konkurs032018

Толаметова Гулчехра Ашуркуловна

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы

С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі Толаметова Гулчехра Ашуркуловна

ЖАҢАРТЫРЫЛҒАН БІЛІМ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту оқушылар мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру. Біліктілікті арттыру оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған жаңа білім беру болып табылады. Елбасымыздың жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет». Жаңа білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар мен тапсырмаларды қолдана білуге мүмкіндік береді.

Білім берубағдарламасын жаңарту критериалды бағалау жүйесі оқушылардың сонымен қоса мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Жаңаша оқытуда педагогиканың барлық аспектілері сындарлы оқытуға негізделген. Яғни оқушылардың бір-біріне сын тұрғысынан қарауы. Жаңаша білім беру мектептердің оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым, зерттеуге негізделген оқу, белсенді оқу деп өзгерді. Белсенді оқуда топтық, жұптық, рөлдік ойындар арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттырып белсенді оқуға жетілдіру.

М.Әуезовтың «Халық пен халықты ел мен елді теңестірген білім» деп айтқан сөзі адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы болып табылады. Тәуелсіздік алғалы бері білім жүйесін енгізіліп отырған реформалар біздің болашағымыздың жарқын бейнесі. Себебі қай мемлекет болмасын оның дамуы білімді, білікті азаматтарға иек артады. Яғни, болашақта бәсекеге қабілетті жас маман мойнына жүктелетін абыройлы да, жауапты міндет болып отыр. Бүгінгі жастар – ертеңгі мемлекетті дамытушы білімді, білікті маман, ел тағдырын шешуші азаматтар. Олай болса еліміздің болашағы болып табылатын жастарға білім беретін ұстаздардың қолында. Қазір жаһандану әлемі, технология әлемі. Қазіргі таңдағы еліміздің өзгерістер дамудың жаңа стратегиялық бағыттары жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Тек қана сол өзгеріске тез бейімделіп, бәсекеге қабілетті болу, ел көшінен қалмауға әрекет ету. Әрекет ету бұл жаңа заманауи білім беру жүйесіндегі өзгерістерден хабардар болып, игеру деген сөз. Алдымызға қойған баяғы игі істер ескірді ме, әлде олар тиімсіз бе? Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі сабақ» арқылы алынған білім оқушылар білуімен шектеліп, сол білімді қай жерде, қалай қолдану керектігі туралы ойланып жатпайды, сондықтан үстірт білім алу жағдайлары орын алуда деп ойлаймын.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 2016-2017 оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру мазмұнына көшу сатысы басталып, оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөліне бастады. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына, еліміздің дамуына, жеріміздің көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген белді азаматтардың барлығы да ауыл мектептерінен білім алып, ауылда тәрбиеленгендер. Қоғамның дамуына байланысты ауылдарымыз да күннен-күнге жаңарып, жақсарып жатыр. Соның бірі – ауыл мектептерінің жағдайы. Ғылым мен технологияның дамыған заманында білім беру саласы да қарқынды дамуда. Қазіргі таңда ауыл мектептері жаңа технология құралдарымен жабдықталып, ұстаздар білім берудің жаңа әдіс-тәсілдері бойынша білімдерін жетілдіру үстінде. Ендеше заманына қарай амалы, демекші бұрыңғы кездегідей қарапайым дәстүрлі сабақтың мәні де сәні де кеткен уақыт. «Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі»,-деп дана халқымыз айтқандай, бүгінгідей ел болашағы – жас буынды заманына сай лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру ісі мемлекетіміз үшін маңызды болса, мұғалімдер қауымына артылар жүк ауыр екені баршаға мәлім. Қоғамның дамуындағы ең маңызды мәселе білім беру жүйесі. Қазіргі таңдағы негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны яғни еліміздің патриотын қалыптастыру.

Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. «Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса» деген екен А.Байтұрсынов.

Сондықтан үнемі кәсіби біліктілігін арттырып, жаңашылдыққа ұмтылған педагог қана шығармашылықпен, зор қуатпен еңбектенеді. Себебі, әлем таныған елде рухани бай және интеллектуалды тұлғалар мекендеу қажет.

«Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу»,-деген Әл-Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек.

Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Аталған білім беру бағдарламасы туралы түсінгенім мен ұғынғаным мол.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.