Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы
КМҚҚ «Жасұлан» ясли балабақшасы
Тәрбиеленуші: Ерболатова Айша
Жетекшісі: Акишева Гульбаршин Айткалиевна
Тақырыбы: «Тұғылым Тұғырым»
Мен Тұғыл балықшы ауылында тудым. Өз ауылымды жақсы көремін. Атам балықшы. Біздің Зайсан көлінде көп балықтар бар: сазан, шортан, көксерке. Балықтан көп тамақ жасауға болады. Сүйікті тамағым балық сорпасы. Тұғылымды мақтан тұтамын.
Тақырыбы: «Менің балабақшам»
Мен ауылдағы балабақшаға барам. Балабақша екі қабатты.Мен «Балақай » тобындамын. Тәрбиеші апайлар Гульбаршин апай және Гульмира апай.Апайларды жақсы көреміз. Олар бізбен сабақ жүргізеді. Топтың іші әдемі, жақсы. Ойыншықтар бар, балықтар мен топта тасбақа бар. Оларды күтеміз, жем береміз. Балабақшаға барғанды жақсы көремін.
Тақырыбы: «Бағдаршам»
Мен ауылда тұрамын. Бізде бағдаршам жоқ, бірақ бағдаршам туралы білемін. Оның үш көзі бар. Біреуі қызыл от сияқты жүруге болмайды, екіншісі сары күнге ұқсайды, үшінші көзі жасыл жасыл шөпке ұқсайды, жүруге рұқсат дейді. Мен барлық ауылда бағдаршам болғанын қалаймын.
Тақырыбы: «Сүйікті ойыншығым.»
Үйде ойыншықтар көп. Менің жақсы көретін ойыншығым қуыршақ. Қуыршағымның аты-Айару. Ол әдемі, шашы қара. Көйлегі ақ, қызыл моншағы бар. Кейде жылайды, өлең айтады. Мен оны жуындырып,әдемі етіп, шашын тараймын.
Тақырыбы: «Сүйікті жануарым»
Менің үйімде күшігім бар.Ол әлі кішкентай. Күшігім жұмсақ, доппен ойнағанды жақсы көреді. Ойнағанда жүгіріп, мені қуып жетеді. Түрі сондай сүйкімді. Сүт ішеді, оны анам екеуміз суға түсіреміз. Ұйқысы жақсы. Оны керемет жақсы көремін. Мен жоқ болсам ол мені іздейді.