Жаңа сабақтар

Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
«Жаңаталап орта мектебі» КММ
Тарих пәнінің мұғалімі
Тумурбаатар Жайнагуль

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету. Абылайды осындай дәрежеге көтерген деректерді ашу;
Дамытушылық: Оқушылардың өздіктерінен жұмыс істеу арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту:
Тәрбиелік: Абылай хан бейнесі арқылы оқушыларды туған жеріне, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Негізгі түсініктер: саяси және мемлекеттік қайраткер, ішкі және сыртқы саясат, Қазақ хандығының Ресеймен, Жоңғариямен, қырғыздармен қарым — қатынасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару. Сыныппен амандасу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
«Қазақ — қалмақ қатынастары» тақырыбы бойынша тарихи оқиғалардың хронологиялық тізбесіне көңіл аударайық:
1628ж.
1697ж.
1723ж.
1726ж.
1771ж.
Жауаптары: 1628ж.- Ойрат тайпалары Торғауыттар қазақ даласы арқылы батысқа қарай көшіп Еділ бойына дейін жеткен. Содан бастап Еділ қалмақтары деп аталды.
1697ж.- Орыс патшасы I Петр Аюкеге Ресейдің шығыстағы шептерін қорғауды ресми түрде міндеттеді.
1723ж.- Әбілқайыр хан қыркүйектің бас кезінде қазақтар мен қарақалпақтардың 20 мың қолдық әскерін бастап, Еділ қалмақтарына жорық жасады.
1726ж.- Әбілқайыр хан 10 мың қолдық әскерімен Еділ қалмақтарына жаңадан жорық жасады. Ол жорық өзара келісім жасаумен аяқталды.
1771ж. – Кіші жүз, Орта жүз, Ұлы жүз қазақтары «Шаңды жорық» шайқасына жаппай қатысты.
Сұрақ: Мойынты өзенінің бойында 50 мың адамдық жасақ бастап қалмақтарды қоршап алған сұлтан – Абылай
ІІІ. Жаңа сабақ: Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы.
Жоспармен таныстырып әр топқа тақырыпты үлестіру:
1 — топ Абылайдың қолбасшы, саяси қайраткер ретінде қалыптасуы
2 — топ Абылай хан кезіндегі Қазақ хандығы. Ресей және Қытаймен қарым — қатынас.
3 — топ Абылайдың қазақ тарихында алатын орны
Топтады алтын ережелермен таныстыру, бағалау парағын топ басшыларына жүктеу
Әр топқа тапсырма:
1. Мәліметтерді оқу
2. Топта талдау
4. Топтан 2 оқушы қорғау
5. 15 минут уақытта аяқтау
6. Жұмысты қорғау 3 минут

Негізгі мәлімет

1711 ж — Әбілмансұр дүниеге келді

1741-42 ж – Жоңғар тұтқынында болды

1771 ж – Үш жүздің ханы болып сайланды

1778 ж – Ресей империясы Орта жүздің ханы деп тағайындады

Сандар сөйлейді.
1.808+903=1711 Абылай ханның дүниеге келген жылы.
2.535+536+70*10=1771 Түркістан қаласында үш жүздің ханы
болып сайланды.
3.889*2=1778 Патша үкіметі Абылайды орта жүздің ханы деп
жариялады.
4. 500*2+391+390=1781 Абылай хан қайтыс болды

ІV. Қорытынды:

VI. Үйге тапсырма.
Абылай хан жорық жасаған елдер мен аймақтарды картаға түсіріңдер. Абылай ханның өмірі мен қызметі жөніндегі шығармаларды оқу, біліп келу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.