15 ақпан
2017 ж |
Бейсембаева Б.Қ
Әмірғалиева Г.Р |
Коучинг |
Тақырып: | Сабақтағы кері байланыстың тиімділігі | |
Жалпы мақсаты: | Мұғалім кері байланыстың маңыздылығын түсініп, оны жүзеге асыру жолдарын анықтайды. | |
Ресурстар | Нұсқаулық, үлестірме материал 2 апта, презентация, маркер, кесте, оқушылардың жұмыс дәптерлері. | |
Күтілетін нәтиже: | — тиімді кері байланыс оқушыларға өз күші мен осал жерлерін
біліп, өз оқуын жақсартуға қаншалықты көмек беретінін түсінеді; — кері байланыстың тиімді әдістерін жүзеге асыруды жоспарлайды; — мұғалім кері байланыс жасауға оқушыларын дағдыландыру арқылы ойлауын дамытады; — Әрбір мұғалім өзіне есеп беруге дағдыланады. |
|
Жаттығулар: | 1. 1.. Тренинг «Танысу»
Қатысушылар шеңбер болып тұрады да, атын айтып, есімінің алғашқы әрпінен басталатын сын есім айтады. Түстер бойынша топқа бөлінеді. 2. Ой шақыру: Суреттегі мына балаға қандай жаттығу ұсынар едіңіздер? — Қалай ойлайсыздар, сабақтағы кері байланыс деген не? (Қатысушылар кері байланыстың қажеттілігі жайлы бір — бірімен ойларымен бөліседі.) SMART мақсатты айқындап алу ( қатысушылармен бірге) 3.Теориялық материал Презентация арқылы кері байланыстың маңыздылығына тоқталу |
|
Топтық жұмыс: | «Сабақта кері байланыстың тиімділігі».
4 топ осы тақырыпта өз жұмыстарын қорғайды. Жұмысты түрлі бағытта қорғау ұсынылады. 1.Кері байланыс дегеніміз не? Кері байланыс жүргізудің мақсаты (Постер қорғау) 2.Тиімді кері байланыс ережелері (телеарна) 3.Кері байланыстың тиімді түрлері ( сахналық көрініс) 4. Свот талдау. Барлық топты формативті бағалау. |
|
Жұптық жұмыс: | 1.
Тапсырма: Тәжірибелік сабақтарды дамыту Шағын топтарда бағаланбаған жұмыстарды тексеріңіз, мына мәселелерді талқылаңыз: — Неге түсініктеме берген дұрыс? — Неге түсініктеме беру қажет емес? — Жұмыстың мықты жақтары қандай? — Әлсіз жақтары қандай? Ол маңызды ма? — Жұмыстағы кемшіліктердің себебі қандай?
Жұмысты қалай жақсартуға болады? 2. Оқушының жұмысына жазбаша түсініктеме жазыңыз. 3. Жұптық тапсырма: Кесте салынған ауызша және жазбаша кері байланыс түрлеріне пікір |
|
«Микрофон» әдісі
-Сабақта кері байланыс жүргізудің тиімділігі неде? Не береді? (Ұсынылған мәселе бойынша қатысушыларға өз пікірлерін айтуға мүмкіндік беріледі) |
||
Кері байланыс | Өздері таңдаған кері байланыс түрі бойынша кері байланыс беру | |
Ресурстар: | Нұсқаулық, үлестірме материал 2 апта, презентация, , маркер, кесте оқушылардың жұмыс дәптерлері. |
Кері байланыс тапсырмалары.docx