Қарағанды қаласы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Қалмағанбетова Назгүл Төреқожақызы
Бастауыш мектеп – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Осындай ұлы жауапкершілік тұрғысында ұстаз алдында оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру және жаңа оқу технологияларын тиімді пайдалана білу мақсаты тұрады. Оқу мен тәрбиенің біртұтастығын, сонымен қатар, оқушыны шығармашылыққа жетелейтін алып күш – рухани қасиетті құндылықтардың маңызын айқындайды. Жас ұрпақтың тілін ұстартудағы негізгі пән – әдебиет пәні болып табылады. Әдеби тілімізді бала сөйлеу арқылы меңгереді. Ал қазақ тілі баланың грамматикалық сауаттылығын шыңдай түседі.