Бастауыш сынып

«Таныстырған 42 әріппен, Қош бол, менің қасиетті Әліппем!»

Қызылорда облысы. Қармақшы ауданы .
№29 Т.Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебі.
бастауыш сынып мұғалімі Гулмира Жалгасбаева

Тақырыбы: «Таныстырған 42 әріппен, Қош бол, менің қасиетті Әліппем!»

Мақсаты:  Оқушылардың сауат ашу кезеңіндегі  білімдерін тиянақтап бекіту. Мәнерлеп оқуға, әдемі байланыстырып жазуға, сөйлеуге, туған халқымыздың әдебиеті мен мәдениетін сыйлап құрметтеуге үйрету.

 Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, бүктемелер, гүлдер, шарлар.

 Әдісі: Ойын, сұрақ-жауап.

 Барысы: 1.Ұйымдастыру.

 

2.Негізгі бөлім:

1.Мүғалімнің кіріспе сөзі.

2.Оқушылардың әдеби-әуезді қойылымы.

3.Интерактивті тақтамен жұмыс.

А. «Менің Отаным – Қазақстан»

Ә. «Менің Отбасым»

Б. «Оқу құралдары»

В. Аңдар мен жануарлар

4.Тілек айту. (Ата-аналар мен мұғалімдер)

5.Қорытынды.

 

1-бастаушы

Қуаныш бүгін мереке ,

Шуағын шашып тұр әлем.

Тойға келген қуанып,

Қонақтар сізге мың сәлем.                                                                Мадияр

 

2-бастаушы

Құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар, қадірлі қонақтар. Біз бүгін еліміздің тәуелсіздігіне 20жыл толуына тарту ретінде, әліппедегі 42 әріпті танып, өзіміз жазып, өзіміз оқи алатын дәрежеге жеттік.

Қайырлы күн халайық,

Әсем бір әнге салайық.                                                                     Диана

 

1-бастаушы

Армысыздар ардақты ата-аналар, аяулы ұстаздар.

 

Шашу шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың,

Бастаңғысын жасайық.                                                                   Мадияр

 

Шашу шашылады.

 

2-бастаушы

Егемен елдің ұрпағы ,

Намысын ер боп жыртады.

Алтын күн аспан астында,

Еркіндік әні шырқалды.                                                               Мадияр

1-бастаушы

Көк аспандай көгілдір ,

Қазақстан байрағы.

Тұрса күндей төгіп нұр,

Жандарымыз жайдары.                                                                   Диана

Қазақстан Республикасының көк байрағы жоғарыда қалықтасын.

 

Хор: «Менің Қазақстаным».

 

№3 Шаршамай өсірген,

Қатемді кешірген.

Қадірлі ата-анам,

Мен сенің көшірмең.                                                                Қуаныш

№4 Күн сыйлар ем, күнге барар жол қайда,

Гүл сыйдар ем, гүлім солып қалмай ма.

Бәрінен де жұдырықтай жүректен,

Әсем әнді сыйға тартсам болмайма                                        Гүлім

 

Хор: «Анашым»

№5.Ата-анамнан кейінгі

Жақыным сенсің мектебім

Ержеткенге дейігі

Ақылшым сенсің мектебім                                                      Нұрғалым

№6 Біліміңді аяма

Ата-анаңдай аяла

Мектеп-анам болмаса

Мен құшақты жаям ба.                                                            Ұлболсын

№7 Оқып сыннан өтемін

Мақсатыма жетемін

Сыйлығы ол тек сенің

Аяулы алтын мектебім

 

Мұғалім: — Балалар, біздің мектебіміз кімнің есімімен аталады? Т.Ізтілеуов кім?

 

№8.Ұлдарым қолыңа ал қаламыңды,

Білім біл, ойынға қой алаңыңды.

Білімді қатарыңнан бола қойсаң,

Білерсің жолдас-жора жараныңды.                                        Раушан

№9.Мектебің мынау класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кірерсің ,

Таудай болып шығасың.                                                         Нұрдәулет

 

Би:  «Мектеп вальсі».

 

№10.Балғын шақта келіп едім,

Бал қызыққа еніп едім

Тағдырымның билігінде,

Сеніп сізге беріп едім.                                                          Қарақат

№11.Ұстазым деген ұлы сөз

Жүректің берген бағасы.

Мұғалім ұстаз бола алса,

Баланың көп қой данасы.                                                    Нұрымжан

№12.Ұстаздар ұлттың тірегі

Ұстаздар мектеп жүрегі

Ұрпаққа жетер ұстазбен,

Халықтың ұлы тілегі.                                                          Меруерт

№13.Ұстазым Гүлмира апай сая бағым ,

Сен мені өз балаңдай аяладың.

Адал бол, әділ бол деп тәрбиелеп,

Ең жақсы шәкіртім деп бағаладың.                                      Нұрсұлтан

 

Хор:  «Мұғалім – ол  біздің».

 

Мұғалім: — Балалар мектепке алғаш келгендегі ұстаздан кейінгі ақылшыларың кім болды?

 

Хормен:   Болашаққа жол ашар,

Жақсылыққа жол бастар.

Ол сүйікті – Әліппе!

Олай болса сүйікті әліппемізді ортаға шақырайық.

 

Хор: «Әліппе».

 

Әліппе

 

Армысыздар жас достар

Армысыздар ата-ана

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаңа.

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық

НЕ үйрендік, не білдік

Қәне ортаға салайық.

 

1-бастаушы: — Әліппе біз сіздің әріптеріңізбен толық танысып болдық, дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап , жүргізіп оқуға, жазуға үйрендік. Бүгін міне өзіңізбен шынындада қоштасуға жиналып тұрмыз.

 

Әліппе: — Түу уақыттың жүйрігін –ай. Шынымен менің әріптерімді толық үйреніп болдыңдар ма? Мендегі әріптердің өзіндік орны бар еді. Ол туралы не білесіңдер?

 

№14.Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым анасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.                                                                   Азамат

№15.Алфавиттер шығыңдар,

Орындарыңа тұрыңдар.

Бастайық қәне айтысты,

Жібермейік айтысты.                                                                  Нұрдәулет

№16.Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында,

Байқадың ба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші.

 

А деген ол аналар ғой ардақты

Ә деген ол әжелер ғой салмақты.

Б  деген ол балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі кәделі

 

Хормен: Сондықтан да алшақ кетпей расында,

Тұрады олар алфавиттің басында.                            Раушан, Шұғыла, Қуаныш.

 

№17. Ғимарат көп ғаламда

Ғаламат көп ғаламда.

Ғылым қуып жалықпай,

Ғалым болам қалайда.                                                                Қорған

№18.Ерлер аңсап еркіндік

Ел болуға бекіндік.

ЕҢсесі биік елімнің,

Елордамыз –жер кіндік.                                                             Раушан

№19.Ж дегенім жемістер

Жасыл бақтан жеміс тер

Жүзім –жидек көп өнсін

Жиын терім көбейсін.                                                                Азамат

№20.Ислам дінім тірегім,

Иманға толы жүрегім.

Имансыздан сақтанып

Ибалы болып жүремін                                                              Айғаным

№21.Рәміздерім елдігімнің белгісі,

Білу керек баладағы ең кіші.

Рәміздерім -Әнұран, Ту,Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.                                            Дильназ

№22.Парызың ақыл қосу кішіге

Парызың сәлем беру кісіге.

Парызың халін сұрау ауырса,

Парызың көмектесу бәріне.                                                      Гүлім

 

«Менің Отаным – Қазақстан» слайд көрсету.

 

Мұғалім:

1.Біз қай мемлекетте тұрамыз?

2.Тәуелсіздікті қай жылы алдық?

3.Рәміздерді кім атайды?

Отан   дегеніміз не?

№24. Отан-анам,

Отан-әкем,

Осы сөзім қәте ме екен,

Қәте болса ,неге біздер

Дейміз оны «Атамекен»                                                           Нұрғалым

№25.Отан-әжем, Отан –анам,

ОЛ бекерге айтылмаған

Атам,әжем,әкем,анам,

Төртеуі де Отан саған

Мақтанамын Отаныммен

Отаныма ботамын мен.

№26.Сөз басынан табылар,

Таңба емеспін бағы бар.

И менУ-ды тіркемей,

Мені жөндеп танып ал.

№27.Қос дыбыстың бір өзім

Атқарамын қызметін.

И менА қатар тұрмаса,

Я-ны дұрыс білгенің.

 

Әліппе: — Ой, бәрекелді, балалар. Әріптерімді толық меңгеріпсіңдер, басқа сабақтарың қалай өтуде?

 

№28.Мектептің әдемі ғой бар сабағы,

Қызық-ау әсіресе ән сабағы.

Бір топ қыз Шара болып би билесе,

Шұғыла Күләш болып ән салады.                                           Диана

 

Шұғыла «Анашым»  әнін орындайды.

 

№29.Қош бол құтты Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің                                                             Азамат

№30.Өзім оқып кітапты,

Жалынбадым ағама.

Қуанды анам оқудан ,

Алған бестік бағама.

Қош бол құтты Әліппем,

Тіл тұсауын кестің сен.

Аяулы анам болып сен,

Айыбымды кештің сен                                                            Жеңіс

 

Әліппе:- Ой балалар, сендерге көп рахмет. Әріптерді танып тақылдап сөйлей алатын болыпсыңдар. Енді әрі қарай өз орнымды басатын, сауатты жазып, мәнерлеп оқуға, үйрететін досымды — Ана тілін таныстырайын.

 

Ана тілі.

Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі ой өсіреді.

Қазіргі таңдағы ана тіліміз мемлекеттік тіл болып отырған – қазақ тілі. Сондықтанда ана тілімізді қадірлеуіміз керек. Тілді құрметтеу, өз елінің әдет – ғұрпын құрметтеу деген сөз.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Құрметті оқушылар, әліппеден кейінгі достарың мен боламын.

 

Ақыл ойын дананың

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.                                                             Меруерт

 

Ана тілім ұраным,

Ана тілім құралым.

Ана тілім болмаса

Болмас еді тұрағым.                                                                Ұлболсын

 

Алыстан алаш десе аттанамын,

Қазақты қазақ десе мақтанамын.

Болғанда тілім қазақ, дінім қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын.                                     Ұлпан

 

Хор: «Атамекен».

 

Мұғалім сөзі: — Ал балалар білім негізін қалап берген әліппемізді қимастықпен шығарып салайық.

 

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз                                       Шұғыла

 

Хор: «Қаламсап».

 

Енді міне сағымдай өте шықты ,

Төрт ай уақыт аз ба екен кім біліпті.

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел танымас азамат бір-бір мықты.                                       Мадияр

 

Хор:  «Біздің келер шамамыз»

 

Әліппе: — Балалар мен сендерге ризамын.

Білекке сенген заманда

Ешкімге есе бермедік.

Білімге сенген заманда

Қапы қалып жүрмелік,- деп үш жүздің басын біріктірген Абылай хан айтқандай, қапы қалмай білімді де, білікті ұрпақ болатындарыңа сенемін.

Қош сау болыңдар.

 

Хормен: «Қош сау болыңыз, Әліппе!»

 

Ана тілі

Біздің сынып тамаша,

Көз тоймайды қараса,

Он қыз, он ұл сыныпта

Күнде түгел санаса.

Сабақтан еш қалмайды

Нашар баға алмайды,

Шаршамайды мұғалім,

Әр бала өнер таңдайды.                                                       Раушан

 

Бір топ оқушылар: «Қара жорға»  биі.

 

Көлге айналған бұлақтың,

Қайнар көзін көріп пең.

Том-том қалың кітаптың,

Басы болар Әліппең.                                                            Айғаным

Мектеп кеме білім- теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда

Ұстаз берген білім қолда.                                                   Алпамыс

 

Бірін-бірі сүйеді адам біткен ,

Жауласа да алады жамандықпен.

Жалған сөйлеп еш адам көрмес еді

Бәріне бітсе жүрек сізге біткен,-дей отырып 20 жылдан астам уақыт басшылық қызмет атқарып келе жатқан мектеп директоры Д.Әмзебековаға сөз кезегін береміз.

 

«Ел қорғауға әзірміз»                                                              Мадияр, Нұрсұлтан.

 

Тартса екен тектілігің ұрпағыңа,

Қонса екен көсемдігің ұлдарыңа.

Сезімтал , ақынжанды Зәрипа апай,

Той тойлап жүре берші ортамызда. Сөз кезкгін Зәрипа апайға береміз.

 

Бір топ қыздардың орындауында «Қуыршақ биі»

 

Жаңа заман басталды

Жалындаған 20 жылдың жастары

Сапалы білім ісі үшін,

Бастауышты Мәди апай басқарды.

 

Хор: «Ұстазым» әні

 

Баладан қалған екен сізге бақыт,

Түсірген жүзіңе әжім тылсым уақыт.

Немере-шөберелер аман болып,

Қызығын көре берші жүзден асып деп ата-аналарға сөз кезегін береміз.

 

Мен бүгін бұрынғыдан саналымын,

Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім

Дәптерімнің кей-кездегі шимайлары,

Аккөңіл алты жасар балалығым.                                              Алпамыс

 

Білім басы Әліппемен қоштасамын

Өзіңдей Ана тілмен достасамын.

Құт болғай Әліппемен қоштасар сәт,

Қол жайып үлкендерден бата аламын.                                     Нұрсұлтан

Қол жайып  бата аламын үлкендерден.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.