Жаңа сабақтар

Сабақтың тақырыбы: Етістік. Ұлттық ойындар

Құламанова Айгүл Қабылұллақызы

Сабақтың тақырыбы: Етістік. Ұлттық ойындар.
Сабақтың мақсаты.Білімділік.
1.Оқушыларға қазақ халқының ұлттық ойындары туралы мәлімет беру. Сөйлем ішінен етістікті табуды,сөздерге сұрақ қоюға үйрету
2.Дамытушылық:Сөз таптарын ажырата білүін,оқушылардың ойлау қабілетін,тіл байлығын дамыту,байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік:Адамгершілікке, кішіпейлділікке,жинақылыққа,ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі:жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,ойландыру,қызығушылық қабілетін ояту.
Сабақтың көрнекілігі:суреттер,сөзжұмбақ,оқулық,асық,сызба.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сұрақтар арқылы оқушылардын ынтасын сабаққа аудару.
-Бүгін ақпанның нешесі?
-Аптаның қай күні?
-Ақпан айында неше күн бар?
-Қазір қай сабақ басталды?
2.Үй тапсырмасын тексерү.
1-тапсырмадағы диалогті оқып,сұрақтарға жауап беру.
-Төрт түлік малды атап беріңдерші.
-Мал төлдерін кім атап шығады?
-Малдың адамға қандай пайдасы бар?
-Қазақ халқы көлік ретінде қандай жануарды пайдаланады?
3.Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі.
Сабақтың тақырыбын,мақсатын айту.
1.Оқулықпен жұмыс.
2-тапсырмадағы мәтінді оқу,мазмұнын түсіну,сұрақтарға жауап беру.Суреттермен жұмыс.Ұлттық ойындар.
2.Балалар,қазір біз сөзжұмбақ шешеміз.Сол кезде бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.
1.Мал өнімі.
2.Жыл мезгілі.
3.Сүттен жасалатын тағам.
4.Уақыт бірлігі.
5.Әкеңнің әкесі.
6.Ауруды емдеуші.
7.Жыл мезгілі.
3.Балалар,бүгінгі сабағымыздың қонағы мұғалімдер.Мұғалімдер не істеді?келді,отырды,тыңдады.Мен не істедім?сұрадым,сөйледім,түсіндірдім.Сендер не істедіңдер?сәлемдестік,тұрдық,отырдық,жауап бердік.Не аңғардыңдар?Осы сөздердің барлығы іс-әрекетле байланысты.Бүгінгі сабағымыз-етістік тақырыбы.Біз бүгінгі сабағымызда сөйлейміз,оқимыз,жазамыз.” Бәрін білуге ынтылымыз”деген ұранды ұстана отырып,жалғастырайық.
Әтеш оқиды
Дәрігер кісінейді
Оқушы шақырып тұр
Қой боздайды
Түйе маңырайды
Сиыр емдейді
Жылқы мөңірейді
3.Сызба бойынша етістік пен жіктік жалғау ережесін оқып,мысалдар келтіру.
4.Сөз таптарын атап,сұрақтарын жазып мысал келтіру.
5.Блиц-турнир.Қай қатар бір минутта қанша сұраққа жауап бере алатынын тексеру.
1қатар.
1.боз(сын есім)
2.ерінбе(етістік)
3.оқулық(зат есім)
4.икемсіз(сын есім)
5.әсерлі(сын есім)
6.бүркіт(зат есім)
7.суретші(зат есім)
8.әдеміле(етістік)
9.көшеді(етістік)
10.тәтті(сын есім)
11.толқиды(етістік)
12.айнадай(сын есім)
2қатар.
1.оқушы(зат есім)
2.ойнап жүр(етістік)
3.бойшаң(сын есім)
4.инабатты(сын есім)
5.әндет(етістік)
6.алғыр(сын есім)
7.тазала(етістік)
8.гулдей(сын есім)
9.жазушы(зат есім)
10.ойлан(етістік)
11.кең(сын есім)
12.шақырды(етістік)
3қатар.
1.сыйлық(зат есім)
2.еріді(етістік)
3.үтікте(етістік)
4.күйші(зат есім)
5.көк(сын есім)
6.қаранғы(сын есім)
7.қызылша(зат есім)
8.суытты(етістік)
9.бұлттанды(етістік)
10.бұлбұл(зат есім)
11.аппақ(сын есім)
12.ақылды(сын есім)
4.Жаңа сабақты қорытындылау.
-Қане,балалар,сонымен сабақта нені оқып үйрендік?
-Етістік (ережені қайталау,мысал келтіру)
5.Үйге тапсырма беру.Ереже жаттау.3-тапсырма.
6.Оқушыларды бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.