Bilimnur.kz басылымы ұстаздар және оқушылар үшін «ЭКСПО–2017. Көрермен пікірі» шығармашылық конкурсын ұйымдастырады.
Конкурстың мақсаты: «Экспо-2017» халықаралық көрмесі туралы шығармаларды оқырманға ұсыну
Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілген ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме.
EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға.
Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Елдің дамуының «жасыл» жолына көшуіне Астанадағы алда тұрған «ЭКСПО-2017» қуатты серпіліс беруі тиіс. Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады. Көптеген қазақстандықтар біз қол созып отырған «болашақтың энергиясын» өз көзімен көре алады» — деді.
Аталған іс-шараның Қазақстан үшін маңызы өте зор екені баршамызға мәлім.
Шығармашылық конкурсқа ЕХРО-2017 көрмесіне барып тамашалағандар қатыса алады. Конкурсқа қатысушылар ЕХРО-2017 көрмесі туралы өзінің әсерімен бөлісе отырып, оқырмандар үшін тартымды шығарма ұсынады деп күтеміз. Шығарманың жазылу формасы еркін және шектеусіз.
- Конкурс материалдары bilimnur@bk.ru почтасына хат түрінде жіберіледі.
- Шығарма тақырыбына сай фотолар хатпен бірге қосып жіберілуі қажет.
- Шығармалар Word, Pdf нұсқада қабылданбайды.
Шығармалардың хат түрінде жіберілу нұсқасы https://bilimnur.wordpress.com/материал-жіберу/ сайтында көрсетілген.
Барлық шығармалар https://bilimnur.wordpress.com/ сайтында жарияланады. және Интернет арқылы «Ақпараттық топ» арқылы таратылады.
Конкурс қатысушыларына «Қатысушы сертификаты» тегін беріледі.
Үздік шығармалар «Алғыс хатпен» марапатталады.
Редакция