"Ekiбастұз қаласы. Семинар материалдары", Жаңа сабақтар

Сабақтағы кері байланыстың тиімділігі

15 ақпан

2017 ж

Бейсембаева Б.Қ

Әмірғалиева Г.Р

Коучинг
Тақырып: Сабақтағы кері байланыстың тиімділігі
Жалпы мақсаты: Мұғалім кері байланыстың маңыздылығын түсініп, оны жүзеге асыру жолдарын анықтайды.
Ресурстар Нұсқаулық, үлестірме материал 2 апта, презентация, маркер, кесте, оқушылардың жұмыс дәптерлері.
Күтілетін нәтиже: — тиімді кері байланыс оқушыларға өз күші мен осал жерлерін

біліп, өз оқуын жақсартуға қаншалықты көмек беретінін

түсінеді;

— кері байланыстың тиімді әдістерін жүзеге асыруды

жоспарлайды;

— мұғалім кері байланыс жасауға оқушыларын дағдыландыру

арқылы ойлауын дамытады;

— Әрбір мұғалім өзіне есеп беруге дағдыланады.

Жаттығулар: 1. 1.. Тренинг «Танысу»

Қатысушылар шеңбер болып тұрады да, атын айтып, есімінің алғашқы әрпінен басталатын сын есім айтады.

Түстер бойынша топқа бөлінеді.

2. Ой шақыру:

Суреттегі мына балаға қандай жаттығу ұсынар едіңіздер?

— Қалай ойлайсыздар, сабақтағы кері байланыс деген не?
— Кері байланыстың мақсаты не?
— Сабақта кері байланыс жүргізу керек пе?

(Қатысушылар кері байланыстың қажеттілігі жайлы бір — бірімен ойларымен бөліседі.)

SMART мақсатты айқындап алу ( қатысушылармен бірге)

3.Теориялық материал

Презентация арқылы кері байланыстың маңыздылығына тоқталу

Топтық жұмыс: «Сабақта кері байланыстың тиімділігі».

4 топ осы тақырыпта өз жұмыстарын қорғайды.

Жұмысты түрлі бағытта қорғау ұсынылады.

1.Кері байланыс дегеніміз не?

Кері байланыс жүргізудің мақсаты

(Постер қорғау)

2.Тиімді кері байланыс ережелері

(телеарна)

3.Кері байланыстың тиімді түрлері ( сахналық көрініс)

4. Свот талдау.

Барлық топты формативті бағалау.

Жұптық жұмыс: 1.

Тапсырма: Тәжірибелік сабақтарды дамыту

Шағын топтарда бағаланбаған жұмыстарды тексеріңіз, мына мәселелерді талқылаңыз:

 — Неге түсініктеме берген дұрыс?

 — Неге түсініктеме беру қажет емес?

 — Жұмыстың мықты жақтары қандай?

 — Әлсіз жақтары қандай? Ол маңызды ма?

 — Жұмыстағы кемшіліктердің себебі қандай?

  • Мұны сіз қалай түсінесіз?

 Жұмысты қалай жақсартуға болады?

2. Оқушының жұмысына жазбаша түсініктеме жазыңыз.

3. Жұптық тапсырма: Кесте салынған ауызша және жазбаша кері байланыс түрлеріне пікір

«Микрофон» әдісі

-Сабақта кері байланыс жүргізудің тиімділігі неде?

Не береді?

(Ұсынылған мәселе бойынша қатысушыларға өз пікірлерін айтуға мүмкіндік беріледі)

Кері байланыс Өздері таңдаған кері байланыс түрі бойынша кері байланыс беру
Ресурстар: Нұсқаулық, үлестірме материал 2 апта, презентация, , маркер, кесте оқушылардың жұмыс дәптерлері.

КМЖ.docx

Кері байланыс ереже.docx

Кері байланыс тапсырмалары.docx

Кері байланыс -республикалық семинар.pptx

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.