Жаңа сабақтар

XX Ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу. Тарихи жағдай. Әдебиеттегі бағыттары

Атырау қаласы, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы 4 курс студенті

Дәулетова Арайлым Төлепбергенқызы

Тақырыбы: XX Ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу. Тарихи жағдай. Әдебиеттегі бағыттары

Сыныбы: 9

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: XX ғасыр басндағы қазақ әдебиетіне шолу. XX ғасыр басындағы ақын жазушылардың өмірі, шығармашылығымен таныстыру.

Тәрбиелілігі: Өжет, қайсар болуға, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Тілдік қорын, ақыл ойын дамыту, дүниетанымын кеңейту.

Сабақтың әдсі: Сұрақ жауап, түсіндіру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың жүрісі:

I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен сәлемдесу. Сыныпты түгендеу,Құралдарын тексеру. Зейіндерін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы. Қара сөздері.

III. Жаңа сабақ

Мұғалімнің түсіндірмесі. XX ғасыр әдебиеті туралы түсінік.

XX ғасыр басындағы әдебиеттің дамуына қазақтың бай ауыз әдебиеті үлгілері, жыраулардың жалынды жырлары, сондай-ақ XIX ғасырдағы халық ақындары шығармалары игі әсер еткені сөзсіз. Бұл кездегі әдебиеттің жаңа бағыт, тың серпін алуына ұлы Абай дәстүрінің ықпалы ерекше болды. Абайдан кейінгі ақындардың оған өлең арнап, өз ұстазы тұтуы да сол себеп болса керек.

XX ғасырдың басындағы Нұржан Наушабаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шәңгерей Бөкееев, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақіп Дулатов, Мағжан Жұмаабаев, Мұхтар Әуезов, т.б ақын жазушылардың шығармалары әдебиетіміздің сол кездегі дамуын көрсете алады.

Ақын жазушыларымызға тоқтала кететін болсақ, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1857-1931) Павлодар облысы Баянауыл ауданы Найзатас деген жерде дүниеге келген. Ол ойшыл, этнограф, тарихшы, фольклортанушы, философ, ақын қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтаушы.

Дастандары: «Гүлшат Шеризат», «Шайтанның саудасы», «Ғибратнама», «Баяннама»

Нұржан Наушабаев (1859-1919) Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Құттық ауылында дүниеге келген. Парсы, араб, тарат, башқұрт тілдерін білген. Нұржан назира өлеңдерді көп жазған. Ақын мұраларында терме, мақал, толғау, айтыс, өлең, мысал, жұмбақ, лирикалық өлеңдер мол.

Мұхамеджан Сералин (1872-1929) Қостанай облысы, Қарабалақ ауданы, Өрнек ауылында дүниеге келген. Ол қоғам қайраткері, жазушы, ақын, публицист, журналист.

М.Сералиннің алғашқы поэмасы «Топжарған» (). Ол тарихи шығармаға жатқызылады. «Бай патша, һәм кедей», «Бай, қасқыр, аішы» т.б. өлеңдері бар.

XX ғасырдың бас әдебиетінде өлең мәдениетіне ерекше талғаммен қарап, поэзияның алуан түрлі жанрларынан мұра қалдырған ақындардың бірі Тұрмағамбет Ізтілеуов. (1882-1939)

Қызғалдақтай ұл қызды,

Сәнім десе болады.

Көктемдегі төл даусын,

Әнім деуге болады.

Шөлдеп әшкен сусынды,

Балым десе болады.

Ойлы туған жігітті,

Ғалым десе болады, — деген сияқты қазақтың жанына жақын, тәлімді, өнегелі, жолдар ақын мұраларында көптеп кездеседі

IV.Жаңа сабақты бекіту.

Шығармашылық тапсырма.

1.Сәйкестендір: Қай шығарма, қай ақындікі?

«Сарыарқаныі кімдікі екендігі» С.Торайғыров

«Манзумат қазақия» Н.Наушабаев

«Гүлқашима» С.Көбеев

«Кім жазықты» М.Ж.Көпеев

«Қалың мал» М.Сералин

2.Ақын шығармашылығы.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Нұржан Наушабаев

Шәңгерей Бөкеев

Мұхамеджан Сералин

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Ахмет Байтұрсынов

Спандияр Көбеев

V.Қорытындылау.

VI.Үйге тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.

VII.Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.