Жаңа сабақтар

Тақырыбы: «Көптілділік бүгінгі күннің талабы»

Атырау облысы Атырау қаласы

19 «Шұғыла» балабақшасының

ағылшын тілі маманы Абуева Гүлайна Қобланқызы

Ана тіліңді біл, орыс тілінде және басқа тілдерді де біл, игер. Көп тілді меңгеру- мәдениеттіліктің белгісі, ғылым биігіне көтерілудің жолы, азаматтық саналықтың, естеліктің, парасаттылықтың белгісі.

Құдайберген Жұбанов

Мемлекет басшысы «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс.Бұлар: қазақ-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі »,- деген болатын.

Жаһандану дегеніміз қарапайым сөзбен айтқанда жоғары деңгейге жеткен елдермен қарым-қатынастымызды нығайту.

Қазіргі қоғам мәселелерінің бірі тек қана экономикалық жағдайға бейімделген тұлғаны тәрбиелеу емес, сонымен бірге нақты заманға лайық белсенді жеке тұлғаны қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елдегі беделді тілдің бірі- халықаралық қатынастағы ағылшын тілі болып саналады. Ағылшын тілі — XXI ғасырдың тілі.

Көптілді оқыту білім берудің қоршаған әлемде болып жатқан үдемелі өзгерістерге бейімделгіштігін күшейтетін лингвистикалық біліктілігі жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті жастардың қалыптасуына септігін тигізетін тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа үлгісін құруды көздейді. Осы орайда үш тілде (қазақ,орыс, ағылшын) бірдей оқытуды білдіретін көптілді оқытуды білдіретін көптілді оқыту бағдарламасының бірегейлігін атап өту керек.

Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі. Бұл ұғымға жалпылама тоқталсақ… көптілділік, белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік. Көптілділіктің үштілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік , экономикалық, мәдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты.

Ағылшын тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңартуға сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуға және терең білім беруге, соның ішінде тілді үйрету мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады. Білім беру саласына үш тілге үйретуді еңгізу қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты «Қатынас» білім беру саласында мектепке дейінгі ұйым педагогтарының алдына қойылған міндет-тілдің негізгі құндылықтарын меңгерген, ана тілінде және өзге тілінде және өзге тілде әлеуметтік – мәдени – қарым- қатынас жасауға қабілетті, мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.

«Бала өмірге келмей жатып ананың құрсағында жатқаннан бастап тәрбиеленеді» деген бала тәрбиесіне байланысты айтылған сөздің астарында көп ой жатқан сияқты.Кейбіреулер баланы өмірге келген күннен бастап, енді біреулері бір жастан бастап тәрбиелеу керек деп жатады. Осы айтылған сөздердің қайсысында болмасын шындық бар сияқты.Бала тәрбиесі – зор адамгершілік пен имандылықты талап етеді. Баланы тәрбиелеу тек ата-анаға ғана тән емес, қоғамның да тәрбиеге қосар зор үлесі бар.бала отбасында тәрбие алып өсіп-өніп жетіледі де, ал қоғамда белгілі бір тұлға болып қалыптасады. Кез келген ата-ана баласының жақсы тәрбиеленіп, өмір сүруіне ықпал жасайды. Ол үшін баланы шамалары жеткенше мектепке дейінгі мекемеге, яғни, балабақшаға беруге тырысады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда арнайы білімдері бар мамандандырылған тәрбиешілер жұмыс жасайды. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиенің айырмашылығы осында. Балабақшада балалар өз құрбы-құрдастарымен араласып, ойын ойнай алады. Ойын демекші, балабақшада берілетін білім оқу-тәрбие үрдісі барлығы ойын арқылы жүзеге асады. Балабақшада баланың балалық шағы жан-жақты білімдерді меңгерумен өтеді. Балалар дене шынықтырудан, шет тілдерінен, орыс тілінен, хореографиядан, ән-күйден, тіл дамытудан білімдерін дамытады. Тіл дамыту демекші, тілге деген құрметіміз қандай деңгейде? Тіл үйрену дегеніміз сөз бен ереже жаттау емес, сөйлеу түрлерін меңгеру. Кез келген өркениетті елде көп тіл білу жақсы дамыған. Қаласаң өз үйренгеніңше тілді меңгеруге болады. Ал, бірақ өз ана тіліңде сөйлеу – басты мақсаттардың бірі.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға қазір бес тіл болсын, он тіл болсын, жақсылап үйретсе, меңгеріп кетеді. Балаларды бір тілмен шектеу – дұрыс емес. Сол үшін, ең болмағанда, үштілділікті кішкентай жасынан бастап жетілдіруіміз керек. Балалар тілді табиғи түрде тез меңгереді. Қазіргі балаларға білім алуға барлық жағдай жасалынған. Олар бүгін жақсы оқыса, көптілді меңгерсе, келешекте Қазақстанымыздың өркениетті дамуына өз үлестерін қосады, дүниежүзін шарлайды. Үш тілді емес, одан да көп тіл үйретуіміз керек. Мен бұл жерде қазақ тілін қазақтар білмесін деп отырған жоқпын. Әрине, балабақшадан бастап қазақ тілін үйретуге тиіспіз. Әрине қазақ тілін үйрету керек, ол бірінші орында болсын. Бірақ сонымен бірге, орыс тілі, ағылшын тілі т.б. тілін балаларға үйретуге тиіспіз. Болашақта біздің балаларымыз басқа елдің адамдарымен қатынас жасай алу үшін біз оларға жас кезінен бастап өз тілін ғана меңгермей басқа да тілдерді меңгеруге мүмкіндік жасауымыз керек.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңартуға сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуға және терең білім беруге, соның ішінде тілді үйрету мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады. Білім беру саласына үш тілге үйретуді енгізу қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттерінің бірі болып табылады. Атырау қаласындағы мектепке дейінгі мекеме , яғни Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорын №19 «Шұғыла» балабақшасының басты міндеті Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу . Балабақшаға келген күндерінен бастап балалардың шетел және басқа тілдерге деген қызығушылықтарын арттырып , үштілділік арқылы тәрбиелеуде басты бағыттарды айқындауда балабақша алғашқы дамыту кезеңінде «Балабақшадағы үштұғырлы тіл » жобасын басшылыққа алып келесі даму сатысында балабақша әкімшілігі мен педагогтар ұжымның бірлескен «Тілдер әлемі» атты бағдарлама құрылды. Бағдарламада ұйымдастырылған оқу қызметінде жұмыстың барлық қалыптары қолданылады. Шетел тіліне үйретуде ең басты тәсіл ойын болып табылады. Балабақшаның барлық мекемелерінде балалар өз алған білімдерін көрсетіп отырады, өлең, тақпақ қана айтып қоймай, ағылшын тілінде ертегілерден үзіңді көрсетіп, бір-бірімен диалог жүргізеді.

Балабақшамызда ағылшын тілі мектепке дейінгі ересек топтарда және ортаңғы топтарда жүргізіледі. Балалар осы тіл үйрену оқу қызметтеріне қызығушылықпен қатысады. Біздің балабақшамыз балалардың ана тілге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, орыс, ағылшын тілдерін жетік білуге баули отырып, есте сақтау , мәнерлеп оқу, әдемі сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыруды мақсат етіп қойып отыр.

Тақырыбы: «Көптілділік бүгінгі күннің талабы»: 1 комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.