Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы
Приречное ауылы
«Приречное жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
мектеп психологы
Жуниспаева Лаура Ауельбековна
«Өмір сен маған қымбатсың» тренинг.
Мақсаты:
«Өмір», «бақыт» ұғымдарына тереңірек үңілуге ықпал жасау;
Өзінде бар құндылықтарды бағалай білуге үйрету;
Бақытқа қол жеткізе алатынына сенім туғызу;
Өмірге құштарлықтарын арттыру;
Құрал — жабдық: қағаз, қалам
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу
Көңіл — күйлерін сұрау
Ойын ережесі
бір — бірін тыңдау
уақыт үнемдеу
белсенділік таныту
достық қарым — қатынас
жағымды эмоция тудыру
Барысы:
Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.
Оқушылар өз аттарын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады.
Мысалы:- «Өмірдің ағымынан қалмау»
-«ешқашанда білмеймін демеу»
-«қасындағыларға көмектесу»
« Биік шыңға ұмтылу»
Оқушыларға аяқталмаған сөйлем беріледі
Оқушыларға аяқталмаған сөйлемді жалғастыру ұсынылады(парақ таратылады) тақтада сөйлемнің басы жазылған:
Ашық айтқанда, маған әлі қиын…
Ашық айтқанда, мен үшін өте қымбат…
Ашық айтқанда, маған ұнамайды…
Ашық айтқанда, мен қуанамын…
Психолог:
— Біз барлық адамға ойымызды ашық айта аламыз ба?
— қолдарыңды көтеріңдер, кімде сенімді дос бар?
Аутогенді жаттығу.
Тренингке барлық оқушы қатысады.
Оқушыларға мінез туралы ақпарат беру
Оқушылар жұпта жұмыс жасайды (бір — бірлерінің жағымды әрі жағымсыз мінез ерекшелігін айтады)
Ойынның шарты оқушыларға бір парақ ақ қағаздар таратылады. Таратылғаны ақ қағазды оқушылар скочтың көмегімен арқаларына жапсырады. Арқаларындағы жапсырылған ақ қағазға бір — бірлерінің бойындағы жағымды және жағымсыз мінез ерекшелігін және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан дөңгеленіп отырып, арқаларындағы қағазды алып оқиды.
Қағазды жыртпай, өздеріне естелікке қалдырады.
Қорытынды: Оқушылар өз бойларындағы жақсы қасиеттерін мақтан тұтып, жаман қасиеттерін жоямыз деп бір — бірлеріне уәде береді және тілеген тілектеріміз орындалсын деп хошемет көрсетіп (қол соғып) тренингті аяқтаймыз. Оқушылар бүгінгі сабақ жайлы өз ойларын айтып, қолдарынан ұстап тілек айтып сабақты аяқтаймыз.