Жаңа сабақтар

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық оқу ж әне жазу сауаттылығын дамыту

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы
Көктас ауылының жалпы білім беретін №4 орта мектебінің базасындағы
тірек мектебі /ресурстық орталық/ КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Жуманбаева Айгуль Сериковна

Баяндама

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық оқу және жазу сауаттылығын дамыту

Білім берудегі сауаттылық мәселесі, біріншіден, нақты бір елдегі халықтың әлеуметтік жағдайына, екіншіден, мемлекеттің экономикалық дамуына, үшіншіден, елдегі мәдени ахуалға тәуелді болатындығы айқын. Бүгінгі өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық ұғымдарының мазмұны мен оны түсінудің сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр. Ғылыми еңбектерде сауаттылық ұғымының белгілі бір деңгейде ана тілінің грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеруі екені байқалады. Әйтсе де адамның өмір сүруіне қажетті деп танылып, меңгеруге ұсынылған бастауыш мектеп деңгейіндегі белгілі бір білім, білік пен дағдылардың жиынтығы (оқу, жазу, санау, сурет салу және т.б.) ретіндегі тілдік сауаттылық қазіргі кездегі әлеуметтік сұраным талаптарымен сәйкес келе бермейді.

Баяндама ауд семинар Жуманбаева АС.docx

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.