konkurs042018

Отбасы – ұлтық құндылықтардлы қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сунақата а/о, Еңбек ауылы

№ 242 негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Ахметова Багила Байменовна

ХХІ – ғасыр табалдырығын еркін аттаған жас ұрпаққа тәлім –тәрбие, білім беруді жетілдірудің бағыттары осы педагогика ғылымында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру болып табылады. Ұлттық құндылықтардан нәр алып, ата – бабаның рухани аманатын ертеңгі күнмен жалғастыратын, жеке тұлға болмысын қалыптастыру бүгінгі білім жүйесіндегі негізгі міндет болып отыр. Осы өркениетке қадам басқан еркін елдің өренін тәрбиелеу ұстаздардың үлесіне тиіп отыр. Әр педагогтың алдына қойған мақсаты бүлдіршін бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерді оқу – тәрбие үрдісінде жан – жақты қалыптастыру арқылы болашақта ел тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелеу.
Әр тәрбиеші ұлттық тәуелсіздікті нығайтуда, салауатты қоғам құруда, бірлік татулықты арттыруда жас ұрпақ тәрбиесіне аса мән бере отырып ұлттық құндылықты оқыту үрдісінде пайдалануы тиіс. Саналы, білімді, әдет – ғұрып, салт – дәстүрді құрметтейтін ұрпақ тәрбиесіне руханиятымызды, дәстүрімізді, мәдениетімізді, тілімізді, өнерімізді пайдалана отырып ұлттық тәрбие мен білім беруге аса мән беруіміз қажет. Ұстаз тәрбиеші, өз білім беру ісінде рухани мәдени дәстүрлерді сақтап, шығармашылық ізденісімен жұмыс істеп, жаңа технологияны меңгеріп, ұлттық төл, мұра, мұрағаттарды пайдалануы керек. «Бала — бұлақ» — деп халық айтқан нақыл сөз бар. Сол себепті жаңа буынға ұлттық тәлім – тәрбие беру үшін ең бірінші тілді меңгерту қажет. Өзінің ана тілінсіз халық ұлт бола алмайды. Біздің қазақ халқы рухани зор байлықтың мұрагері. Халықтардың мәдени мұрасын таныту арқылы әлемдік мәдениетке жетеміз. Уақыт талабына сай бүлдіршіндерге заманауи жаңа технологиялармен білім беру қай заманда болмасын адамзаттың алдындағы басты міндет. Ұрпақ тәрбиесінің баршамызға іс екенін естен шығармай жаңа әлемде жеке тұлға қалыптастыруда өз үлестерін қосқан әр педагогтарының еңбектері орасан зор. Мектеп алды даярлық сыныбында 5 білім саласы бойынша ұйымдастырылған оқу іс –әрекеттері, рет –ретімен, бір жүйемен өткізіледі. Іс — әрекеттің өз деңгейінде өтуіне педагог ретінде өз үлесінмді қосудамын.


Оқу жылының міндеттемесі:

  • Баланың ақыл — ойын, әдет – ғұрпын, ұлттық болмысын, қабілетін дамыту, дені сау тұлға тәрбиелеу. Балаларға экологиялық білім беру арқылы өз туған өлкесін табиғатты сүюге тәрбиелеу.
  • Ата — аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру, білім мен тәрбие үрдісін ұжыммен бірге шешу. Баланың білімді меңгеруі, ұстаздың білім беруі «инемен құдық қазғандай » атқарылатын қиын іс.

ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Бұл енжарлықты көтермейтін ғасыр. Ата — бабамыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл – кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы, ұлттық рух, намыс, тілі мен мәдениетін жас ұрпақ бойына сіңіру баршамыздың парызымыз. Ұлттық құндылықтарды оқу тәрбиесінде қолданудың жаңа үрдістері:

  • Ұлттық руханият.
  • Ұлт мәдениеті.
  • Ұлт өнері.
  • Ұлттық тәрбие мен білім.
  • Ұлт тілі.
  • Ұлт дәстүрі.

Қай елдің болмасын өсіп – өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алып қарағанда жеке тұлғаны дамытудағы қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға байланысты білім мен жан – жақты тәрбие беру аса назар аударарлық саланың бірі екенін білуіміз керек. Мектепке дейінгі ұйымда жан – жақты тәрбиелеу арқылы білім сапасын арттыру ең аса маңызды мәселе. Сонымен бірге отбасында бала тәрбиесіне аса мән беру, мектепке дайындау бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып табылады.

Қазақ халқы ғасырлар бойын өзінің ұрпағына тәрбиенің үзіліссіз үлгісін жасап келеді. Қазіргі қоғам мүддесіне сай жан – жақты дамыған, ұлттық психология ұлттық санасы қалыптасқан азамат тәрбиелеп өсіру әрбір отбасының жалпы халықтың міндеті.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.