konkurs042018

Оқушыларды сын тұрғысынан ойланту арқылы шығарм ашылық қабілеттерін дамыту

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы ЖББ

Абай орта мектеп балабақша-кешені

ҚАЙЫРБАЕВА АЛМАГҮЛ ЫНТАЗАРҚЫЗЫ

Тақырыбы: Оқушыларды сын тұрғысынан ойланту арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту
Технологияның мақсаты: Тұлғаның шығармашылық қабілеті мен қызығушылығын жетілдіру, бала бойындағы дарындылықты жас ерекшелігін ескере отырып анықтау, шығармашылық жұмыстар жасату арқылы дарындылықтың талантқа айналуына күш салу.
Қолданудан күтілетін нәтижелер:
  • Егер де оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін қолданса, шығармашылық тапсырмалар орындағанда оқушылар өз ойын ашық, қысылмай жеткізе алады, өз ойын дәлелдеуге тырысады, өзінің жасаған әрекетінің дұрыстығын қорғай алады;
  • Оқушылардың ойшапшаңдығы, сөз байлығы молайып, қиялы дами түседі;
  • Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруы;
  • Практикалық дағдыларды игеруін арттыруы;
  • Оқушылардың тілге деген қызығушылығының, ынтасының артуы;
  • Оқушылардың мектептік, қалалық сайыстарға белсене қатысуға деген құштарлықтарының дамуы;
  • Әр түрлі оқулардан жүлделі орын алуы;
  • Білім сапасының жоғарлауы;
  • Жасампаз және өнерпаз тұлғаның қалыптасуы;
  • Еңбекті бағалай білетін тұлға.

Тақырыптың өзектілігі:

Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Білімді әрі сауатты адамдар ─ бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Ал баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталады. Қазіргі мектептердегі оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа әдіс-тәсілдерден, технологиялардан құралады. Демек, баланың білімі ерекше болуы, ол білімнің нәтижелі болуы пән мұғалімінен жауапкершілікті талап етеді.

Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік технологиялар қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни жаңа әдіс- тәсілдерді толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.

Диалогтік оқыту – көпқырлы құбылыс. Білім алушы белгілі бір педагогикалық мәселені шешуде өзінің білетінін есіне түсіреді, білімін басқалардың идеяларымен толықтырады, жаңа тәсілдерді меңгереді, өзінің стратегиялық бағытын анықтайды.

Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б. оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғыштары болып табылады. Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып білім сапасын арттыру, сондай-ақ рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу- осы ұстанымдардан туып отырған өзекті мәселелердің бірі.

Тәжірибенің іске асу жолдары:

  • Сабақтар арқылы
  • Үйірмелер арқылы;
  • Іс-шаралар арқылы;
  • Көмекші құрал құрастыру арқылы;
  • Түрлі сайыстары арқылы.
  • Мәтіндер талдауы;
  • Түрлі көзқарастағы тапсырмалар құрастыру;
  • Ұжымдық пікірталас;
  • Топпен және жұппен жұмыстардың әртүрі;
  • Дебаттар;
  • Пікірталастар;
  • Оқушылардың жазба жұмыстарын жариялау;

СТО-жазба жұмыстары (оқушылардың жазған «Эссе», «5 жолды өлең» жинап отыру.

Технология өмір талабы:

Жаңа адамды тек жанашыл мұғалім тәрбиелейді.

-Білім беруді технологиялық жолмен ұйымдастырудың жаңа бағыттағы оқытушының кәсіби шеберлігін шыңдауға, өз білімін көтеруге жауапкершілігін шыңдауға, өз білімін көтеруге жауапкершілік арттыру, тәжірибесін рефлексиялауға үйретеді. Әрбір жаңашыл оқытушы ақпараттық технологиялардың ғылыми-теориялық негізін меңгеріп, әрбір баламен ғылымның жаңалықтарымен ой бөлісіп, жұмысында қолдануға тырысу.

Білімді арттыруда қазіргі қолданыстағы педагогикалық технологияларды пайдалануға болатынын өз тәжірибемеме сүйеніп толық айта аламын.

Оқыту барысында өз сабақтарымда қолданып жүрген технологиялар ішіндегі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» стратегиялары қазақ тілі және әдебиеті пәніне арнап құрастырылған десем, артық айтқаным болмас. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар. Қазіргі кезде мен қолданып жүрген стратегиялар Венн диаграммасы, эссе, ой қозғау, инсерт, шығу парағы, кубизм , дискуссиялық өрнек, кластер, ішіне сыртына , синквин, т.б. СТО бағдарламасын қазақ тілі және әдебиет сабығында осы жүйемен өтілген сабақтарда ғана оқушылардың жазған, айтқан сөздерінде табиғатқа , елге,айналаға, өзгеге, өзіне деген азаматтық жауапкершілік үні айқын сезіліп, оқушылардың бойында ұйымдастырушылық, көсбасшылық қабілеттері қалыптаса бастады.

«Әрбір ұстаз — білікті маман, ал әрбір оқушы — ойшыл тұлға» деген қағидаларды ұстана отырып, білім беру үрдісінде кез келген ұстаз білім сапасын жақсарту мақсатында оқытудың озық технологияларын пайдаланады. Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негізін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі.

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс — әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу — танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.

Сын тұрғысынан ойлау— бұл ақпарат пен ойдың бірігіп алудың шынайы тәсілі. Ақпаратты алу ғана емес, сонымен қатар алған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалап, ой елегінен өткізу арқылы қолдану.

Сын тұрғысынан ойлау – бұл қиын тапсырманың шешімін табу үшін жасалатын дұрыс шешім. Сол шешімге сенудің бірден бір жолы.

Сын тұрғысынан ойлау-оқушының дұрыс ойлануына жасалатын ой моделі және ой әрекетінің қызметі.

Сын тұрғысынан ойлау— шығармашылық ойлауын дамытатын ең маңызды бағыт.

Сын тұрғысынан ойлауды дамтыу құралы деп айтуға келмейтін зияткерліктің түрлері:

Есте сақтау;

Қарапайым және қиын ойларды түсінуін;

Шығармашылықта: спортшының, суретшінің, музыканттың интуитивтік ойлауы;

Д. Клустердің ойынша сын тұрғысынан ойлаудың 5 қыры бар:

Бірінші-бұл өз бетімен ойлау;

Екінші-бұл ойын қорыту;

Үшінші-бұл проблемалық және сол ойын бағалай білуі;

Төртінші-бұл ойын дәлелдеуі;

Бесінші-сын тұрғысынан ойлаудың өзі әлеуметтік ойлау болып табылады (өмірмен байланысты).

СТО технологиясындағы мұғалім ролі:

Оқушыларды анықталған бағытқа бағыттау;

Түрлі пікірлермен бетпе-бет келеді;

Өз бетімен дұрыс шешім шығаруға жағдай жасайды;

Оқушыларға өзбеттерімен шешім шығаруға мүмкіндік береді;

Қалыптасқан танымдық ішкі жағдаяттарды дайындайды;

Сыни тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықтадым.

Мазмұнға байланысты міндеттер:

1.Әңгімені оқып танысады.

2.Мазмұнын ашады.

3.Кейіпкерлерді салыстыра отырып айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алады.

Сыни тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты:

Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтату және сезімін ояту.

Қорыта айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, шығармашылық сабақтардың өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, жан-жақты дамудың алатын орны ерекше екені байқалды. Іс тәжірибемізді қорыта келе, мұғалімдерге мынадай ұсыныс жасаймыз:

Оқушыларды сын тұрғысынан ойланту арқылы пәнге деген қызығушылығы артады;

Мұғалім мен ата-ана тығыз байланыста болуына жағдай жасайды;

Оқушылардың жан-жақты болуына мүмкіндік береді;

Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға

ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата-аналармен ынтымақтасуға, оқуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмек көрсетеді. Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысында пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды.

Өз тәжірибемде сабақ сапасын арттыруда, жақсы білім дәрежесіне жетуде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып келемін. Оқушыға білімнің білігін, тәрбиенің тәлімін бере отырып, оқушылардың демократиялық қасиеттерін, таңдау бостандығын,өздігінен іздену қабілеттерін, жеке тұлғаны дамыту мақсатында мектебімізде тек қана оқушылар ғана емес сонымен қатар ұстаздар қауымы да шығармашылық іс-шараларға белсене ат салысу керек екендігіне көзім жетті. Әрбір нақты сабақтың сапасы мен тиімділігі оның мақсаты мен нәтижесінің сәйкестігі бойынша анықталуы тиіс. Сабақ барысында мұғалімнің және оқушының іс-әрекеттерінің жиынтығы әрдайым белгілі нәтижеге жетуге қандай жолмен, қандай әдіс-тәсілдер және жұмысты ұйымдастыру арқылы жетудің мүмкіндігі мұғалімнің теориялық және практикалық білім деңгейіне, шеберлігіне, шығармашылық ізденісіне тәуелді түрліше көшілетін мәселе. «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы, құзыреттілігі арқылы айқындалады.
Өз білімімді жетілдіру мақсатында жеті модульді екі жылдан бері қолданудамын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.