konkurs042018

ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ

ИСКАКОВ АСАН ЗЕЙНЕЛОВИЧ

Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы, №15 ЖОББМ зерде бұзылыстары
бар балаларға арнайы мектеп интернатының денешынықтыру пәнінің мұғалімі.

Біздің елімізде қазіргі кезде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі — оқытудың дәстүрлі түрінен жаңа педагогикалық технологияларға ауысу. Бұл үрдіс жаңа білім парадигмасының қалыптасуына әкеледі. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алуарқылы дамуын қоятынын баршамыз да түсіндік. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет». Елбасы сөзі отандық педагогтарды қамшылауда. Қазір біздер оқытудың жаңа технологияларын меңгеру, білім беруді ақпараттандыру, әлемдік коммуникациялық желілерге қосылу арқылы оқыту мазмұнын жаңартудамыз.

Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникативтік технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда.

Ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолданудың мақсаттары:

  • -білім деңгейін тексеру бағытында қолдану;
  • -оқытушылық мақсатта қолдану;
  • -компьютерді мультимедиялық мүмкіндіктер арқылы көрнекі құрал ретінде пайдалану;
  • -электронды оқулықтарды, интернетті пайдалану.

Жеке тұлға: Мәселелерді сараптай алатын; Жүйелі байланыс құра білетін; Ойлауы шығармашылық түрде қалыптасқан; Қайшылықтарды ашуға мейлінше жетілген; Интеллектуалдық – психологиялық шешім қабылдау ммкіндігіне ықпал ететін; Интеллектуалдық-психолигялық шешім қабылдау мүмкіндігіне ықпал ететін түрлі өзгерістерді дамыта білуге қабілетті болатындығына көзім жетті.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында «…Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметінде қол жеткізуге тиіспіз»- деп атап көрсетілді. Мұндағы басты мақсат- білім берудің сапасын жоғары деңгейге жеткізу, Қазақстандағы ІТ- саласын дамыту, әлемдік ақпараттандыру кеңістігіне ену және білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың – 2011 — 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында электрондық оқытудың «e-iearning» мақсаты: — «… білім берудің үрдісінің барлық қатысушыларының үздіксіз білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету»- деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.
Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Орта білім беру жүйесіндегі рөлі ақпаратық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етуде.
Мектептегі барлық пәндерін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы АКТ-ны қолдану жолдары. АКТ-ны дегеніміз мектеп пәндерін оқытуға ақпараттық – коммуникациялық технологияның дидактикалық мүмкіндіктерін қолдану мен әлемдік –ақпараттық білімдік кеңестікке еркін түрде ену арқылы өздігінен білімдерін жетілдіру қабілеті. Сондай-ақ ақпараттық технологияларды информатика сабақтарында сапалы деңгейде қолдануға және оқыту барысында түрлі бағдарламаларды пайдалануға болады.
Бүгінгі таңда оқушыларды қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ барысында түрлі АКТ-ны пайдалануға болады, атап айтар болсақ PowerPoint презентациясындағы көптеген мүмкіншіліктерін пайдануға болады, ондаға гиперсілтемені пайдалануға болады. Сондай-ақ түрлі тест құрайтын бағдарламалар, сабақ түсіндіру барысында Саmtaziostudio қолдануға болады бұл сабақ барысын видеоға түсіре отырып және өзіңіз айта отырып көрсетілетін бағдарлама. Тағы да бір АКТ-ның тиімді жағы ол интернетті қолдану арқылы көптеген бағдарламаларды пайдалануға болады, соның бірі Prezi – бұл тізбексіз құрылымда интективті мультимедиялық презентация құруға арналған веб сервисіне тіркелу арқылы қолданасыз. Сондай-ақ графикалық ақпаратты оқытқанда түрлі бағдарламаны қолдануға болады соның бірі ColorDraw,Adobe Photoshop, бағдарламаларын оқытамыз. Бұл бағдарламалар оқушыларды ой-өрісін және шығармашылыққа болуға көптеп әсер етеді. Осы бағдарламалардан басқа түрлі оқушыларды сабақ барысында қазіргі телефонның мүмкіндіктерін пайдалануға болады, олар смартфондағы слайд жасау және оны монтаждауға болатын көптеген бағдарламаларды қолдануға болады. Оқушылар қазіргі таңда ақпараттың көптеген мүмкіндіктерін пайдалануда. Мысалға алатын болсақ реферат дайындауда оқушылар еш қиналмайды себебі интернет желісін пайдаланады. Сонымен қатар тест жауаптарын жылдам табу бағдарламалары бар. Қазіргі кезде сабақ беру өте жеңіл болды себебі оқушылар тест жүйесімен жұмыс жасау біледі, түрлі презентацияларды дайындауға еш қиналмайды.
Бүгінгі заман талабына сай интерактивті құралдарды қолдануға болады, оларға Асtivstudio бағдарламасының түрлі бөлімдері бар, тест жасауға болады, слайдттарды филипчатқа аударуға болады сондай-ақ сол бетке тапсырмаларды дайындатып оқушыларды орындатуға болады. Оқушыларға АКТ-ны көптеп қолданса сабақта сәтті шығады. Тест жүйесінің өзін түрлі бағдарламасы бар солардың бірі adobe Capivata4 .
Қазіргі таңда мен өз оқушыларымның информатика сабағында қызығушылықтарының артқандарын байқадым. АКТ-ны сабақта тиімді пайдалану арқылы көптеген өзгерістерді көрдім: нені білуді және еске сақтауды шешу жолдарын, оқушылардың ақпараттарды бағалау, таңдауға, ұйымдастыруға қызығушылықтарының артқандарын оқушылар дискіге жазып және желіге жариялай алатынын, өз жұмыстарын редакциялау және тексеру кезінде пікір алмасатынын көрдім.
Бұл технологияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт – бағдар беруі арқылы өз бетімен ізденіп, жаңа мәліметтер алып, еңбектену арқылы игереді. Білімді меңгере отырып, оқушы сын көзбен қарауға, өз ойын еркін айтуға, өз құқықтарын қорғай білуге, ақпарат көздері арқылы ізденуге, білімін толықтыруға жәрдемдеседі.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиалық және онлайн сабақтары. Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған. Осыған байланысты күнделікті сабақта:

-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық

оқулықтарды);

-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);

-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);

-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже

береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік бередіСабақ барысында интернетті қолдану :

  • -интернет оқушыға материалды асықпай оқып білуге жағдай жасайды,
  • -интернет алынған ақпаратқа талдау жасауға мүмкіндік береді,
  • -интернет оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін әдетке айналдыру қабілетін оятады, өзіндік пікірін қалыптастырады.

Интерактивті тақта — бұл мұғалімдерге жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін, көзге көрінетін ресурс.

Интерактивті тақтаның артықшылығы:

  • -материалды түсінікті , қосымшалар, бейне көріністер,сабақ барысында жасалған жазуларды сақтауға, оны басып шығаруға болады;
  • Түрлі тартымды ресурстарды қолданудың арқасында оқушылардың қызығушылығын арттырады;
  • Ұжымдық жұмысқа араласу үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады, жеке және әлеуметтік дағдыларын жетілдіреді;
  • -оқытудың түрлі стилдерін қолдануды,сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді;
  • -өткен материалды қайталау үшін файлдарды сақтауға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда , ақпараттық технологияның тиімділігі – оқушылардың

білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге

пайдасы бар екендігі анықталды. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер

шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді.

Демек, компьютер оқушылар мен мұғалім жұмысын ұйымдастыруда кең

мүмкіндіктерге ие, оқытудың әдістерін кеңінен әрі сапалы қолдануға мүмкіндік береді. Ендеше, ақпараттық технологияны сабақта қолдану оқушының іс-әрекетін, жұмысын түрлендіруге көмектеседі, зейінін белсендіреді, жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін жоғарылатады деуге болады. Ақпараттық технология арқылы жасалатын тест тапсырмалары уақытты, шығынды үнемдеуге көмектесе отырып оқушылардың өз білімін бағалауға үйретеді. Ең бастысы, оқушылардың өзіндік білім алуын қамтамасыз етіп, әр түрлі білім көздерінен негізгісін бөліп алу, тауып алу дағдыларын дамытады. Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік технологиялар қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.

Интерактивті тақтаны қолдану оқушыларды ізденімпаздық дағдыларын шығармашылық жобаларын іске асыру бағытына ауыстыруға үйретеді. Сондықтан да интерактивті тақта- оқу үрдісін құру құрылғысы ретінде , ал компьютер- кітап пен қалам сияқты оқушының жұмыс құралы ретінде қолданылады.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Шет тілін оқыту әдістемесі Амандықова Г.Н,Мұхтарова Ш.Е,Баймұқанова Б.С
  2. Жалпы педагогика. 2009ж М.Жұмабаев.
  3. Педагогикалық еңбектер .2008ж
  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. ІІІ басылым, ІІІ деңгей;
  2. Интернет желісі;

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.