Жаңа сабақтар

Ұстаз лебізі

Нагумова Динара Жәдігерқызы

Ұстаз лебізі
Армандары асқақтаған жыл сайын
Білім нәрмен сусындаған күн сайын
Әрбір гүлі, әрбір нұры сыныптың
Жарқырасын әрбір таңы, күліп күн!

Келіпті күн қоштасатын негізгі орта мектепті
Қимас сезім қоштасуға тебірентеді жүректі
Бұл сезімді күйіп-жанып сезінбеген жан бар ма?
Қимастықпен ұшырды ғой талай-талай түлекті

Міне, келді қоштасатын бізге де бұл қимастық
Әр күніміз өтті барлық қуаныш та мол шаттық
Әр сабақта әрқайсысын ерекшелеп мақтасақ,
Кей сабақта әрқайсысына жақсылап бір ұрыстық.

Мақтасақ та, ұрыссақ та, көңілімізде ақ тілек
Болмасақта жұлдыз, әкім, ақын, бір ерек
Әр ұстазың ұлағатты, пейілі де кең екен
Көрсем дейтін, болашақта сені-тұлға, бәйтерек.

Арай таңы сыныбымның Арухан мен Айсана
Ерекшелік байқалады әрбір сөзі ой-сана
Көңілі пәк, ниеті ақ, өз атына заты сай
Ақниетім биікке ұшқан аппақ-аппақ шағала.

Назеркешім, еркелеген, назданып бір қараған
Сайыстарда сынып үшін жан беруге жараған
Шұғылалы күндей болған Шұға сында аруым
Бар жақсылық тал шыбықтай бойынан бір тараған

Жарық күні, мейлі айы, мейлі жұлдыз болсыншы…
Еркебұлан мықтылардың мықтысы ғой біз үшін
Ғаламатқа ғажап атың мәшһүр болар кім білсін?!
Денсаулығың мықты болып, жеңісің әркез нық болсын?

Әр оқушым қасиетті, қадірлі ғой мен үшін
Мүмкін сіздер, арман қуып кетерсіздер мектептен
Колледждер, мүмкін спорт, мүмкін лицей мектебі
Тек әйтеуір болғаны, Адам болып оралсаңдар бір текті!

Құрметті оқырмандар! Бұл менің алғашқы өлең жолдарым. Ұстаз жүрегін оқушы тебірентпей қоймасы анық. Бұл өлең жолдары жетекшілік етіп отырған 9-сынып оқушыларыма арналады. Егер іштеріңізде ақын-жазушылар болса, кем- кетік жерлерін түзету енгізсеңіздер мен ренжімеймін. Маған ол үлкен сабақ болар деген ойдамын. Алдын ала рахмет!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.