Жаңа сабақтар

МАТЕМАТИКАЛЫҚ МАРАФОН

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы. Ө.Қанахин атындағы орта мектебінің мұғалімі Гүлшат ИМАНТАЕВА

Мақсаты: Математика пәнін дене тәрбиесі пәнімен байланыстыру, оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, іскерлікке дағдыландыру, үлкен жетістіктерге жетуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар, карточкалар, спорттық құралдар.

Пәнаралық байланыс: дене тәрбиесі, музыка

Барысы:

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірлі қонақтар бүгін 6 «а», 6 « б» сыныптар аралығында өткелі отырған марафонға қош келдініздер.

Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды

Халық айтса қалт айтпайды

Әрқашанда нанымды, —

деп Абай атамыз айтқандай өмірдің өзі сайыс, әрі ойын.

Шақырамыз келіңдер жарысуға

Күш, өнер, білімменен алысуға

Бар өнерді салайық ортамызға

Қанекей кім кім шығады сайысуға

Сонымен ортаға сайыскерлерді шақырамыз.

Үлгілі тәртіп жақсы оқу

Алға қойған мақсаты

Әрқашанда мектепте

Шығып жүрген жақсы аты

6 « а» сынып оқушыларынан құралған «Бесжұлдыздар» командасын ортаға шақырайық.

Жиналған ылғи дарындар

Жүрегі от боп жалындар

Шоқжұлдыз тобын халайық

Қол соғып қарсы алайық

6 «б» сынып оқушыларынан құралған «Шоқжұлдыздар» командасын ортаға шақырамыз.

Жарысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар.

1.Сазды салем

2.Допты түсірмеу

3.Биатлон

4. Капитандар сайысы

5. Қапшықпен секіру

6. Қорытынды

І. Сазды салем (Армандастар әнімен)

«Бесжұлдыз» тобы

Өнер қуған математик біз жастармыз

Есебіңді лезде-ақ шешіп біз тастармыз

Салауатты өмір салтын ұстанатын

Жарқыраған жұлдыздай

Келешектің үмітіміз біз талапты

Биіктерге самғайтұғын әртарапта 2 рет

Сегіз қырлы біздер, өнерлі де біздер

Спортта да қалыспайтын қырандар

Ұраны. Нақты жауап

Сапалы шешім таба біл.

«Шоқжұлдыздар» командасы / «Тұмарым» әуенімен/

Егеменді қазақтың біз ұланы

Өз туы бар,елтаңба, ән ұраны

Спорт денсаулық кепілі деген ұранды,

Әрқашанда жадымызда сақтаймыз

«Шоқжұлдыз» біздің тобымыз

Есепке де жүйрік біздің қырандар

Достар-ау қарап тұрмаңдар

Қол соғыңдар, бізге демеу болыңдар
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе

Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске

ІІ. Допты түсірмеу: Екі оқушы допты баспен тіреп түсірмей мәреге барып, амалдарды орындауға берілген есепті шығарады немесе сұраққа жауап беріп, кері қайтады допты келесі жұпқа береді.

«Бесжұлдыз» тобына:

1-жұп: 2,4 +7,5

2- жұп: Бір-бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер ………………… деп аталады.

3-жұп:

«Шоқжұлдыз» тобына:

1-жұп: 1,3+5,6

2-жұп: Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық

математикалык марафон.docx

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.