ШҚО, Аягөз ауданы
«7жалпы білім беретін орта мектеп»КММ
Уалиева Рауан Алибековна, қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі
Мұғалімнің аты –жөні: | Уалиева Р.А. | Сабақтың тақырыбы: | Жеміс-жидектен салат жасаймыз |
Пәні: қазақ тілі | Күні: 03.12.16ж. | 2-тоқсан | Сабақ |
4 — сынып | Тізім бойынша: 14 | Қатысқаны:12 | Қатыспағандар:2 |
Оқу мақсаты:
1.Білімділік 2.Дамытушылық 3.Тәрбиелік |
Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде жеміс-жидектер жөнінде толық ақпарат бере білуге машықтандыру.
Тілдік коммуникация барысында интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Топтық жұмыстар арқылы сыныптастарымен достық қарым-қатынас қалыптастыруға тәрбиелеу. |
Сабақ мақсаты | Оқушылардың барлығы мынаны істей алады: жеміс-жидек салаты
жөнінде айтады, сипаттап таныстыра алады. Оқушылардың көбі мынаны істей алады: жеміс-жидектің пайдасы туралы қарапайым сөйлемдер арқылы сипаттай алады, сұрақ қоя алады, сұраққа жауап бере алады. Оқушылардың кейбіреулері мынаны істей алады: ұсынылған мәтін,аудио тыңдалым бойынша ұқсастықтарын салыстырады, өз ойын еркін жеткізе алады, шынайы өмірмен байланыстырып әңгіме құрастыра алады. |