жарайды онда сен түлкіжан біздің балалармен бірге ойын ойна мүмкін көңілің көтерілер.

Ойын: «Қасқыр»

Түлкі: Жарайсыңдар сендер меің көңілімді көтердіңдер. Мына жол сендерді әжесінің үйіне апарады.

Балалар: Рахмет түлкі сау болыңыз!

Сәлеметсіз бе? Әже, біз сізге немереңізді алып келдік. Қызыл телпектің анасы сізге бәліш пісіріп беріп жіберіпті.

Әже: Ой балалар рахмет сендерге немеремді ертіп келгендеріңе қуанып тұрмын. Үйге кіре қойыңдар!

Нұсқаушы:Жоқ рахмет ,біз асығыспыз кететін уақытымыз таяп қалды сау болыңыздар!

Қорытынды:

Сұрақ -жауап.

Бүгін біз қайда саяхат жасадық? Біз кімге көмектестік? Бізге нелер жол сілтеп көмектесті. Олай болса үш тілде сол кейіпкерлерді атап шығайық .

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.