Жаңа сабақтар

ЖІГЕРГЕ ТОЛЫ ЖОЛДАУ

Қазақстанның әрбір азаматы Елбасымызды ерекше құрметтеуге тиіс. «Неге?» деп сұрақ қойып көрдім өзіме. Себебі, Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа қарыштап қадам басуы, әлеуметтік жағдайымыздың қарқынды дамуы, мәдениетіміздің өркендеуі, еліміздегі игілікті істердің барлығы – тікелей осы тұлғамен байланысты. Мұны кім-кім де құптаса керек. Ал, ел көшбасшысын құрмет тұтқан адам оның жыл сайынғы жарияланатын Жолдауына да бей-жай қарамайды деп ойлаймын. Бүгінде сарабдал саясаткердің саяси басымдығы мол құжатын қолдау мақсатында жер-жерде түрлі басқосулар, жиындар өткізіліп, қызу түрде талдау жұмыстары ұйымдастырылуда. Бұл ел билеген басшының бағытына деген құрмет және де ерекше сүйіспеншіліктің айқын көрінісі. Осындай мәні бар жиынның бірі ақпанның он жетінші жұлдызында Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясында өтті. Бүгінгі таңда Нұрсұлтан Əбішұлының үндеуі түрліше басқосу-жиындардың ұйытқысына айналып үлгерді. Өз басым оны жыл сайын ерекше тағатсыздана күтетін жандардың бірімін. Содан болар, мектебіміздің акт залында өткен аталған шараға арнайы қатысып, сұхбат барысын жіті қадағаладым.

Өткен жылдың 31-қаңтарында жарияланған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Жолдауын кеңінен талдауға келген жетекші ретінде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жанар Жұмабекова болса, ал, топ құрамында «Ұстаз» газетінің тілшісі Ақмарал Ғаниқызы және қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы Құрбанбай Мұстафаевтар болды. Ататүрік мектеп-гимназиясынан түлеп ұшқан Жанар Жұмабекова жүргізушілік тізгінін өз жауапкершілігіне алып, қонақтармен таныстырып, оларды ретімен сөзге тартып отырды. Жиынға қатысушы мұғалімдер қонақтардың насихат-түсіндірмесін тыңдай отырып, тартымды тақырып турасында көп дүниеге қанығып қалғандай. Ақмарал Ғаниқызы биылғы Жолдаудың мазмұны мен идеясы ерекше екенін айтып өтті. Ұлт лидерінің жастарға сеніммен қарап, оларға көп үміт артатынын тілге тиек ете келе, өзінің арнайы дайындап келген баяндамасымен бөлісті. Құрбанбай Әбенұлы да үн қосып, ойға азық боларлық әсерлі әңгімесімен бөлісті. Білім шаңырағының тарих пәні мұғалімі, «Нұр Отан» партиясының өкілі ретінде Бақытжан Тойғараев та өз кезегінде сөз тізгінін алып, жарқын болашақты айқындайтын құжаттың білім саласына қатысты тұстарына тоқталды.
Ия, шынымен-ақ, «Ел көшін бастау маған сын, мені қостау елге сын», — деп Елбасымыз өзі айтып кеткендей Қазақстан халқы өзіне жүктелген жауапкершілікті сезіне білуі қажет,- деп ойлаймын. Жиынды ұйымдастырушылардың ойы да осыған саяды.

Санжар ҒҰЛАМОВ,Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.