Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты іздесең,
Жат тоқып ал көңілге.(С.Торайғыров)
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлтттық ұранымыз болуы тиіс».
11 сәуір мен 15 сәуір аралығында «Байқоңыр «Космос» колледжінде» ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына орай «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» тақырыбында ұлы ақын шығармашылығына арналған апталық болып өтті.