Кіші жүз, Әлімұлы ішіне ерте 16-17ғасырларда қоныстанған Қырғыздар Тата, Естек, Барақ тайпалары болып бөлінеді. Атақты Барақұлы Ақкісі батыр қолбасшы 1734 жылдары шамамен 94жаста қайтыс болған. Оның балалары Бәйімбет те,Қара да батыр тарихи тұлғалар. Қырғыз Едігеұлы Қайдауыл батыр 1766-1889 ж.ж. Ақкісіұлы Бәйімбет шамамен 1690-1748 ж.ж.
Негізі Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Байқадам елді мекенді Қырғыз рулары шоғырланған. Шекті Айтұлы Тілеу 1630-1684ж.ж.Барақұлы Ақкісінің Сұлу есімді қызын алған. Сұлу әжемізден Тілеуұлы Мөңке би туған.
Тілеуұлы Мөңке 1675-1756 ж.ж. Қырғыз Барақұлы Ақкісі, Мөңкенің туған нағашысы.
Қырғыз Барақұлы Ақкісі қызын ұзатқанда, қырық қыз, қырық жігіт қосып берген.
Ақкісі қызы Сұлу ұзатылардың алдында, Айтұлы Тілеуге екі-үш шарт қойған.
- Еліне жеткенше араларында қарым—қатынастың болмауын өтінген.
- Қырық жігітке өз алдына жер, алдына мал жәнеде қазақ елінің қызына үйлендірүін талап еткен.
- Қырық қызды жасауымен қазақ жігіттеріне ұзатуды айтқан.
- Жәнеде алдағы болашақты болжап атына заты сай ұл туып беретінін айтқан.
Яғни шамамен төрт ғасырдан бері Кіші жүз Әлімұлы оның ішінде Қабақ—Тілеу руларымен іргелес қоныстанып, өз алдына Қырғыз ру болып қалыптасуы, татулық, бірліктің арқасы деп түсіну қажет. Тарихи деректерге сүйінетін болсақ ақын, жырау, шежірешілердің айтылған сөздерінде бір—біріне ұқсастық көп кездеседі.
Айтұлы Тілеу тарихта белгілі Сайрам соғысына аттанарда Сұлу әжеміз осы сапарға бармауын өтінген .
Жүз жылдығын болжайтын Мөңкені (1675-1756ж.ж) туып бердім, мың жылдығын болжайтын бала белінде деген екен.
Айтұлы Тілеудің Сайрам бойындағы қанды тарихи соғыс ең соңғы сапары болып есептеледі.
Айтұлы Тілеу жәнеде баласы Тілеуұлы Жолдаяқ батыр (1665-1684 ж.ж) осы соғыста мерт болған.1684ж,ж,
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне әкелі-балалы екеуіде сол жерге жерленген,1684ж.ж
Бұл тарихи нақты дерек.
Екінші нақты деректер Қырғыз руының белгілі қариялары Қыдырбайұлы Дошан ,Рахманбердіұлы Иса, Бижанұлы Ақбай, Наурызбайұлы Қазанғап осы аталған қариялар тірі кезінде ауызша айтумен 1970-1973 жылдары Тасбағамбетов Нұрғалы жазып алған.
Осы деректерге сүйіне отырып Қырғыз руы қазақ жерінде ру болып қалыптасуына Айтұлы Тілеу жәнеде Ақкісі қызы Сұлуға тікелей байланысты.
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы өңірінде 1858-1929жылы өмір сүрген Боранбайұлы Сарышолақ шайыр, ақын Қырғыз Едігеұлы Қайдауыл батырға 1766-1889 ж,ж дастан, хиса арнаған. Жоғарыдағы келтірілген деректер нақтырақ болсын деп дастаннан үзінді беріліп отыр.
Қайдауыл батыр
Барақтан туған Ақкісі,
Тілеуде атам барары,
Ер Тілеуді кім десең ,
Нақты да сөздің жоралы.
Ескіден қалған ұзын жол,
Кең арналы сорабы,
Сұлуын алып Ақкісі,
Ел болды ғой қоралы,
Тілеуден туған Мөңкенің,
Талайдан да асты оралы,
Атам Тілеу күйеуі Қырғыздың,
Талайы тоқтап барары,
Қырғыз қайдан жүр десең,
Жырауың сөзді табады.
Ен сайдан келген себеппен,
Бес жүз шаңырақ шамалы.
Талай су ақты жыл өтті,
Кеңейтті арна саланы.
Сіңісіп кеткен Әлімге,
Соншама жанның қарамы,
Өтірік айтсам шежіре,
Пейілінен табады.
Бөлмелеген ешкім жоқ,
Тал бесікті баланы.
Маңдайға жазған сол болса,
Жарылқар алдан талабы.
Бір руы Әлімнің,
Із түспеген сонары .
Бір аяқтан ас ішіп ,
Ортақта болды торабы.
Тасбағамбетов Нұрғалидің жеке қол жазба жинақтарынан алынған деректер. 1972 ж.
Боранбайұлы Сарышолақ шайырдың Қырғыздың байы Досыбекұлы Талтаққа айтқан толғауынан үзінді, бұлда тарихи нақты дерек.
Сыр менен Қаратауды белден басып,
Барғанда көп жылқымен Қырғыз асып.
Ауылына Ақкісінің маңдай тіреп,
Тілеуге болған екен апаң ғашық.
Апаңыз қарулы екен топты жарған,
Адамды ұнатқаннан қылған арман
Бір айғыр шыңырауға түсіп кетіп,
Апаңыз сол айғырды жалғыз алған.
Қыласың әр нәрсені Талтақ мақтан,
Қырғызбен бірге едік Әлімсақтан.
Біздің жер өз жеріңдей болып кетті,
Құр емессің дарыған байлық,бақтан.
О,Қырғыз Енсайыңды қиып кеттің,
Келдің де біздің елге сыйып кеттің.
Тілеуден тарап шықты талай ұрпақ,
Апаңның мәртебесін биіктеттің.
Тасбағамбетов Нұрғали 1950-2000ж, ж жеке қол жазба жинақтарынан алынған деректер 1971ж, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Сарыбұлақ савхозы.Қарақуыс жайлауы.
Өткенді алдым есіме
Уа ұлтанды елім Қырғыздарым,
Аманба ауыл-аймақ ұл қыздарың.
Айтұлы Тілеу атам заманында,
Атама ғашық болған,
Сұлу есімді ақылды бір қыздарың.
Атамда біледі екен бұл ауылда,
Өзі сымбатты, көрікті бір қыз барын.
Бізге дейін айтылған деректерде,
Жігіттің сұңқары деп айқай салып,
Ер Тілеудің бет жүзін арқасына бұрғызғаны.
Мен сендікпін деп он бесінде Сұлу апаң,
Атама апаларың өз дегенін қылғызғаны.
Сұлу апаңның бұл сөзіне туғандары,
Әуелі қарсы болған Қырғыз жағы.
Сол дәуірде Айтұлы Тілеу атам,
Елу жасты алқымдап қалған шағы.
Менің теңім ер Тілеу деп Сұлу апаң,
Әкесі Ақкісіге өтінішін айтқан тағы.
Барақұлы Ақкісі келісімін бергеннен соң,
Арайлап атқан екен Қырғыз бағы.
Бізге дейін жеткен еді дерек көзі,
Қария, абыздардың айтқан сөзі.
Жүз жылдығын болжайтын,
Ұл туамын деп Сұлу апаң,
Ер Тілеуге бұл сөзді айтқан өзі.
Тілегі қабыл болып Алла алдында,
Дүниеге Мөңке абыз келген екен,
Бұл деректі біледі алты алаштың қалың көбі.
Тілеудің ұлы Мөңке он үшінде,
Бала би атанғанда Алты-Әлімге,
Би төренің бұл сөзге жеткен көзі.
Бір тайпа ру болып Мөңке атанып,
Сұлу анамыздың ұрпағына тиген себі.
Сондықтанда Қырғыздарым нағашымсың,
Сұлу әжемнің текті еді арғы тегі.
Әр заманда жыраулар өткенін дәріптеген.
Қисынын тауып сөз құрайтын болған ебі.
Мендағы сол дәстүрді жалғастырдым,
Бар болған соң қазағымның асыл кені.
Бойыңдағы ептілігің басым болса,
Шежіре-тарихыңа өткеніңе құмарлана,
Тылсым күш жетелейді бұған сені.
Домбыраны ұсынып бергеннен соң,
Сөзіме құлақ түріп тыңда мені.
Біразірақ сөз қозғадым өткенімнен,
Нағашым шығардым-ау шыңға сені.
Алты-Әлімнің бір руына айналдыңдар,
Ашаланып тамыр жайған Қырғыз елі.
Шежірені тармақтатып жырға қостым,
Сөздерімнің жоқ-ау деймін артық-кемі.
Анығырақ шежіреден дерек айттым,
Көреген іштей тынған қазағымның,
Шөліркеген мейірінің қансын шөлі.
Кемалұлы Қойшыбай жырау (1916-1992 жж.) 1951 жыл.
Боранбайұлы Сарышолақ шайырдың ән, толғау, хиса, дастан, тарихи сөз мұраларын жинақтаған Нұрғали Таспағамбетовтың (1950-2000 жж.) жеке мұрағатынан өзгертусіз көшірілді.
Тасмағамбетов Нұрғалидың немересі Индира Нұрлығалиқызы.
Алматы облысы Талғар қаласы.
Аманат
Кемалдыңұлы Қойшыбай жыраумын,
Білемін сөздің құрауын.
Жасымнан жаттап өскенмін,
Шежіре, дастан тарауын.
Он үшімде бала жырау атандым,
Әнші, жырауға толы болды маңайым.
Сондықтанда мен бүгін,
Қианға үңіліп қарауым.
Кертартпа сөзге жол бермей,
Өтірік, өсекке қойдым қарауыл.
Дерекпенен сөз бастап,
Өткенімнің бүтіндеймін жамауын.
Ұстазым мені баптаған,
Қамау терімді алып жаратып,
Шабысқа дайын кәзір жарауың.
Шамам жетсе жырлайын,
Тарихтың бүркемесін ашып орауын.
Астарлап айтып әр сөзді,
Қызыл тілім безектеп,
Бір кәдеңе халқым жарайын.
Бабаларымнан қалған қамбаны,
Тағы бір мәрте үңіліп,
Абайлап байқап қарайын.
Өз қазағымды алалап,
Көре алмастар сөйлейді,
Көтеріп көкке танауын.
Аспаннан салбырап түскендей,
Мойындамай ата-бабаны,
Өткеніңе күдікпен қарауың.
Көсіліп қайда шабасың,
Өлшеулі мәре сызығы,
Бұлт торып тұрса маңайың.
Кеш ұғып бәрін кейінірек,
Өкінесіңдер бұл сөзіңе талайың.
Кешегі жырау, шайырлар,
Бабаларын жырлап дәріптеп,
Алланың алған сауабын.
Шындықты бетке айтқан соң,
Туғаным мен қандасқа,
Меніңде күмән көпшілікке ұнауым.
Егерде айтқанға көнбесең,
Өзіңнің болсын қалауың.
Ұмытпа мынаны бірақта,
Асыра сілтеп сөз айтсаң,
Бұғанда қарсы жаратушы құдайым.
Ешпенде бұзып өтпеген,
Алланың құрған бұғауын.
Кәзір көкіп сөз айтқанмен,
Кейінірек болады бұның сұрауы.
Тыңдасаң халқым айтайын,
Өткеннен қалған олжадан.
Дерекпенен сөз бастап,
Әділдік күтемін Алладан.
Ұстаздың алып батасын,
Ақиқат жолды таңдағам.
Сарышолақтың салып мақамын,
Аманатты арқалап бүгінге,
Өткенді айтып сарнадым.
Ұстазым айтқан кезінде,
Сөйлемес бұрын әуелі,
Алды артыңды барлағың.
Аңдамай айтып сөзіңді,
Ыңғайына еріп өсектің,
Абыройсыздыққа қалмағың.
Сөз өзіңдікі болғанмен,
Өзгеде тұрғой қармағың.
Абыройдан айырылып,
Шайналмасын кейін бармағың.
Биікке ұшар сұңқардан,
Жолыда болып тұрғой қарғаның.
Дүние кезек дегендей,
Дөңгелегі секілді,
Зырлаған зырғып арбаның.
Топ алдында сөйлесең,
Төрт аяғынды тең басып,
Жүрісіне сал су жорғаның.
Сол кезде сенің белгілі,
Аржағың менен бержағың.
Дерекке сүйенсең әркезде,
Тарихыңа таяу барғаның.
Ата-бабаңды алсаң есіңе,
Алладан болады деген саған қорғаның.
Есіңнен мынаны шығарма,
Тоқ мейілісіп сөйлемей,
Сененде күшті құдіретті зор барын.
Бір азғантай жырладым,
Есіме алып ұстазды,
Кілтінде ашып қамбаның.
Енді өзің халқым байқарсың,
Қайжақтан келіп жыраулық,
Менің бағыма келіп қонғанын.
Соқыр Ержан жырау ұстазым,
Дөп басып қалай айтқанды,
Көрмейсіңбе өмірге деген талғамын.
Астарлап жеткізген сөзімді,
Түсінер халқым салмағын.
Соқыр Ержан жырау ұстазым,
Сарышолақ шайырдың шәкірті,
Белгілі енді менің әржағым.
Сарышолақ ақын мен жырау,
Білсін деймін ұрпағы,
Бабалардан қалған қор барын.
Бабаларымнан қалған әр сөзді,
Жиыстырып өрнектеп,
Қисынын тауып толғадым.
Болмасамда ұқсауға ұмтылып,
Қамбадан алып олжамды,
Қианға ұшып самғадым.
Ұстаздан алған білімнің,
Пайдасын көріп мінекей,
Үзілгелі тұрған жіпті жалғадым.
Ескертпесін ұстаздың,
Жадымнан әсте шығармай,
Көзсіз ерлікке тағы бармадым.
Қолдайтын ешкімді көре алмай,
Өрге қарай ұмтылып,
Өз-өзімді қайрап жонғаным.
Жасымнан сынға көп түстім,
Талай жерде тұттығып,
Жан-жанғымды сипалап қармадым.
О, пенделер ұмытпа,
Қырқасы биік шың құздан,
Қиалап өтетін сүрлеу жол барын.
Сүрлеу жолды таппасаң,
Бағытыңнан жаңылып,
Құлапта кететін ор барын.
Аманатын Сарышолақ шайырдың,
Кейінгі ұрпаққа табыстау,
Бұл менің мақсат арманым.
Болмаса да ашық айтуға,
Бір Аллаға сыйынып,
Өз-өзімді қайрап зорладым.
Еппенен басып аяқты,
Бабалардың аруағына сыйынып,
Алладан үмітпенен күтемін қалғанын.
Кемалұлы Қойшыбай жырау (1916-1992 жж) 1953 жыл.
Боранбайұлы Сарышолақ шайырдың ән, толғау, хиса, дастан, тарихи сөз мұраларын жинақтаған Нұрғали Таспағамбетовтың (1950-2000 жж.) жеке мұрағатынан өзгертусіз көшірілді.
Тасмағамбетов Нұрғалидың немересі Индира Нұрлығалиқызы.
Алматы облысы Талғар қаласы.