Жаңа сабақтар

Жеміс және оның түрлері

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы
№ 5 орта мектебінің биология пәні мұғалімі
Жалгасбаева Алтынай Сериковна

Биология

Тақырыбы: Жеміс және оның түрлері

Сыныбы 6 Күні
Сабақтың тақырыбы Жеміс және оның түрлері
Сабақтың мақсаты Білімдік: Тақырыптың мазмұнын меңгерту. Жемістердің түрлерімен таныстыра отырып маңыздылығын ұғындыру. Жемістердің құрылысын, олардың бір
– бірінен ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Жемістердің көптүрлілігін,кездесетін жерлерін және бұрыннан білетін білімдерін кеңейту, Логикалық ойлауын дамыту, сөздікқорын көбейту.

Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу

Күтілетін

нәтижелер

Жемістердің түрлері туралы біліміді іс-жүзінде пайдалану туралы түсінік қалыптасады, құрғақ және шырынды жемістерді салыстыра отырып, маңыздылығын талдай алады
Сабақта қолданатын әдістер Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, диологты оқыту. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Қажетті құралдар Оқулық, слайд «Жемістер» дәптер, флипчарт, маркер, кесінді карточкалар, бағалау парақтары,әртүрлі жемістер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Амандасу.

2.Топқа бөлу.

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

А.Биологиялық диктант.
Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы—(ұрықтану)
Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері — (аталық пен аналық)
Бір гүлдің аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына (қос жынысты
гүл) түсуі — (өздігінен тозаңдану)
Бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі — (айқас тозаңдану).
Қосарлы ұрықтануды ашқан кім? (С.Г.Навашин)
Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктерді атаңдар — (шие,
алхоры, алма ағаштары, лимон, шай, асқабақ).
Жел арқылы тозаңданатын өсімдіктерді атаңдар — (қант қызылшасы, құлмақ, жүгері, қарабидай, қарасора)

Б.Сәйкесін тап.

ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕРІ ДҰРЫС ЖАУАП ТОЗАҢДАНУ ТҮРЛЕРІ
1.Гүлдері өте ұсақ, реңсіз. Б А) Өздігінен

Ә)Бунақденелілер арқылы

Б) Жел арқылы

2.Гүлінде шірнесі бар. Ә
3.Тозаңдану бір гүлдің ішінде болады. А
4.Тозаңдары ірі,сырты кедір-бұдырлы. Ә
5.Тозаңы құрғақ өте ұсақ. Б
6.Гүлі аңқыған хош иісті. Ә
7.Гүлдері ірі,күлтелері ашық реңді. Ә
8. Бітеу гүлдің тозаңдануы. А
9.Гүлдерінде иісі болмайды. Б
10.Майда гүлдері ірі гүлшоғырына жиналған. Ә

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру алдындағы «ой шақыру»

Оқушылардың алдына жемістер алдын-ала қойылады.

Ұрықтану дегеніміз не?

— Тұқымбүршіктен не дамиды?

— Жатыннан не дамиды?

— Жеміс

-Сіздер алдарыңыздағы тарелкадан не көріп отырсыздар?

— өздеріңіз білетін жемістерді атаңыздар.

— қолыңызбен ұстап, дәмін татып жүрген қандай жемістерді білесіздер?

Олай болса біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жемістер»

ІҮ «Жемістер» презентациясын көрсету.

Ү. «Ой дамыту»

1. Топтар бір-бірінежемістер туралыжұмбақтар қояды.

Өзі қызық, Бауырында бар Жалғыз сызық, Бұған жұрттың бәрі де ынтық. Бидай

Қолбасындай ағашта сансыз адам байлаулы, санасаң саны бар, аяғында жаны бар. Жүгері

Ішінде көп балапан етер мекен, Ас қылып сойып жесең балдай екен. Қарбыз

Ұзын-ұзын әулие, онан да ұзын әулие. Тораңғылдың түбінде, теңкиіп жатқан әулие. Асқабақ

Ояғы тау, бұяғы тау, ортасында бұжыр тау. Жаңғақ

Алма дерсің, түсіне қарап, жүгері дерсің, ішіне қарап, татсаң тәтті, бал шәрбәтті. Анар

Өзі қызыл , өзі қызық , Ортасында бірсызық . Шабдалы

Үлпершекке қан құйып , үріп талға байладым. Бүлдірген

Ирек-ирек әкесі бар, желбіреген шешесі бар, тәтті бике деген қызы бар. Шие

Күннен көзін алмайды, мойны бірақ талмайды. Күнбағыс

Аласа талда алуан алма, алқызыл болмай аузыңа салма. Помидор

Болат жапырақ шешесі бар, тәттібике қызы бар, тастай қатты баласы бар. Жиде

2. «Бұны білгенің жөн» пайдалы кеңестер

Жеміс-жидек пайдасы

Лимон. Катарактаның қалыптасу қаупін азай-тады, кіші қан тамырлардың қабырғаларын қа-тайтады. Анемияны және ревматизмді емдеуге жәрдемдеседі. Құрамында С дәрумені 100 грамда 48 мг.

Мандарин. Теріні тазартады. Микробтарды жойып, асқазанды жұқпалы аурулардан сақтайды. Құрамында С дәрумені 100 грамда – 50 мг.

Апельсин. Ағзаны тазалап, қандағы холестерин деңгейін қалыпқа түсіреді. Астың қорыты-луын жақсартады. Құрамында С дәрумені 100 грамда – 65 мг.

Грейпфрут. Науқастанып тұрғаннан кейін және ауыр ой жұмыстары кезінде күш-қуатты қалпына келтіреді. Бауырды тазалап, рак ісіктерінің алдын алады. Құрамында С дәрумені 100 грамда 60 мг.

Өрік.Оны «денсаулық жемісі» деп атайды. Құрамында органикалық қышқылдар, нектин, хош иісті заттар, минералды тұздар (калий,) натрий, кальций, т.б. және коротин бар.

Шіріген жері бар жемісті жемеу

Жемістің дәрумендерін сақтап қалу үшін оны тот баспайтын пышақпен кеседі. Егерде қиярда сары дақтар көп болса, оны пайдаланбайды. Себебі, ол мұнда нитраттардың көптігін таныта

ды. Нитраттарды кетіру үшін қиярды бір күн тұзды суға салып қояды, бірақ та бұлай жасағанда оның дәрумендері жойылып кетеді.

Шіріген түгілі, сәл дақ түскен жемісті жеуге болмайды. Өйткені, кішкене бұзылса болғаны, кез–келген бақша дақылының өнбойында митоксин деп аталатын улы зат түзіледі. Ол зақымдаған тұсты ойып алғаннан жойылмайды. Сол жемісті, көкөністі қайнатып, қайнатпаға (варенье) айналдырса да әлгі улы зат кетпейді. Ал ол бауырды, жүректі зақымдайды, қатерлі ісікке себеп болады.

Жеміс, көкөністі жуып жеу

Тұрмыста жеміс – жидек, көкөністерді жуу арқылы ластан, адам ағзасына зиянды микроорганизмдерден құтыла аласың. Саяжайда өсіп тұрған жемісті сабағынан үзіп алып, жумаған күйде жеудің өзі зиянды. Сенбесеңіз, сол жемісті шағын ыдыста аздаған сумен жуып, оны микроскоппен қарап көріңіз, ішінен адамның іш ауруын да, басқа да сырқаттарды туғызатын құж – құж қаптап жатқан құрттарды (микробтарды) көресіз.

Жалпы, жеміс – жидектерден ауруға, түрлі зиянкестерге қарсы бүркілген түрлі улы химикаттардан жақсылап жуу арқылы ғана арылуға болады. Шетелден әкелінген жемістерді арнайы сабынды суда щеткамен жуып, соңынан таза сумен мұқият шаю қа-жет. Мамандар басқа мемлекеттерден әкелінген жемісті балаларға берер алдыңда 1 сағаттай салқын суға салып қоюға ақыл – кеңес береді. Сонда оның құрамындағы зиянды заттар суға шығады. Ал мұндай алманың қабығын мүмкіндігінше, аршып жеген дұрыс.

Жеміс, көкөністі сақтау

Жеміс, көкөністі ашық күйде сақтауға болмайды. Олай жасаса, біріншіден, олар түсін, екіншіден, өздеріне тән дә-мі мен хош иісін жоғалтады. Сол себепті жеміс, көкөністі шыны ыдысқа салып, желім қалпақпен аузын жауып, мұздатқышта сақтайды. Кейбір көкөністерді (көк жуа, аскөк, т.б.) жақсылап жуып, дымқыл орамалға орап, кәдімгі жұқа қалтаға салып, мұздатқыштың астыңғы қаба-тына қойса, ол бірнеше күн сол күйінде сақталады.

ҮІ. Жаңа ақпаратты қабылдау мен тұжырымдауды ұйымдастыру

1. Венн диаграммасымен жұмыс жүргізу.

Оқушылар флипчартқа Құрғақ және шырынды жемістерді салыстырып, Венн диаграммасын салады.

Құрғақ жеміс Ұқсастығы Шырынды жеміс
Асбұршақ

орамжапырақ

шалқан

меңдуана

үйеңкі

қайың

бидай

жүгері

бақбақ

жаңғақ

гүлжеміс

ұрықтанады

тозаңданады

тамыр

пайдасы бар

витамин

тамақ

тұқым

жасуша

Қызанақ

жүзім

картоп

мандарин

апельсин

лимон

өрік

шие

алхоры

шабдалы

пияз

2. Кесте толтыру

1.Қауашақ 2. Жидек 3. Сүйекті шырынды 4. Дәнек

5.Бұршаққап 6. Жидек тәрізді 7. Алма жеміс 8. Асқабақ жеміс

9.Жаңғақ 10. Бұршаққын

Шырынды жемістер Құрғақ жемістер
1

3

4

5

1

3

4

5

Тапсырма жауаптары

Шырынды жемістер Құрғақ жемістер
1. Жидек

2. Сүйекті шырынды

3. Жидек тәрізді

4. Алма жеміс

5. Асқабақ жеміс

1. Қауашақ

2. Дәнек

3. Бұршаққап

4. Жаңғақ

5. Бұршаққын

3. Топтастыру.

І. а) Сүйекті жеміс б) Жидекті жеміс

1. шие 3. жүзім 5. қызанақ

2. қарақат 4. алхоры 6. Шабдалы

Жауаптары:а) 1,4,6 б) 2,3,5

ІІ. а) Дәнек б) Тұқымша

1. күнбағыс 3. тары 5. өгейшөп

2. бидай 4. бақбақ 6. күріш

Жауаптары:а) 2,3,6 б) 1,4,5

ҮІІ. Рефлексия

Не үйрендім Мен үшін қиын болды Мен үшін қызық

болды

VІІІ. Қорытынды

Бағалау парағы (Әр дұрыс жауап 1 ұпай)

Ұпайы Бағасы
“5”
“4”
“3”

Бағалау парағы

Р/с Оқушыныңаты-жөні Үй тапсырмасы Жаңа сабақ Қорытынды
Биологиялық диктант Сәйкесін тап Кесте толтыру Топтастыру
7 ұпай 10ұпай 10ұпай 12ұпай
1
2
3
4
5
6

Үйге тапсырма §23 оқу

«Менің сүйікті жемісім» тақырыбында реферат жазу

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.