Қостанай облысы Амангелді ауданы
Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебінің
шағын орталық «Ботақан» тобының тәрбиешісі
Қазиева Салидат Сейтқалиқызы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: «Жаратылыстану»
Сабақтың тақырыбы: » Түлкі бізге қонаққа келді »
Мақсаты: Орманда мекен ететін жабайы аңдар туралы түсіндіру. Соның ішінде түлкі туралы түсініктерін бекіту. Сөздік қорларын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: Жабайы аңдар суреттері, сыйлықтар, тапсырмалар
Қостілді компонент: түлкі- лиса
Жұмыс барысы | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық ізденіс | Сәлеметсіңдерме балалар!
Көңіл- күйлерін қалай? Балалар бізге бүгін қонақтар келіпті. Қанеки орнымыздан тұрып қонақтармен амандасып алайық. Сәлеметсіздерме ағайлар! Сәлеметсіздерме апайлар! |
Балалар жақсы көңіл -күймен орындарынан тұрып, келген қонақтармен амандасып алады. |
Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті | Орнымызға отырайық.
Балалар оқу қызметін бастамас бұрын сендерге жұмбақ жасырайын . Сендер сол жасырғалы тұрған жұмбақты мұқият тыңдап жауабын айтасыңдар. Жұмбақ Қырда жүрер ол жортып, Ініде жоқ бармайтын Құйрығымен бұлаңдап, Қандай аң ол алдайтын? Дұрыс айтасыңдар балалар, жауабы түлкі. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Түлкі бізге қонаққа келді». Балалар түлкі жыртқыш аң. Орманда, өзен, көл жағасында мекен етеді. Түлкінің түсі қызғылт сары,сәбіз түстес, құлағы үшбұрыш,құйрығы бұлаңдаған ұзын, үлпілдек. Қысқа сирақты. Жүні тығыз,әрі жұмсақ. Терісі өте бағалы. Терісінен ішік яғни тон, құйрығынан жаға ,тымақ жасалады. Түлкі ұсақ жәңдіктермен ,тышқандармен қоректенеді.Түлкі қу, айлакер аң. Түлкі барлық аңдардан қзінің айласын асырып жүреді. Балалар түлкі көптеген ертегілерде кездеседі. түлкі туралы қандай ертегі білесіңдер? Өте жақсы балалар біраз ертегі біледі екенсіңдер. Тосын сәт. Есік қағылады. балалар тыңдайықшы біреу есік қаққан секілді. Бұл кім болды екен? балалар бізге қонаққа түлкі келді. қанеки тамаша көңіл күймен ,жылы жүзбен, қуанышты сөздермен, ашық қабақпен қарсы алайық. Қош келдің түлкіжан, төрлет. Балалар түлкінің бізге әкелген сыйлығы бар сияқты. Ол сыйлықты бізге жай бермейтін секілді. түлкі біра тапсырма дайындап әкеліпті. Егер біз түлкінің тапсырмасын орындасақ сыйлыққа ие боламыз. Ал, енді түлкіжан бізге тапсырманды айта отыр. Түлкінің тапсырмалары: 1.Түлкі туралы тақпақ, өлең айту. 2.Жабайы аңдар ішінен түлкіні тауып беру. 3.Ұшты ұшты ойынын ойнау 4.Түлкінің жейтін қорегін яғни тамағын көрсету. 5.Жабайы аңдардың атын атау. Түлкі балаларға риза болып өзінің әкелген сыйлықтарын таратып береді. Ал енді балалар түлкі қонағымыздың бойын сергітіп алайық. Ендеше бәріміз сергіту сәтін жасайық. Сергіту сәті Аю келді қорбаңдап, Қоян келді секіріп, Жолбарыс келді ырылдап, Қасқыр келді ұлып, Арыстан келді ақырып, Түлкі келді жымыңдап. |
Балалар орындарына отырады.
Жұмбақты мұқият тыңдайды. Түлкі Балалар тәрбиешіні тыңдап отырады. Балалардың жауабы. «Түлкі мен ешкі» «Тырна мен түлкі» «Түлкі мен қоян» «Арыстан мен түлкі» «Түлкі мен құмыра» Балалар аң таң болып қалады. Есіктен кім кіретінін күтеді. Түлкімен амандасады.Түлкінің әкелген тапсырмаларын орындап, сыйлық алғылары келіп асыға күтуде. Балалар түлкінің тапсырмаларын орындады. Тамаша көңіл- күймен сыйлықтарын алды. Балалар тәрбиешімен және түлкімен қосыла отырып сергіту сәтін жасайды. |
Рефлексті түзету | Балалар енді қонаққа келген түлкімізді шығарып салайық. Рақмет саған түлкіжан,біраз уақыт бізбен бірге болдың. Көріскенше күн жақсы болсын. Сау бол.
Қане балалар орнымызға отырайық. Сонымен қонаққа не келді? Түлкі қандай? Түлкі қандай аң? Өте жақсы балалар. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысып отырдыңдар. Барлығынада жұлдызша беріледі. Осымен сабағымыз аяқтап, келген қонақтарымызға сау болыңыздар айтайық. |
Сау болыңыз
Сыйлығыңызға рақмет Балалар орындарына отырады. Түлкі Қу,айлакер Жабайы аң Балалармен келген қонақтармен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Түсінеді : Жабайы аңдарды жақсы біледі.
Ұғынады: Түлкі туралы түсінік қалыптасады.
Қолданады: Оқу қызмет кезінде сұрақтарға толық жауап береді, сергіту сәтін орындайды,түлкі туралы өлең, тақпақ айтады.