Жаңа сабақтар

ТҰЛҒАНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ-ПАТ РИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕНУІНЕ ҚАЖЕТТІ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖЕТІЛДІРУ

Петропавл қаласы
«Ашык Аспан» бөбек-балабақшасының меңгерушісі
Жалмурзина Г.К.

Рассматриваются пути репшения формирования духовно-нравственного воспитания и гражданского патриотизма индивидуальной личности для изучения инклюзивного знания.

We consider ways to address the formation of spiritual and moral education and civic patriotism of individual personality for the study of inclusive knowledge.

Қазақстан Республикасы өркениетті елдер қатарына қосылу жолында саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістермен қатар білім саласындағы басты мәселе – келешек ұрпақты заман талабына сай интеллектуалы жоғары, мәдениеттілігі имандылығымен ұштасып жататын елжанды азамат етіп тәрбиелеу.

Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру.

«Тәрбие — ұлағатты іс», — деп ұлы ойшыл Әл-Фараби айтпақшы, тәрбие қызықты қиын өнегелі бала болашағына жол сілтейтін ғажайып жұмыс.

Өнер – адамзат баласының рухани байлығы. Өнердің кәусар туындысы халық өмірінің терең және мөлдір қайнарларынан шымырлап шығады да, сол халықтың өзінің рухани сусынына айналады. Шәкірттің бойында отаншылдық сезімнің оянуына түрткі болып, ұлтжандылықтың ұғымын себетін пән — әдебиет. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі баийды, туған тілін сүюден елін, ұлтын сүю, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Әдебиет – рухани, жан байлықты дамытудың пәрменді құралы. Отансүйгіштік, ұлтжандылық, адамгершілік қасиеттердің жас ұрпақ бойынан табылуы ана тілімізбен, әдебиетімізбен даритыны заңдылық.. Әдебиет пәні арқылы берілетін рухани білім «тағдырымыздың тынысы болатын» төрт тіректің (туған жер, тіл, салт-дәстүр,тарих) негізінде қарастырылады.

Kynanbayeva-gylzhan-tylganyn-adamgyershilik-rukhani.zip

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.