ЛУКПАНОВА ЛАЙЛИМ СЕРИКОВНА
Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы,А.Байтұрсынов атындағы
№10 ЖББ жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі.
Қазіргі ғылыми техникалық прогресс жедел өсу кезеніңде, математиканың ролі артты, сондықтан математикалық білім қоғамдық зор маңызға ие болды.
Мектепте математиканы оқыту кез- келген басқа пәндерді оқыту сияқты, білім беру тәрбиелік және практикалық міндеттерді шешетін болуы тиіс. Математиканы оқып үйрену процесінде оқушылар бәрінен бұрын теориялық білімдер жүйесін меңгеруі, сондай-ақ бағдарламада көрсетілген бір қатар біліктерімен дағдыларды иегерулері қажет.Оқыту ісі оқушылардың саналы білім алуын және де жеткілікті жоғары дәрежеде қорыта білуін қамтамасыз ететін болуы керек. Егер оқыту ісін жетілдіріп отырса,яғни оқушылардың интеллектуалдық даму дәрежесі , олардың танымдылық қабілеті және ынтасының дамуы жеткілікті қамтасыз етілсе, жоғарыда айтылғандарды іске асыруға мүмкіндік болады.
Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген XXI ғасырды құрушы, іскер, өмңрге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру », — деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педагогтық шеберлік – дарынды талантты емес, үйрену, ізденудің нәтижесі». Бүгінгі таңда болашағымыз болған жастарды заман талабына сай, сапалы да саналы тәрбие беру мұғалімнің басты міндеті. Жеке тұлға бұрын білімді қабылдаушы, жинақтаушы өзіне сіңіруші ролдерін атқарса, ал жаңа талап бойынша өздігінен білім алушы, үйрене білуші ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаны осы рөлдерді атқаруға, лайықтау үшін оның бейнесін заман талабына сай дайындауымыз қажет. Қазіргі біздің қоғамға жоғары білікті, жан-жақты дамыған, шығармашыл, алған білімдерін өмірде қолдана алатын жастар қажет. Заманауи білім берудің стратегиясы әрбір адамда табиғаттан берілген шығармашылық тума талантты жан-жақты дамыту болып табылады. Жаңа ғасырдың алдында жаңаша ойлайтын тұлғаларды дайындау міндеті тұр.Мектебімізде осы жаңа форматта біліктілігін арттыру курсын оқып келген II деңгейлі мұғалімізден тәлім алушы ретінде мен коучингтерге қатысып, осы бағдарламаны математика пәні бойынша сабақтарыма қолдануды бастадым.Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны 7модуль түрінде берілген:
- Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
- Сыни тұрғыдан ойлаууға үйрету.
- Білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау.
- Білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану.
- Талантты және дарынды балаларды оқыту.
- Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
- Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Сабақ барысында осы жеті модуль бойынша дәстүрлі сабақ беру әдісін мүлдем өзгерттім. Осы мақсатты алға қойып, өз тәжірибеме оқытуды жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың пәнеге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабағымды түрлендіріп өткізуге тырыстым. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда осы әдіс-тәсілдерідің маңызы ерекше екендігіне көзім жетті. Олай дейтінім бұл әдістер оқушылардың қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді.1-сыныптағы математика пәні бойынша сабағымды айтатын болсам, ең алдымен оқушылар үшін топта жұмыс істеу, топ ережесін сақтай отырып, өзін-өзі реттеу, жүйелі түрде жұмыс істеу қалыптаса бастады. Бұрын сабақ жоспарлаған кезде, өзім үшін жаздым, ал енді оқушылардың даму деңгейін, жас ерекшелігін ескере отырып, оларға бейімдеп жазамын.
Әдеттегідей мақсат пен міндет белгіліп алған соң, мынандай аспектілерге назар аудардым:
- мен үшін сабақтан күтілетін оқу нәтижесі,
- сабақтың негізгі идеясын анықтау,
- оқушыдан күтілетін нәтиже,
- сабақтың маңыздылығы,
- бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
- Өмірден алған тәжірибесінің әсері?
- Сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?
- Қызығушылығын арттыру үшін қандай іс-әрекет қолдану керекпін?
Өздері-өздерін бағалай ала ма? – деген сұрақтар туа бастады. Бұл сұрақтардың бәріне жауап беру үшін көп еңбектену керек болды. Бастапқы кезде өте қиын болды, жоспар құрған кезде ең түйінді мәселені табуда қиналдым. 7 модульдің бірі – АКТ-нің тиімділігі: әрі көлемді, әрі қызықты болып көрінеді. Сабақтарымда электронды оқулықтарымды, соңғы ақпараттық технологиялық құрлығыларды пайдалана бастадым. Бұрын тапсырманы жалпы сыныпқа берсем, енді қазір тапсырманы топтарға бөліп, бірін-бірі үйрететін, бір-біріне ықпал жасайтын жағдай туғыздым. Топтық жұмыс барысында оқушы алдымен жеке жұмыс жасайды. Содан кейін жұппен, топқа талқылайды. Осы іс-әрекет барысында оқушылар өз ойларын еркін айтады, қысылмайды. Әсіресе, алдыңғы сабақтарда үндемей отырған оқушылардың жұмыс істеулері байқалды. Олар шағын топта пікір таластарға қатысып, топ ішіндегі тапсырмаларға біртіндеп тартылады: сурет салу, флипчартка жобаларын түсіру жұмыстары. Сабақ үстінде талантты мен дарынды оқушыларм ен жұмысқа да көңіл бөлетін болдым.Жалпы сыныптағы топтар белгілі бір тапсырманы орындағанда, ол оқушыларға бөлек тапсырма беріп отырса, олардың сабаққа деген ынталары оданда жоғарылай түседі. Топтық жұмыс барысында оқушыларға бағалау парағы беріледі де, олар бірінші өзіне,содан кейін топтағы басқа мүшелерге баға береді. Баға қойған уақытта олардың топтағы жұмысқа қаншалықты белсенді қатысқаның, ортаға салған жаңа идеяларын ескереді. Сондақтан да оқушылар бағаланғанда бір – біріне кемшіліктерін айтып, әділ баға қойылады. Ол бағаға мұғалімнің бағасы қосылады да ортақ бір шешімге келеді.
Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінін терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогиколық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-комуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Әр оқытушы интерактивті тақтамен жұмыс жүргізуді толығымен меңгеруі қажет. Мен өз сабақтарымда интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың жаңа ойларын, әсерлі идеяларын тартымды етіп көрсететініндігін аңғардым. Жаңа материалдарды бірігіп талдауда маңызы зор. Бұл тақта арқылы оқушы хаңа ақпараттарды жеңіл түрлендіреді , жаңа нысандарды жасауға және жылжыту тиімділігіне жеткізеді.
Сабақ беру барысында компьютерлік желілер технологияларын қолдана отырып, бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылардың компьютердің негізгі құрамымен бірге интернет желісінен ақпарат іздеуді меңгеру машықтығы көрінеді. Интернеттен кез келген аудиовизуалды ақпарат алуға және оны оңайлықпен қолдануға, сонымен қатар мұғалім мен оқушының арасында ақпаратты қарым –қатынас орнатуға кең мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологияның мұғалімдерге берер мынадай мүмкіндіктері байқалды:
- мұғалім үздіксіз ізденіс үстінде жүреді;
- жеке тұлғаны қалыптастырудаға жауапкершілігі артады;
- инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс-тәсілі артады, жас мамандардың қызығушылығын туындатады;
- мектептегі басқа пән мұғалімдерімен тәжірибе алмастыру арқылы ұжымның ұйымшылдығының ұйтқысы бола алады;
- интернетке кіру жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс-тәжірибе алмасуды қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін игеруге қол жеткізеді;
- мұғалім сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады .
Ақпараттық технологияның оқушыларға берер мүмкіндігі :
- түрлі ақпараттық, бейнелік, дыбыстық анықтамалар арқылы білімін жан-жақты жетілдіреді, дамытады;
- өз бетінше онлайн тест тапсырмаларын орындайды;
- тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыптарды қосымша қайталап алуға мүмкіндік беріледі;
- пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады;
- ойлау, есте сақтау, пікір сайыстық қабілетті дамиды;
- өз ойын сызба, сурет, кескіндеме, кесте, графиктік моделдер түрінде жеткізеді;
- түрлі бейнелік, сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды;
- түрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын орындап өзінің алған білімін тексереді.
Қорыта келгенде, болашақта осы әдісті қолдана отырып, оқушылардың сын қабылдай алатын жағдайға ауысқандарын, сол сынды түзету жолында ізденіп, нақты нәтижеге жеткендерін байқап, осы сабақта қолданған жеті модульдердің қай – қайсысын алсақта балалардың оқуын реттей отырып, дамытатынына нақты көзім жетті. Мен сол себепті келесі жолға сабақтарымның барлығында осы сындарлы оқудың ұстанымдары негізіне сүйенетініме сенімдімін. Болашақта теорияны тереңнен ұғынып, практикаға нақты айналдыра отырып, оқушыларға сындарлы білім беремін деген үміттемін. Бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан, білім негізі бастауышта қаланатындылығын ескере отырып, бұл әдіс – тәсілдерді әлі де болса тереңдетіп оқып, меңгеру арқылы білімді, таланттыда дарынды,өмірге бейімделген жеке тұлға тәрбиелеуді алдыма міндет етіп қойдым.
Маған ұнағаны бұл жобаның барысында мұғалімде, оқушыда сыни тұрғыдан ойлана отыра көзқарастарын білдіруі, оқушыға жеке тұлға ретінде, өздерін мұғаліммен тең сезінулеріне, құзырлы тұлға деген атқа ие болуына мүмкіндік туғызу. «Ұстаз бақыты – озып туған шәкірті»,
«Тынымсыз еңбектің жемісі – шәкіртімнің жетістіктері» дегендей, алдағы уақытта да әлемдік деңгейде білімімді жетістіруге тиістімін. Ұлы педагог Ушинский «Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа салып құям десе де мұғалімнің қолында» дегені шәкіртті тәрбиелеп оқытуда әр ұстаздың шеберлігімен әдіс-тәсіліне қойылатын көрсеткіші деп білемін. Ал ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім беру оң нәтежесін беріп отыр. «Еңбексіз талант -тұл» дегендей уақыт қөшінен қалмай, әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуімізге өз үлесімізді қосып, ұрпақ алдындағы борышымызды шығармашылық еңбегімізбен жүзеге асыра берейік.
Пәні: Математика | Сыныбы 1 | |
Сабақтың тақырыбы | Ондықтарды салыстыру
Толық ондықтарды оқуды, жазуды,санауды және салыстыруды үйрену. |
|
Сабақтың мақсаты | ||
Күтілетін нәтиже |
|
|
Әдіс-тәсілдер | Еркін жазу,семантикалық карта,жаппай,топтық,жұптық және жеке жұмыс түрлері. | |
Керекті құрал-жабдықтар | Оқулық, дәптер, флипчарт, фломастер,маркер, ондықтар жазылған топшамалар, АКТ | |
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Кіріспе | Оқушылармен амандасу.
Психологиялық дайындық. Қайырлы таң досым Қайырлы күн болсын Жеті күннің әр кезі Жақсылыққа толсын Біздің алар бағамыз Кілең бестік болсын Топқа бөлу. (геометриялық фигуралар арқылы) |
Мұғаліммен амандасады.
Сергіту сәтін жасайды. |
Тұсаукесер |
Өткенді пысықтау.
(1 бума көрсетемін, оқушылар 10 санын көрсетеді) Неше ондық? (1 ондық –10 ) т.с.с |
Сыныпта жақсы атмосфера қалыптасады.
Сабаққа қызығушылықтары оянады. Таяқшалардың бумасын көрсетемін.Сандар жазылған топшамаларды көрсетеді. |
Негізгі бөлім | Тақырыппен жұмыс
10 20 30 40 50 60 70 80 90 1 2 3 4 5 6 7 8 9
Екі қатардағы сандарды салыстырайық.
Мысалы: 5онд-бұл 50,ол екі таңбалы,өйткені бірінші цифры 5-ондықтарын білдіреді,ал 0 бірлігінің жоқ екенін көрсетеді.
7 ондықпен 9ондықтың арасындағы ондық (8ондық 80) 4 ондыққы 1ондықты қоссаң ( 5ондық — 50) 30дың кіші көршісі қандай сан (20) «Еркін жазу» Кез-келген ондықтар жазып салыптырып көріңдер. Оқушылар кезек-кезек тақтаға жазып шығады. Дәптермен жұмыс Көркем жазу: 6,7,8 сандарын әдемі етіп жазып шығайық. (Сандардың жазылуы слайдпен бірге ауада жазады) Оқулықпен жұмыс. (жеке жұмыс) Әр топ мүшесі жеке отырып оқулықтағы Т-2 (176-бет)орындайды.Жауабын слайдтан тексереді. Топтық жұмыс. Топтың ережесінде еске түсіріп көрсек.
Әр топқа суреттер беріліді.
Сергіту сәтін өткізу. Жұптық жұмыс. «Семантикалық карта»
(әр жұпқа бір бір тапсырма)Болған жұп қолдарыңды көтеріп белгі беріңдер. |
Осы сандар туралы өз ойлары болса айтады.
Бір таңбалы сандардың әрқайсысын бір цифрдың көмегімен жазады,ал екі таңбалы сандарды екі цифрдың көмегімен жазады. Әр оқушы тақтаға шығып,ондықтарды жазып, салыстырады.Шапалақ соғу арқылы ынталандырады. 67 76; 87 78сандарын үлгі бойынша ауада,содан кейін дәптерге жазып шығады. Әр оқушы өз тобына берілген бағанды дәптерге орындай,слайдтан дұрыс жауабын тексереді,өзін- өзі бағалайды. Дұрыс болса жасыл,қатесі болса сары,бәрі қате орындалса қызыл түспен дөңгелек салады. Флипартқа есепті шығарады,топ тақтаға шығып,өз жұмыстарын талдайды,қорғайды. Жұпта талқылып,тиісті белгіні қойып,бір-бірінің орындай алу деңгейлеріне қарай бағалаңдар. |
Қорытынды
Бағалау |
«Қар лақтыру» ойыны ойналады.
Рефлексия:Бүгін сабақ ұнады ма?
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер:
- «Оқытупроцесіндегіинновациялықізденістер» ӨмірбаеваК. 2001 ж.
-
«Дарын» журналы. 2002 ж, №2; 71 бет
-
2.Ізтеміров К.Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары.//-2007.
4.Бейсенова.К.Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі.//Қазақстан мектебі.-2006.
5.Математика №2-2010ж .
6.Қараев Ж.А. Оқытудың педагогикалық технологиясы. Алматы,1997
7.Кобдикова Ж.У.»Деңгейлеп саралап оқыту».