Жаңа сабақтар

Құқық және мен

Атырау облысы Атырауқаласы

№29 «Нұрсая» бөбекжай балабақша тәрбиешісі

Бектлеуова Дина Сағынбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Құқық және мен

Тақырыбы: «Құқық және мен»

Мақсаты: Балалардың адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту,әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету,құқықтық тәрбие беру.

Көрнекіліктері: Слайд, Конституция, Бала құқықтары туралы конвенция,Бала құқығы туралы заң, дидактикалық ойындар, суреттер.

Балалар дөңгелектеп тұрып, барлығы келесі шумақты хормен айтады:

Көкке шуақ шашылып

Құтты қонақ келіпті,

Төріме міне еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой.

Ал,кәнеки бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздерме қонақтар.

-Қайырлы күн ,бүгінгі оқу қызметіміздің қонақтары, балалар!Бізде бүгін ерекше тақырып ,ол балалардың құқығына және міндеттеріне арналады. Оқу қызметімізді бастамай тұрып мынадай бірнеше сұрақтарға жауап берейікші.
-Біз қандай планетада өмір сүреміз? (жер)
— Жер неге ұқсайды?Бұл не? (глобус)
-Глобусқа қарандаршы қаншама мемлекеттер мен елдер орналасқан?Біз қандай мемлекетте тұрамыз? (Қазақстан Республикаснда)
-Біздің елде тұратын адамдардықалай атайды? (Қазақстандықтар)

-Дұрыс айтасыңдар.Қазақстан – өте бай,әдемі ,көп ұлтты, ірі мемлекеттердің бірі. Мемлекетіміздің ең басты байлығы – оның халқы. Қоғамның басты байлығы – адам. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек.Адам түрлі жағдайда өмір сүреді:отбасында,жұмыста,мектепте,көпшілік жерде.Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті:мемлекетті қорғау,салық төлеу,мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Қазақстанда барлық ұлт өкілдері татулықта,достықта өмір сүреді. Әрмемлекетте Бала құқығы туралы конвенция қабылданған.

-Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
-Конвенция дегеніміз не?(Конвенция дегеніз ол- бала құқығы туралы келісім шарт).

-Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды?
(1995 ж.Нью-Иорк қаласында156-мемлекет болып қол қойды).

-Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды? (2002 жылы 8-тамызда).

-Баланың құқығы туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады?(10 тарау,53 баптан).
-Заң бойынша бала деп кімді атайды? (18 жасқа толмаған адам).

-Құқық дегеніміз не? Деген сұраққа біздің данышпан үкіміз жауап барсінші.

(Сұраққа данышпан үкі жауап береді)
«Сандар сөйлейді».
1-маусым-Балаларды қорғау күні.

20-қараша-Дүниежүзілік балалар күні.
10-желтоқсан — Адам құқығы күні.
10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады.
/Асылбек Еңсеповтың күйі «Детство»орындалады/

— Бала құқығы және міндеттері туралы конвенциямен таныстыру.

Слайд көру: «Бала құқығы туралы»
Тәуелсіз еркін ел бүгін,
Талай жыл күткен теңдігім –
Ата заңым менің.
Санама құйған таң нұрын,
Бақытым, бағым, тағдырым –
Ата заңым менің!
«Біз неге құқылымыз?»
-Әр бала өз ата-тегін алуға құқығы бар.
-Ата-аналарымен бірге өмір сүруге
-Әркімнің өмір сүруге құқығы бар
-Тегін ауруханада емделуге
-Балабақшаға келуге
-Тегін білім алуға
-Демалуға
-Еркін ойнауға
-Еркін өз ойын толық жеткізуге
— Өз тілінде сөйлеуге

-Балалар,менің қолымда сиқырлы алтын сандық бар.Ал,сендер, бұл сандықтың ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
-Бұл «Туу туралы куәлік».Куәлікті таныстыру.

Дидактикалық ойын: «Люллия шеңбері»(Балалар шеңберлерді айналдырып, бір бағанаға сурет қою арқылы өз құқықтарын айтады)
Көрініс: « Дәулет пен Мирастың орындыққа таласуы»
Дәулет:Мирас ,сен бұл орындықтан тұр,бұл жерге мен отырамын.

Мирас: Неге?

Дулет:Сол,тұр дедім ғой,тұрсаңшы.
Мирас:Жоқ тұрмаймын,бұл орындыққа мен бірінші отырдым.

Дәулет:Отырсаң қайтемін,сенің атың жазылып қойған жоқ қой бұл орындыққа?!
Мирас:Сенің де атың жазылып қойған жоқ.Бұл менің орным,саған бермеймін.
Автор:Орындыққа таласқан Дінмұхамед айқай салды.
Дәулет: Тұр дедім ғой,бұл орындыққа менің құқығым бар.
Мирас: Менің де құқығым бар,саған ғана беріліп қойды дейсің бе?
Автор:Орындыққа таласқан Дінмұхамед пен Ералы төбелесе кетті.Топ балалары аң-таң.Төбелесті тоқтату үшін топ белсендісі Әсет араласты.
Әсет: Ералы,Дінмұхамед төбелесті тоқтатыңдар,қазір апай екеуіңнің дауларыңды шешіп береді.
Автор:Осы мезетте топ бөлмесіне тәрбиеші апай келді.
Тәрбиеші :Бұл не шу?
Әсет: Апай,Мирас мен Дәулет мына орындыққа таласып, «Менің құқығым баротыруға» деп дауласып жатыр,қойыңдар десек те қоймайды.
Тәрбиеші :Мирас, Дәулет , сендердің бұл құқықтарың дұрыс емес.Өздеріңнің жеке бастарыңның қажетін ойлап,бір-бірлеріңе тіл тигізу адамгершілікке жатпайды.Әркім өз құқығын дұрыс түсінуі қажет.Әрине сендердің әрқайсыларың оқуға,білім алуға,ойнауға,демалуға құқықтарың бар,бірақ барлық мәселені ақылмен шешу керек.

Айқын:

Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.
Қоғамның сан саласын реттейтін
Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.

Тәңірберген:

Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті,
Ел үшін кім тындырар қайран істі?!
Еліңнің дамуы мен дағдарысы
Ол-дағы Ата Заңға байланысты!

Ислам

Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,
Тікелей әсер еткен ғұмырына
Айналды Ата Заңым мызғымайтын
Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!

Иманғали

Әр бабы, әр тармағы жойылмайды,
Шектеу де және тегін қойылмайды!
Келісім-шарт жасасқан барлық шет ел
Қазақтың Ата Заңын мойындайды!

Аяна

Өмірденәділдік пен бақтабатын,
Құқығымқорғалдыдепшаттанатын,
Өзіңдейжасөркендеркеледіөсіп
«Бұлбіздің – АтаЗаң» депмақтанатын!

Сергітусәті:

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

Жүзімізге қараңыз

Бал-бұл жанған баламыз

Бізге қымбат Ата заң,

Бізге қымбат құқымыз.

Балалар домино ойнын ойынау арқылы алған білімдерін қортындылайды.

-Балалар,біз бүгін сендермен қандай тақырыпта сөз қозғадық?

-Сонымен,қорытындылай келе,біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай оқу қызметімізді аяқтаймыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.