Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сунақата а/о, Еңбек ауылы
№ 242 негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Ахметова Багила Байменовна
Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңестігіне ұмтылуға байланысты жасаланып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларынан дербестіктіғ ізденісмпаздықты, белсенділік пен шығармашылық қабілеттерді дамытуды талап етеді. Шығармашылық дегеніміз – адамнң өмір шындығына, өзін – өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену керек. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуы оқу барысын дұрыс ұйымдастыру мен байланысты. Мектеп мұғалімдері көп жағдайда оқушыларға пәнге байланысты жаңа материалды дұрыс меңгерту, шығармашылық белсенділігін дамытуға көп жағдай жасау.
Мұғалім сабақты түрлендіріп өткізуге оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады. Шығаршыл тұлғаны қалыптастыратын бірден — бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа сол сабақты өткізудің әр түрлі әдіс тәсілдері, ягни жаңашыл сабақ. Мұғалім шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеруі тиіс:
- Ең алдымен сыныпта шығаршылық көңіл – күй тудыру үшін баланы назарын бір нәрсеге бағыттау керек;
- Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесу керек;
- Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, ссбақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу;
- Техникалық құралдарды тиімді қолдану.
Мұғалім сабақта әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға, өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсіл көмегімен өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлауын және қиялын, ойын дамытып, оларды сөйлеуге үйретеді.
Зейін
Ойлауы Есте сақтауға
Іс әрекетін бақылай алуға көмектеседі.
Оқушының шығармашылына бағыт – бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген Мағжан Жұмабаев болатын. Ол балалардың ойларын дамыту туралы «Ойлау жанның өте терең ісі» деп атап көрсете келіп, тәрбиеші баланың ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді. Шығармашылықпен айналысуга болатын оқушыларды мектеп келген беттен – ақ байқаға болады. Мысалы: мен өзімнің тәрбиеме сүйене отырып бас «Бастауыш сынып дарабозы» интеллектуалды танымдық сайыс өткіздім. Қазақ тілі пәні, ана тілі пәні, математика пәні, дүниетану пәндердерін біріктіріп өттім. Сайыс төмендегі 3 бағыттан тұрады.
І. Сандарды бар сөздерді шешу.
ІІ. Берілген сандарды қатыстыра отырып, мақалдар құру.
ІІІ. Шығармашылық тапсырма.
І. Сандары бар сөздер.
- К + 3 + ік – күшік 3. С +10 + а – сона
-
Т + 10 – тон 4. 5 + ік – бесік
ІІ. Берілген сандарды қатыстыра отырып мақалдар құрау.
5 6 7 8, 100 200 300, 1 6 7 8
жігіт дос қырлы
- Жігітке жеті өнерде аз.
- 2. Жүз сомын болғанша, жүз досың болсын.
- Сегіз қырлы, бір сырлы.
ІІІ. Шығармашылық тапсырма.
- Екі деген сөздің арасына бір әріпті қосып, үй жануарларының атын шығар. (Ешкі).
- Жеті санының қасына бір буын қосып, ұлттық аспаптың атын тап. (Жетіген).
Өзімнің іс –тәжірбиемді қорыта келіп мынадай түйін түюге болады:
- Оқушының физиологиялық ерекшеліктерін бақылау, оның деңгейін анықтауға мүмкіндік берді;
- Осы тапсырмаларды пәнге қолдану арқылы оқушының пәнге қызығушылығы артты;
- Оқушылардың логикалық ойлауға және шығаршылық іс – әркетке қабілеті артты.
Шығармашылық тапсырмаларлды орындау барысында тағы бір жеке – дара мақсаттыда алға қою мүмкіндігі бар. Ол – баланың іс – әркетке икемділігі мен қабілетін ашып дамыту және есепке алу. Шығаршылықпен жұмыс істеудің нәтижесін келешекте өзінің икем қабілетін сапалы түрде мамандық таңдау жолында пайдалануға болады. Осы мақсатты пайдаланып, сабақта әр оқушы шығармашылықпен қоржын жинайды. Шығармашылық қоржынға оқушы өзінің алға қойған ұстанымынан бастап өздерінің әңгіме, өлең, өтірік өлеңдер, қиялдарынан шығарған ертегілерін топтастыралы. Тиянақты шығармашылық жұмыс жүргізіп отырған оқушылар мұғалім тарапынан марапатталып отырады.
Алайда балалар үшін шығармашылық қоржын күнделікті оқуға да, шығармашылық әс – әрекеткеде жетелейтін құрал.
Әр баланың бойына бар шығармашылық қабілетті оятуға, еңбекшілдікке баулуға, өзін – өзі түсініп, шамасын біле алуына шығармашылықтың алғашқы қадамын жасауына, өмірі қуанышты, бақытты, толымды өтуіне мұғалім қауымының тигізер ықпалы зор. Күнделікті сабағымызды ұйымдастырғанда біз міне осы мақсаттарды жүзеге асыруға тырысамыз.