Без рубрики

Металдар

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы қаласы
Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінің
химия пәнінің мұғалімі Орынбасар Әлия

Сабақтың тақырыбы: Металдар
Сабақтың мақсаты:
  Оқушылардың металдар тақырыбы бойынша алған білімін қорытындылау.
Сабақтың тәрбиелік мәні:
оқушылардың шығармашылық біліктілігін дамыту
Сабақтың түрі:
жарыс сабақ
Сабақтың
көрнекілігі: металдар коллекциясы, дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын қадағалау.

Металдар тақырыбын қорытындылау мақсатындағы білім байқауы оқушылар арасында жарыс  (топтық жарыс), танымдық тапсырмаларға құрылған сауалнама сұрақтар қою, сұрақ-жауап немесе дидактикалық ойындар арқылы өткізілді. Сынып үш топқа бөлінді.

І. Сауалнама сұрақтары:

Сіздер қандай металдарды оқыдыңыздар?

Ж.И.Менделеевтің периодтық жүйесінен металдардың орнын көрсетіңіздер.

Металдардың химиялық қасиеттерін атаңыздар.

Металдардың физикалық қасиеттерін атаңыздар.

Ұлы Отан соғысында қару-жарақ ретінде қандай металдар қолданылды?

ІІ. Байқаулар.

Сіз металл қосылыстарын білесіз бе?

HCl, MgSO4, CaO, CuCl, Fe2O3, AlPO4, H2CO3, MgO, HF, Fe(OH)2, Al2(SO4)3, Mg(OH)2, H2O, Fe(OH)3, Al(NO3)3, MgCl2, Al2S3, MgCO3, Fe2(SO4)3, MgSiO3, NH3, ZnCl2, Al2O3, Na2O.

Тапсырма. Магнийдің (І оқушы), темірдің (ІІ оқушы), алюминийдің (ІІІ оқушы) қосылсытарын теріп жазыңыз.

Әр топтан бір оқушыдан (ІІІ оқушы) шығады.

ІІІ. «Үшіншісі артық» ойыны.

Тапсырма. Берілген класқа жатпайтын затты сызып тастаңыз. (әрбір топтан бес оқушыдан шығып, эстафеталық ұстаныммен орындады) .

Li2ONH3KOH

Na2SO4

CuO

CaCO3

SO2MgCl2Fe(NO3)3

H2SO4

BeO

CaSiO3

Al2O3FeCl3Fe(OH)3

ZnCl2

N2O5

K2SiO3

ІV. «Химиялық лото» сайысы.

Металдың химиялық қасиеттеріне негізделген лото ойыны.

Тапсырма. Ойын картасында заттардың 12 комбинациясы және 12 сәйкес реакциялардың шыққан өнімдері жазылған карточкалар берілген. Осы реакцияларды сәйкестендіріп коэффициенттерін қойыңыздар.

Fe+Cl2 = Zn+ H2SO4= 2Na+Cl2=
K+H2= 2HCl+Mg= Ca+N2 =
CuSO4+Fe= Al+S= Mg+O2=
Fe+HCl= 2HBr+Mg= Na+HOH=

Al2S3

Ca3N2

KH

MgCl2+H2

MgO

2 FeCl3

 

2NaCl

NaOH+ H2

FeCl2 +H2

 

MgBr2+ H2

ZnSO4+ H2

FeSO4+Cu↓

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V. «Химиялық эстофета» сайысы.

Тапсырма. Берілген сызба-нұсқаны пайдаланып, сәйкес химиялық реакциялардың теңдеулерін құрыңыздар, алынған заттарды атаңыздар.

Mg→MgO→Mg(OH)2→MgCl2

Ca→CaO→Ca(OH)2→CaCO3→CaO

Fe→Fe2O3→Fe(OH)2→Fe(OH)3→FeCl3

Әрбір топтан бір-бірден оқушы шығып жазады.

Әрбір дұрыс жазылған химиялық теңдеуге, топқа І балдан қойылады.

VI. «Металдарды ақындар да жырлаған»  сайысы.

Оқушылар металдар туралы тақпақтар айтып, жарысты.

Темір.

Дір еткізіп маужыраған даланы,

Тау-тастары көкке атылып барады.

Динамитпен жер қопарып адамдар,

Қойнауынан асыл байлық алады.

Күміс.

Түрлі элемент-металдарды бағалы

Көктен емес, жерден іздеп табады.

Бар әлем мен табиғатты билеген,

О, металдар, құрметтейік адамды.

Алюминий.

Зауытында адамның,

Жалтылдаған өң алдым.

Сол адамның қолында,

Құлу болып жаралдым.

Алтын.

Ардақтымын жасыңа да, кәріңе.

Дүниенің менмін көркі, әрі де.

Толықсыған толған айдай жарықпын.

Өлшемімін барлық баға, нарықтың.

Мыс.

Мадақта да жырла, металл, тірлікті,

Адам саған жан сап қойды, тіл бітті.

Жер –Ананың құрсағынан шықсақ та,

Өңдеп бізді, кескенде адам кіндікті.

VII. «Шаршылар мен нөлдер» сайысы.

Be N Na
C Mg Si
Al Cl Fe

А)                                                      ә)                                                               б)

Zn Cl Al
Be Mg Ca
     Si S Na
Mg Ar Ni
Na Zn Cu
Cl Ba Zn

       

 

Тапсырма. А) негізгі топша элементтері. Ә) периодтық жүйеде қатар орналасқан элементтер. Б) бір периодтық элементтері орналасқан торкөздерді шаршылай (крест-Х) сызып, ал сәйкес келмейтіндерге нөл қойыңыздар.

VIII. «Элементке сипаттама бере аласыз ба?» сайысы.

Топ жетекшілері «Мен қандай элементпін» тақырыбымен магний, кальций, алюминий элементтеріне сипаттама береді.

ІХ. «Біз металдар туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?» сайысы.

1.«Темірді қызған кезінде соқ». 2. «Алтын-күміс тас екен, арпа-бидай ас екен». 3. «Жылтырағанның бәрі алтын емес». 4. «Темірсіз халық, тұзсыз тағам болмайды». 5. «Егер сен нағыз адам болсаң, болаттай берік бол». 6. «Ас сөз алтын, көп сөз күміс» . 7. «Ақыл арымас, алтын шірімес». 8. «Алтынды еіте білген ірітер, теріні илей білмеген шірітер». 9. «Мылтықтың күмісін айтпа, тиісін айт». 10. «Аспанда ай әкім болса, жердегі адамның әкімі күміс».

Х. «Кім жылдам» сайысы (сауалнама сұрақтары).

1. Ең жеңіл металл (литий)

2. Ең ауыр металл (осмий)

3. Ең тез балқитын металл (цезий)

4. Ең қиын балқитын металл (вольфрам)

5. Шаршамайтын металл (бериллий)

6. Латуньның құрамына кіретін металл (мыс, мырыш)

7. Ауада жанатын сілтілік металл (цезий)

8. Қанның құрамына кіретін металл (темір)

9. Қандай металды Чернишевский социолизм металы деп атады? (алюминий)

10. Жеті ғаламшарды алхимиктер жеті металға теңеген. Осы жеті металды атаңыздар. (алтын, күміс, мыс, темір, қалайы, қорғасын, сынап)

11. Қандай металдарды «Салқын сумен» жандыруға болады? (калий, рудий, франций, цезий)

12. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік металл (калий)

13. Өнеркәсіптің негізгі металы (темір)

14. V-топтың элементі, металл (виямут)

Қай топтың оқушылар тез жауап берсе, сол топқа үш ұпай қосылады.

ХІ. Металдар – әскери істе (хабарламалар).

Темір. Жер шарындағы соғыс кездерінде темір орасан көп мөлшерде жұмсалады. Бірінші дүниежүзілік соғыста 200 млн. тоннадай болат. Екінші дүниежүзілік соғыста – 800 млн. тонна болат жұмсалды. Соғыстың соңғы үш жылында 60 мың қару, 1 млн.  350 мың қол және станокты пулеметтер  6 млн-дай автоматтар шығарылды.

Мырыш. Мыс пен мырыштың құймасы – латунь, қысыммен жақсы өңделеді, жоғары созылғыштық қасиеті бар. Оқ –дәріден шығатын газдардың жойқын күштеріне жақсы кедергі бола алатын қасиетіне қарай латунь патрондардың гельзаларын және артеллерия снарядтарын жасауға пайдаланылады.

Титан. Трубореактивті двигательдер өнеркәсібінде, космос техникасында, артеллерияда, кеме жасау саласында атом және химия өнеркәсібінде қолданылады.

Қорытынды. Оқушылардың жинаған ұпайлары бес балдық жүйемен есептеледі. Ұпай саны бойынша қазылар алқасы, мүшелері жеңген топ пен топ жетекшісін анықтады. Байқау барысында қазылар алқасы оқушылардың жауаптарына, олардың белсенділігіне көңіл аударып, арнай есеп жүргізіп отырды, соңында әрбір оқушыға баға қойылады, сыныптағы үздік химиктер анықталды.

Білім байқау сабағы оқушыларды ұжымдасып жұмыс істеуге жұмылдырып, белсенділіктерін арттырады, жылдам қимылға, ұшқыр ойлауға дағыландырады.

 

Металдар: 1 комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.